Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Алашым- ардағым менің
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Елім деп соғар жүрегім
Жоспар:
-
Кіріспе
-
Негізгі бөлім
-
Қорытынды
«Ұлтқа қызмет ету, білімнен емес, мінезден» деп Алаш көсемі Алихан Бөкейханов айтқандай біз тәуелсіз қазақ елінің жастары ең бірінші бойымызға отансүйгіштік сезімін сіңіре білуіміз керек. Бабаларымыздың табан ет, маңдай терін сарып етіп, жаумен қасық қаны қалғанша күресіп, қол жеткізген тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, ұлтқа адал қызымет етіп, еліміздің ғұмырын мәңгілік ету біздің басты борышымыз. Еліміздің әрбір азаматы ұлт үшін жанын беріп, көк туымызды көкте желбірететіндей мықты азамат болып өсуі керек. Сол үшін, өсіп келе жатқан жас буынды отансүйгіштікке, яғни патриотизмге, елі үшін аянбай қызмет қылуға тәрбиелеуіміз керек.
Әрбір адам ең алдымен өз ұлтын сүю керек, сол арқылы басқа ұлтқа да құрметпен қарауды үйренеді. Бұл ойдың астарында үлкен гуманистік тәрбие жатыр. Өз ұлтын шынайы сүйе білмеген адам, басқа адамдардың ұлттық мәдениетіне, дініне, тіліне құрметпен қарай алмайды. Осыдан барып, адамдар арасында ұлтаралық араздық оты түсуі мүмкін. Мұның өзі үлкен мәселеге апарып соғары сөзсіз. Яғни, әлем халықтарының да бір-бірімен тату-тәтті, бейбіт өмір сүруі үшін де ұлтты шынайы сүюден басталатынын айқын аңғаруға болады.
Біздіңеліміз 2050 жылы әлемдік дамыған отыз елдің қатарына кіруді алдына мақсат етіп қойды. Бұл мақсатқа жету жолында, біздің мемлекетіміз ғылым, білім, сәулет өнері және техникасымен ғана алға шығуды ғана ойлап қоймауы керек. Сонымен қатар ұлттың рухани имунитеті де мықты болуы керек. Сол себепті де елбасымыз өткен жылы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Онда елбасымыз, «Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдің экономикасын аяққа тұрғызуды бірінші кезекке қойдық. Ендігі кезек күттірмейтін мәселе – ұлт руханиатының қайта түлеуі» деген болатын. Осы мақаласының жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қосымша жариялады. Онда ұлттық тарихымызды қалай түгендеуіміз керек екендігі айтылған. Сосымен қатар 2019 жылды да «Жастар жылы» деп атауы да тегіннен тегін емес. Осылардың барлығын қарап отырсақ, қазақ жастарының бойында отансүйгіштік сезімін қалаптастыруға бағытталған негізгі қадамдар екенін аңғарамыз.
ұлтшылдық – туа бітті қасиет. Ол әр адамның жүрегінде, қанында, ми қыртысында жатады. Алайда, ұлтшылдық ұраны ұлттың басына ауыр жағдай түскенде ғана көтеріледі, сол арқылы халықтың басы бірігіп, өздерін сақтап қалу мүмкіндігіне ие болады. Қазақ халқы өзінің аз ғана ғасырлық тарихында ұлтшылдықтың үш кезеңінен өтті деп ойлаймын. Оның біріншісі – қазақтардың халық болып қалыптасу кезеңі. Мен тарихшы емеспін, бірақ бұл кезеңнің жылнамасы - «Батырлар жыры» деп білемін. Ұлтшылдықтың екінші кезеңі – Жоңғар шапқыншылығынан басталып, кешегі тәуелсіздікке дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл – басқа елдің бодандығына қарсы күрес жылдары мен бодандықтан азат болу жолындағы ұлт-азаттық күресі. Ұлт ретінде сақталып қалу күресі екі ғасырға созылды. Ал 20-ғасырдың басынан басталып, «Алаштың» саяси күресіне ұласқан үшінші кезең – қазақ ұлтының жеке мемлекетін құру жолындағы күрес кезеңі болды. Бұл кезең 1991 жылға дейін созылды. Бұлардың барлығы басқа ұлттардың да тарихында болған кезеңдер. Алайда Қазақстанда осылардан басқа тағы бір кезең – көп елдерде жоқ, ерекше ұлтшылдық - бар сияқты. Ол – тәуелсіздік алған халықтың өзінің ұлттық құндылықтарды қайтару, ұлттық мемлекетін құру кезеңі.
