400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлімжеттік туралы мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Әскердегі әлімжеттік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әскердегі әлімжеттік:Сарбаз Отан қорғай ма,әлде өзін бе?

Әскери қызмет-Отан алдындағы міндет.Дейтұрғанымен, соңғы жылдары елімізде әскери қызметін өтеу барысында ажал құшқан сарбаздар саны азаймай тұр. Ресми деректер бойынша сарбаздардың суицид жасау дерегі бойынша үш жылда 270 ке жуық іс тіркелген.Сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсауына не себеп? Әскери қызметтегі бақылаудың әлсіздігі ме,әлде әлімжеттік пе?

2024 жылдың 1 қарашасында өткен брифингте Қарулы Күштер департаментінің бастығының орынбасары «Әскерде әлімжеттіктің жоқ екендігін» айтты.Бірақ,2025 жылдың қаңтар айында 2024жылы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан Барқұловтың ісі бойынша, офицер Досовты 13 жылға қамауға алынды.Бұдан бөлек, қазіргі уақытта әскерде белгіссіз жағдайда басы жарылып төсек тартып қалған Ербаян Мұхтардың ісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Аталған мәселе жөнінде қызметте болған және қазіргі уақытта қызметін өтеп жүрген сарбаздардан сұхбат алып көрдік.

Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы 54380 әскери бөлімшесінде қызметін өтеп жүрген қатардағы сарбаз Тастанбек Жансеріктен өз сұрақтарымызға жауап алдық. Ол борышын өтеп жүрген бөлімшеде әлімжеттіктің жоқ екендігін алға тартып,қазіргі таңда әлімжеттіктің алдын алу мақсатында әскери полиция қызметкерлері жұмыс жасайтынын жеткізді.

Әскерде әлімжеттік жоқ деп Қорғаныс министрлігі мәлімдегенімен,Қазақстанда орын алған жағдайлар әлімжеттіктің бар екенін көрсетеді Мәселен, ақпан айында Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінде сержант сарбаздарды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлегені үшін сержант сот шешімімен 2жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесіліп,100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тартылды.

Осы орайда, Ақтаудағы 25744 әскери бөлімшесінде қызметін өтеп жүрген Ержігіт Әлімжаннан сұқбат алдық.Ержігіт әлімжеттік туралы қойған сұрақтарымның барлығына шынайы жауап беру мүмкін еместігін алға тартып,сұрақтарымызға қысқа да нұсқа жауап алдық.Оның сөзінше,әскердегі түсініспеушіліктердің көбісі сарбаздардың мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты болады,және де түсініспеушілік болған жағдайда жаза ретінде түсініктеме жазып, ескерту беріледі деді сарбаз Ержігіт Әлімжан.

Әскери жүйе, әскери тәртіпті бұзған жағдацда қолданылатын шаралар, сарбаздардың қауіпсіздігі жайында толық білу мақсатында Қарағанды қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5451 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген солдаттар мен бөлімше командирлеріне жауапты взвод-сержанты Ғаниұлы Аңсардан сұхбат алып көрдік.

-Сарбазды әскерге алынар алдында қандай тексерістерден өтеді?

-Ең алдымен сарбаздар психологиялық тест тапсырады,олан кейін барып медициналық тексерістен өтеді.Тапсырылған тексерістерден оң нәтиже көрсеткен сарбаздар әскер қатарына алынады.

-Сарбаздарды әскери өмірге үйрету қалай жүзеге асады?

-Сарбаздарды әскери өмірге үйрету дисциплина мен қатаң тәртіптің нәтижесінде болады.Тәртіпке бағынып,әскери өмірге үйрену үшін уақыт пен шыдамдылық қажет.

-Сарбаздар тәртіп бұзған жағдайда қандай шаралар қолданылады?

-Сарбаздар тәртіп бұзған жағдайда ең бірінші ескерту алады, қатаң қадағаланады, кезекті тәртіп бұзған жағдайда 5 күндік әскери түрмеге түседі.

-Әскери түрмеде сарбаздар қызметіне кері әсер тигізе ме?

- Иә, сарбаз тәртіпті сақтамай түрмеге түскен жағдайда, сарбазға шен берілмейді, қатардағы сарбаз ретінде қалады.Сонымен қатар,түрмеде жатқан күндерін өтеп кетеді.

-Оқу-жаттығу кезінде сарбаздарды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру қалай жүзеге асырылады?

-Әр ротада қауіпсіздік шаралары жазылған кітап болады,сарбаздар аталған кітаппен танысып, қауіпсіздік ережесін сақтаймын деп қол қояды, қару пайдаланар кезде қатаң қадағаланады.Қарудың оқтаулы,оқтаулы емес екенін барлық сарбазға алдын-ала ескертіледі.

-Сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсау фактілері мен сарбаздарға жасалатын әлімжеттік туралы не айтар едіңіз?

-Бұл жағдай әр аймақта болатын жағдайдың әртүрлігі арқылы бағаланады.Кімнің ойында не бары белгіссіз,бүгін жақсы жүрсе,ертең өзгеруі мүмкін. Көп жігіттер өздерінің мәселері жайында психологпен кеңесуді жөн көрмейді, сол себепті өз-өзіне қол жұмсаудың нақты себебін білу мүмкін емес.Біздің бөлімшеде әлімжеттік,суцид жағдайлары тіркелмеген. Басқа әскери бөлімдерде орын алған қайғылы жағдайдың себептері айтылмайды-дейді сержант Аңсар Ғаниұлы.

Қортындылай келе,әскерде әлімжеттік мәселесі жоқ деген нұсқа айтылғанымен,зерттеу барысында осы мәселе жөнінде әскерилер мен сарбаздар жауап беруден бас тартады, я болмаса сұраққа жанама жауап береді. Тәуелсіздік алған жылдары әскерде әлімжеттіктің алдын-алу мақсатында әскери қызмет уақыты екі жылдан бір жылға қысқарып, қазіргі уақытта, әскери полиция, бейнебақылау жүйелері,психологтармен кездесу секілді шаралар сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанымен қазақ әскерінде әлімжеттік түп-тамырымен жойылды деп айту қиын.

«Bugin.кz» практикант тілшісі:Тастанбек Аяулым

19.02.2025































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 шілде
147
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі