Материалдар / Алғаш ғарышқа ұшқандар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алғаш ғарышқа ұшқандар

Материал туралы қысқаша түсінік
8.2.2.1 -публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану 8.4.4.1 - сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
1260
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі

Күні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар

Бөлім

Синтаксис. Ғарышты игеру жетістіктері

Сабақтың тақырыбы

Алғаш ғарышқа ұшқандар. Қиысу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.2.2.1 -публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

8.4.4.1 - сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану;

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді түсініп, сөз тіркестерін ажыратады.

Көпшілігі орындай алады:

Мәтіннің стилін тауып, сөз тіркесінің түрлерін ажыратады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Стилдің сөз қолданысын тауып, байланысу түрлерін ажыратады

Құндылықтарды игерту

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыс

География, тарих, қазақ әдебиеті

Бағалау критерийлері

  1. Мәтінді түсініп оқиды,

  2. Ғылыми және публицистикалық стильдерге тән тілдік құралдарды табады,

  3. Сөздердің байланысу түрлерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағы.с.с

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің пікірімізше......

Себебі....

Бұған дәлел......

Қорыта айтқанда,....

АКТ-ны қолдану

Слайд, бейнеролик

Алдыңғы оқу

Он сегіз мың ғалам. Сөз тіркесіне тән белгілер

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

























Сабақтың ортасы

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Сиқырлы қобдиша»

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Ортаға сиқырлы қобдиша қойылады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Мейірімді, қайырымды, парасатты, инабатты,

Топқа бөлу.

Алған сыйлықтарының артындағы суретке қарап ай мен күн болып топқа бөлінеді

1-топ «Күн»

2-топ «Ай»

Оқу мақсатын таныстыру.

Оқушылар оқу мақсатын талқылайды. Талқылау үшін сұрақтар:

  1. Оқу мақсаты түсінікті ме?

  2. Оқу мақсатына жету үшін қандай қадамдар жасаймыз.

Үй тапсырмасына шолу

«Шындық немесе жалған»

Ақпарат

Шындық

Жалған

1

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір мағынаны білдіреді.



2

Сөздердің байланысу тәсілдері: орын тәртібі, интонация, жалғау, шылау арқылы



3

Шолпан күнді сағат жүрісіне қарама –қарсы бағытта айналады.



4

Сөз тіркесіне бағыныңқы сыңары тірек болады.



5

Байланысу түрлерінің 4 түрі бар.



6

Сөз тіркесінің есімді не етістікті тіркес болуы басыңқы сыңарына байланысты.



Жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Видеоролик «Алғаш ғарышқа ұшқандар»

«Мен саған, сен маған» әдісі бойынша бір-біріне сұрақ қояды.

Мәтіннің жазылу үлгісін анықтайды.(баяндау)

Тапсырмамен жұмыс.

-тапсырма

Зымыран, контейнер, парашют, герметик, телевизиялық, камера, сенсор, капсула.


Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу формасының бірі – қиысу туралы ережемен танысады.

«Болжау»

Қиысу.

Аспанда ай жарқырап тұр.

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. (Абай)

Біз білімді де алғыр оқушымыз.

Мен қызықты кітап оқыдым.

Олар бірінші ұшқыштар.

Бұл – жер жаннаты Жайсаңбай.

Ереже шығару:

1) Бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы арқылы бір жақта және 1 - 2 жақтарда жекеше, көпше түрде байланысуын қиысу дейміз..

Топтық жұмыс «Бірге ойлаймыз» әдісі

1 топ «Күн»публицистикалық мәтінмен жұмыс жасайды.

Ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар

2014 жылдың жобалары өте сәтті жүзеге асты. Ғарышты толығымен танып-білу жолында бұл жыл да ерекше болмақ. Ағымдағы жылда Күн жүйесіндегі ең алыс ғаламшар Плутон туралы нақты ақпараттар алуға мүмкіндіктер болады. Америкалықтардың «Жаңа көкжиектер» (англ. New Horizons) атты ғарыш аппараты осы жылдың шілде айында аталған ғаламшар атмосферасына жетеді деп жоспарланған. Ал наурыз айында «Dawn» зонды Марс пен Юпитер аралығында айналатын астероидтар айлағындағы ең кіші ғаламшар болатын Церераға қонады. Церера – адам баласына белгісіз, сырты мұзбен қапталған астероид. Оның қыртысында табиғи тұтынуға болатын су бар болуы ғалымдар тарапынан тұспалданған. Ендеше Церера адам өмір сүруіне қолайлы мекен болуы да мүмкін. Әрине бұл жоспардағы жобалардың барлығы емес. 67Р/Чурюмов – Герасименко кометасына қондырылған «Розетта» (ағыл. Rosetta) модулінің жұмысы 2015 жылдың соңына дейін жалғасын таппақ. Ал Virgin Galactic ғарыш аппаратының сәтсіз жарылысқа ұшырауына қарамастан жеке меншік компаниялар жобаны соңына дейін жеткізуді мақсат еткен. Осы секілді маңызды болған жаңа жобаларға тоқтала кетсек.