Еліміз тәуелсіздік алғалы, міне, ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Осы жиырма жеті жыл уақыт аралығында тәуелсіздік ұрпақтары атты бір буын қазақстан қоғамында өзіндік белгілі бір статусқа ие болды. Олардың арасында тәуелсіздік, егемендікке, ұлттық мәселелерге деген көзқарасы оң жастар көптеп саналады. Міне, сондай жастардың өкілі Қалымбек Аян өзінің ұлтына деген сезімін мынадай өлең жолдарымен жеткізеді:
Мен – Ұлтшымын, Ұлтшыл болған бабам да,
Тулақ болып қалмау үшін табанда,
Сырын бері алдырмаған наданға,
Өр намысты ұлдары мен қыздры
Құл – күң болып өтпеу үшін жаманға.
Ал бұл күні қазақ кетсе өзгеріп,
Қалай ғана өкпелеймін заманға?!
Ұлтшылдықты ұқтыра алмай келемін,
Әлі құлдық санадағы қоғамға,
Тарихымды, өткенімді ойласам,
Ата кегі жарқ етеді санамда.
Уәде берем: дәл өзімдей күні ертең,
Ұлтшыл болар бауырым да, балам да.
Мен – Ұлтшылмын, оны айтудан қорықпан,
Нар тәуекел- істің басы, соны ұққам.
Қазағыма жаман айдар таққызбай,
Дұшпанымды таптам өтем жолыққан.
Мен – Ұлтшылмын, мақтанбаймын ол үшін,
Момындарға беріп келем қол ұшын.
Өз ұстанған баытымнан танбаймын,
Мейлі дұшпан алды-артымды торысын.
Тілді сақтау, салт-дәстүрді қастерлеу –
Ата-баба алдындағы борышым.
Ағыстарға қарсы жүзем сол үшін
Ежелгі грек жерінде пайда болған патриот сөзі (раtrіоtes – жерлес, отандас) дүниежүзілік қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттердегі саяси жағдайларға байланысты әр түрлі балама мен ұқсамаған мағынаға ие болып отырған. Мысалы, ежелгі Афина азаматтарына эллан тілінде сөйлей алмайтындармен некеге тұруға заң жүзінде тыйым салынған. Бұл заң талабын орындау грек патриотизмі ретінде қабылданған және мемлекеттік дәрежеде насихатталып, бұлжытпай орындалған. Ұлы Мхатма Ганди «ағылшын отаршылдарымен күресудің жолы – ағылшынның тауарларын ешқашан сатып алмау» деп жариялады. Тауарлары өтпеген ағылшын кәсіпкерлері жаппай банкроттыққа ұшырап, ақыры үнді жерінен кетуге мәжбүр болған. Демек мұндағы патротизм біздің ұлтшылдық ұғымымызға бір табан жақындайды.
Жалы ұлтшылдық ұғымы көбінесе зорекер ұлттың қорлауы мен әлсіз ұлттың қорғануы сынды екі түрде кездеседі. Мұндағы қорлаушы ұлт адамдық тағылымына жат құбылыс танытса, қорланушы ұлт қорғану мақсатында ұлтының мүддесін жоқтайды.
Ұлы ойшыл Бенедикт Андерсен: «Ұлтты қалыптастыратын – ұлтшылдық. Ұлтшылдық – идеология емес. Ұлтшылдықты фашизм, либерализм тәрiздi идеологиялармен қатар қойсақ, ол өз мағынасын жоғалтады. Ұлтшылдықты тiл, дiл, дiн сияқты құбылыстармен қатар қою керек. Оны туа бiткен қасиет ретiнде қабылдау қажет»- деген болатын. Өткен тарихымыздың көлеңкелі беттері әрине, одан басқа мағына іздеп келгені анық.