«Жаңа көкжиектер» ғарыш аппараты Күн жүйесінің бойымен тоғыз жылдан бері Плутонға қарай бағытталып ұшуда. Айта кетсек, NASA агенттігі аталған аппаратты Плутон мен оның табиғи серігі Харонды зертеу үшін 2006 жылы ұшырған болатын. «Жаңа көкжиектер» шілде айында ғаламшарға жетіп, Плутон бетіндегі сұр түсті дақтардың не екенін анықтайтын болады.

2-топ «Ай» Ғылыми мәтінмен жұмыс жасайды.

Ұшу аппараты

Ұшу аппараты (ҰА) — планеталар атмосферасында немесе ғарыш кеңістігінде басқарылып ұшырылуға арналған құрылғы.

Ұшу аппараттар атмосфералық және ғарыштық (планетааралық автомат ст., Жердің жасанды серігі, ғарыш кемесі) болып екіге бөлінеді. Атмосфералық ұшу аппараттары ауадан ауыр (ұшақ, тікұшақ, планер, т.б.) және ауадан жеңіл (аэростат, дирижабль, т.б.) болып топталады. Ауадан жеңіл ұшу аппараттарын көтергіш күш аэростатикалық, ал ауадан ауыр аппаратты көтергіш күш аэродинамикалық құбылыс негізінде пайда болады.

Ұшу аппараттарының жіктелуі — ұшу аппараттары негізгі белгілеріне қарай мынадай кластарға бөлінеді: көтерілу күшінің жасалу принципіне қарай ауадан жеңіл және ауыр аппараттар, экипаждың болуы немесе болмауына байланысты пилотты және пилотсыз, қолданылуына қарай бір жолғы және бірнеше мәрте қолданылатын болып бөлінеді. Қазіргі кезде ауадан жеңіл ұшу аппараттары қосалқы рөл атқарады. ұшу аппараттарының ауадан ауыр түрінін класында көп кездесетіні ұшақтар тобы болып табылады

Десприптор:

  1. Мәтінді түсініп оқиды.

  2. Стиль түрін ажыратады.

  3. Стильдің тілдік ерекшеліктерін табады.

  4. Мәтіннен қиыса байланысқан (6-7) сөз тіркестерін табады.

Жұптық жұмыс «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

Берілген сөз тіркестерінің байланысу тәсілін ажыратып, сөйлем құра, ішінен қиысуды теріп алып, латын әліпбиі бойынша жаз.

Жануарлар болды, ғарышқа ұшырған, ғалымдар ойлады, тоғыз ит.

Ол тірі қалып, герметикпен бекітілген, капсула құлады, қысымды өлшейтін.

Ол таңдалды, телевизиялық камералар, лайка – жануар, қысқа тізімге.

Сенсорлар орнатылды, он бір тышқан, ит ұшқан, бірінші адам.

Дескрипторы:

  1. Сөйлем құрайды.

  2. Қиысуды тауып жазады.

  3. Латын әліпбиін сауатты қолданады.

Жеке жұмыс. “Дербес жұмыс” әдісі

Жандос ойнады

Зат есім\ етістік. қиысу

Үлкенге құрмет

Сын есім\ зат есім

Ертең барамын

Үстеу \ етістік

Он бір ит

Сан есім\ зат есім

Біз барамыз

Есімдік \ етістік. қиысу

Ғарышкер боламын

Зат есім \етістік қиысу

Жақсыдан үйрен

Заттанған сын есім, етістік

Өзіміз үйреніп

Есімдік\ етістік

Оқыған адам

Етістік \ зат есім


Қобдиша, қағаздар




Суреттер











Слайд





















интернеттен

видеоролик








Оқулық



















Мәтін жазылған парақтар
























































А4















Дәптер

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Блоб» сынып бөлмесі әдісі

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздерінің орнын көрсетеді және түсіндіреді.

Төр – маған бәрі түсінікті болды.

Терезе – әлі де тәжірибе қажет

Есік - Мен күткендей болмады

Үй тапсырмасын беру.

«Алғаш ғарышқа ұшқандар» тақырыбы бойынша тезис жазуға дайындалу. 3А–тапсырмасын орындау.

Бағалау






Түрлі смайликтер



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!