Ұлтшылдық туралы терең пікір айтқан адамның бірі Джавахарлал Неру. Ол өзінің «Үндістанны ашу» деген еңбегінде былай деген: “Менің Үндістанға қатысты, әр түрлі жағдайларға қатысты ойларым қызу қанды әрі шектеулі болды. Осындай менің еліме қатынасым ұлтшылдық формасында болатын. Мұндай жайлар көптеген адамдарда кездеспеуі ықтимал, ал қазіргі Үндістанға ұлтшылдық қажет және де ол табиғи, қоғам өміріндегі керекті сау құбылыс. Әлемдік тарих тұрғысынан қарасақ, ұлтшылдық интернационализм мен пролетарлық қозғалыстар нәтижесінде жойылатын сияқты. Бұл теріс пікір, ұлтшылдық — халықтардың қозғаушы күші, онымен бірге сезімі, дәстүрі, мақсатты өмір сүрудегі бағыт-бағдары ортақтығын айқын білдіреді”.
Неру ұлтшылдықты ұлттық, патриоттық идея мәнінде түсіндірген. Демек, «ұлтшылдық — тәуелсіздікке бастайтын рухани күш. Бұл ұғым жоқ жерде тәуелсіздік туралы сөз мәнсіз. Ұлтшылдық әрбір халыққа тән» (Ғарифолла Есім). Ұлы адамдар мен адамзат ақиқатының тереңіне бойлағысы келген таза көңілдер ғана көлдей тұнығын көрсете алады. Ұлтшылдықтан қоқу емес, оны мақтаныш сезінетіндер де аз емес.
Көрнекті түрік ұлтшылы М.Шоқай 1939 жылы «Ататүріктің реформалары» атты мақаласында “… ұлтты құтқару күресі сыртқы жауды жеңіп, туған жерін азат етумен ғана шектелмейді. Ұлтты көтеру көбіне-көп ішкі реформаларға байланысты болатын да, реформаның қарқыны ұлттың бойындағы дерт-дербездің қандайлығына тәуелді еді. Мемлекетті қасіретке душар еткен дерт-дербезден құтқаруға бекем бел байлаған адам кез келген кедергіні жеңуі, алға қойған мақсатқа қарай батыл қадамдар жасауға тиіс. Ұлт үшін азаттық пен тәуелсіздіктен артық тағы қандай қасиетті нәрсе болмақ?” – деп жазды. (М.Шоқай, Таңдамалы, 2 т, 208 б.).
Осы орайда бүкіл түрік ұлтын жан-тәнімен сүйген ұлы қайраткер Мұстафа Кемал Ататүрік жайында айта кетудің де артықтығы жоқ.
1911-1912 жылдары итальян – түрік, (Либия), 1913-жылғы екінші Балқан және 1913-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыстарға қатысқан оның түпкі ойы-Отанын өзгелерден азат етіп, Осман империясына нүкте қойып, тәуелсіз ел болу еді. Осы соғыстарға басшылық ете жүріп, өзі батырлықтың үлгісін ісімен де, сөзімен де танытты.
«Стамбулдың құтқарушысы» аталған ол жауынгерлеріне: «Мен сендерге шабуылға шығыңдар деп бұйырмаймын, мен сендерге шайқаста жан тапсырыңдар деп бұйырамын!» деген ұраны арқылы ел мен жерді қорғауға жігерлендірді.
1916 жылы ол басқарған командование орыс әскерінің Эрзурум түбіндегі шабуылын тойтарды. 1921 жылдың 23 тамызы мен 13 қыркүйегінің арасы Сакарья өзені бойындағы жеңістен кейін М.Кемал ұлттық батырға айналды. Түркия Ұлы ұлттық жиналысында оған Маршал атағына қоса құрметті «Ғази» (Жеңімпаз) лауазымы берілді.
Жан алысып, жан беріскен замандарда талай наубетті бастан кешкен қайтпас қайсар Мұстафа 1923 жылы құрылған Түрік Республикасының тұңғыш президенті болып тағайындалды. Бұл лауазымға араға төрт жылдан салып, үш рет сайланды. Оның себебі Кемал Мұстафа Ататүріктің өзі айтқандай: «Ұлтқа қожалық жасауға болмайды. Оған тек қызмет етуге ғана болады. Ұлтқа қызмет жасай білген жан ғана оның қожасы бола алады»,-деген пікірі дәлел болса керек.
«Менің күшім мен қуатым халықтың маған көрсеткен сенімінен құралды» деп ағынан жарылған оның осы сөздерінің астарында өз халқына деген шексіз сүйіспеншілік жатқан еді. Өз халқының көрсеткен сенімінің арқасында ол «Ұлттың атасы», яғни – Ататүрік атанды.
Оның 1931 жылы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде: «Бүгін кеңестік Ресей-досымыз, көршіміз, одақтасымыз. Бұған біз бүгін мұқтажбыз. Бірақ ертең не боларын ешкім кесіп айта алмайды. Дәл Осман империясы сияқты, дәл Австрия-Венгрия сияқты ыдырауы, бөлшектенуі мүмкін. Бүгінгі қолында ұстап отырған халықтары уысынан шығып кетуі мүмкін. Сонда әлемде жаңа тепе-теңдік орнайды. Міне, сонда Түркия не істейтінін білуге тиіс. Біздің бұл досымыздың билігінде тілі бір, наным-сенімі бір, өзегі бір бауырларымыз бар. Соларға қол ұшын беруге даяр болуымыз керек. Бүгін біз олардан ажырап қалдық. Кімдікі дұрыс? Олардың жақындасуын күте алмаймыз. Біз оларға жақындасуымыз қажет. Тарихи байланыстарымызды жаңғыртуымыз керек. Бұларды кім жүзеге асырады? Әрине, біз»-деп сөйлеген атақты сөзі болашақты сезіне алған нағыз ұлтшыл саясаткердің даналық пікірі еді.
Ол тағы да: «Біздерді «ұлтшылдар» дейді. Бірақ біз ұлтшыл болғанда да өзімізбен ынтымақтастық жасайтын барлық ұлттарды құрметтейтін, олардың ойынан шығатындай ұлтшылдармыз.
Түрік ұлтының мінезі – асқақ. Түрік халқы – еңбекқор халық. Түрік халқы – зерек халық.
Өйткені, түрік халқы ұлттық тұтастықтың және бірліктің арқасында басқа күштерді жеңе білді. Түріктің түріктен басқа досы жоқ. «Мен түрікпін» деген адам қандай бақытты!
Әлем бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды және ұлттық бейнемізді алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен, ісімізбен, бүкіл қимыл-әрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын біліп қойғанымыз жөн!»- дегендерді айтқан болатын. («Жас Алаш», № 44 (15294), 03.06.2008 ж).
Міне, біз бұлардан ұлтшылдық туралы ұғымымызды тіпті де айқындай түсеміз. Әрі бүгінгі қазақ ұлтшылдарының бойында қандай қасиет болу керектігін де аңғарғандаймыз.
Отаршылдық және оған қарсы шығып, халқының қадірменді ұлдарына айналған қазақ ұлтшылдарының өткен күндеріне үңілгендеде тарихтың берер тағылымы аз емес.
«Ресей отаршылдары қазақ жерiн бiр жарым ғасыр бойы жаулағанда, олар отты қарумен, тұрақты армиямен қаруланса да әр жердегi қазақ батырларының қол бастаған жан кештi қарсылығына ұшырап, алға жылжи алмай келдi. Мұның басты себебiн орыс тарихшысы Аничков қазақтардың елiне, жерiне деген махабатынан туындаған ұлттық санасының жоғары деңгейде болуында деп атап көрсеттi. Ал, өзбек хандығының қарсыласуы тез арада тойтарылып, екi-үш жыл арасында жеңiлiс табуы оларда ұлттық сананың жоқтығын көрсеттi. Өйткенi отаршылдарға қарсы бiрде бiр не өзбек, не сарт, не тәжiк батырының қол бастап қарсылық көрсетпеуi- осының айғағы едi.
Осы себептердi ескере отырып, патша үкiметi түрiк халықтарының iшiнде алдымен қазақтарды ерекше қыспаққа алып, жер бетiнен сыпырып тастау әрекетiнен тайынбады. 1865 жылғы наурыз айында Алаксандр I патша ерекше мәнi бар мәселеге өз қолымен жазатын раскриптiнде қазақтарды шоқындырып орыстандыру туралы саяси құжатқа ресми түрде қол қойды. Бұл байлам жергiлiктi билiк арқылы құпия түрде бiртiндеп асықпай жүзеге асыруға бағыт алды. Қазақтарды шоқындырып орыстандыру мәселесi Святой синодқа тапсырылып, миссионерлiк саясат үшiн мемлекет тарапынан орасан зор қаржы бөлiндi.
Бұл iстi жүзеге асыру үшiн алдымен қазақтардың мың жыл бойы қолданып келе жатқан араб жазуын кириллицаға ауыстыру мақсатын жедел қолға алды»(М.Мырзахметұлы «Түркістан » 2007 жыл 15 ақпан).
Қазақтың ділін, тілін құрту, жерін отарлау мақсатындағы орыс отаршылары ойына келгенін істеді.
Айталық, патша үкiметiнiң ерекше iстердi жүзеге асыратын чиновнигi шоқынды Балкашин Жетiсу, Семей губерниясын аралап, жарамды жерлердi орталықтан келген қара шекпендерге беру үшiн зорлыққа басқанда, оған Потанин қарсылық пiкiрiн бiлдiрдi. Сонда Потаниннiң қарсылығына Балкашин “империяға жер керек, қазақтар қайда кетсе онда кетсiн” деген екен.
Ең бастысы сен отанға адал қызмет етіп, еліңмен мақтанып жүрсең, бұның өзі отанға деген махаббатты білдіреді. Көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былайша суреттеледі: «Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді», – дейді. Немесе сол жазбада “Ей, Түріктің бектері, халқы! Сендер алауызсыңдар, таққа кіріптарсыңдар. Ағалы - інілінің дауласқандығынан, бекті - халқының жауласқандығынан, дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен, билігіңнен айырылдың. Жер - жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың, барған жерде не пайда таптың? Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрік халқы, өкін!” дейді. Сай - сүйегіңді сырқырататын осы сөздерді Күлтегін ескерткішінен оқимыз. Басынан кешкендерін мәңгі өшпестей етіп жүрегінің қанымен, көзінің жасымен бабалар тасқа осылай, қашап жазып кеткен. Осы көне жазу арқылы қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болмағанын, ол ежелден бері қалыптасқанын байқаймыз. Ықылым заманда жазылып, бізге дейін жеткен «Қорқыт Ата» кітабында тәлімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көп кездеседі. Мысалы, «Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық» – дейді. Бұл өсиет сөздерден ақыл - парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көрсетеді. Бұл пайым сөз - дер әр қазақтың мақтаныш сезімін тудыратыны анық. Қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш. Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін былай жеткізеді. «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған - туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл - аймақ, ел - жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін», – деген. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бастау алып, әулет, тумаластарға деген сүйіспен - шіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы ел - дердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді. Хәкім Абай қашанда тазаруға, бауырмалдыққа, әділеттілікке шақырады: Махаббат пен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп, Және сүй, хақ жолы деп әділетті.- дейді. Осыдан жүз жыл бұрын Абай қазақ намыстан, ар - ұяттан, береке - бірліктен айырылды деп күңіреніп еді. Құлдық санаға уланған ұрпақ сол Абай айтқан намыс, ар - ождан, береке - бірлікпен қоса, тілімізден, дінімізден, қайырымдылықтан, мейірімділіктен айырылып қала жаздадық. Елдің елдігін сақтап тұратын – намыс. Намыссыз жұрт елін де, жерін де қорғай алмайды. Көрінгеннің шылауында кетеді. Міне, Абай өле - өлгенше осыны айтып кетті. Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Соғыс психологиясы» атты шығармасында адамның жеке психологиясының сырын ашқан. Ол: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман - саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын біріктіреді», – деп терең, жан - жақты анықтама берген. Біздің ата - бабаларымыздың патриот болғанын олардың елін, жерін қорғауы мысал бола алады. Хандарымыз, батырларымыз күн демей, түн демей елін қорғаған, олардың жасаған ерліктері бізге, яғни ұрпаққа үлгі. Олардың ерліктерін оқып отырғанда кеудеңді мақтаныш сезімі кернеп, отанға деген махаббатымыз оянады. XIX ғасырда адай елінде Балуанияз және Тұрмамбет атты батырлар өмір сүрген. Олар кез - келген жауды жер жастандыратын, еліне тигенді жайрататын батыр болған. Олардың патриот болғанын мына өлең шумақтарынан білеміз: Балуанияз: Салсам деп ем жауыма бұлағай сын, Құрдастардың ішінде дүр адайсың. Жау тиді деп Еліңе, ей, Тұрмамбет, Неге менен сүйінші сұрамайсың?- осы жолдарда Балуанияздың батыр, елі үшін аянбайтын патриот екенін көре аламыз. Міне осылайша тарихи тұлғаларымыздан үлгі аламыз. Ойымды қорыта келіп, ата - бабадан қалған көне жәдігерлерді бүгінгі ұрпақ дәріптеп, оны кейінгі ұрпаққа бүтіндей жеткізсе дегім келеді. ХІХ ғасырда өмір сүрген Ұлы Абай қазіргі заманды көрегендікпен болжай білген. Осы Ұлы Абайдың, Шәкәрімнің, Мағжанның шығармаларымен қатар қазіргі заманның М. Шаханов сынды ақиық ақындары мен Жерлесіміз Ә. Кекілбаевтай кемеңгер жазушылардың шығармаларын оқып өскен ұрпақ өз елінің қорғаны, нағыз патриоты болатынына сенімдімін. Мен өз замандастарыма рухани байлығымызды молайту үшін кітап оқуды ұсынамын. Жұрт дегенде жұмылатын, Ел дегенде егілетін - жастарымыз болса Қазақ елінде патриоттықты көркейтуге мүмкіндік көп болар еді. Қазақ елінің одан әрі өсуіне осы патриоттар көмектесетінін естен шығармаған абзал! Біздің елбасымыздың, ақын - жырауларымыздың айтатыны бір нәрсе. Осы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әрине, оларда бұған атсалысуда, бірақ осыны кейбір жастарымыз түсінбей тіпті өзінің тілін ұмытып жүргендер де аз емес. Осылай жалғаса берсе Қазақ елінің жойылып кетпейтініне кім кепіл бола алады? Сондықтан да Қазақ елінде патриот адамдар көбейсе, қазақ елі сөзсіз көркейер еді. Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас буындардың бойында ұлттық патриоттық сана - сезімді қалыптастыруға зиянын тигізіп отырған, оларға рухани жұтаңдық әкеліп отырған ақпарат құралдары өте көп. Сондай - ақ, көптеген жасөспірімдердің нашақорлыққа, маскүнемдікке, қаңғыбастыққа берілуінің сырын экономикалық жайттардан гөрі рухани босаңдықтан іздеген жөн. Жастардың бойында мәдениетімізге, қазақи барлық құндылықтарымызға, иманымызға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, оларды құрметтеуге тәрбиелесек, еліміздің рухани байлығын сақтап қала аламыз. Сондықтан да жастар бірімізді біріміз бауыр тұтып, егеменді елімізді сүйіп, отбасымызды сүйіп, жүрегімізді мейірімге суарып, көңілімізді адалдықпен ақтап, салт - дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді, теңдесі жоқ Тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстан патриоттары болайық! Мен айтайын деген бір дүние осы еді.