Даукеева
Алима
Алматы облысы , Қарасай
ауданы, « Ұлан орта » мектебінің 11 «Ә» сынып
оқушысы
АЛЬПИНИСТ ЦЕВАНТ
ПАЛДЖОРДЫҢ
ШЫТЫРМАН
ОҚИҒАСЫ
Ғалымдардың зерттеуінше , альпинистік жол арқылы ең биік нүктеден
көріну — құмарлық. Кейбірі үшін шыңға жетіп қаза
табу — бақыт деп есептеледі . Бір жағынан оғаш естілуі
мүмкін , алайда қарапайым адам секілді қаза тапқаннан соң
мүрдесінің жер қойнауында емес , ұлы шың беткейінде жатуы олардың
өмірдегі жетістігі . Итальяндық саяхатшы Райнхольд
Андреас Месснердің пікірінше :
“ сынақтар мен
кедергілерге толы жолды өткеріп , шыңға шыққан альпинист ғана нағыз
альпинист ”
Дүние жүзіне мәлім әрі әлемнің
ең биік шыңы – Эверест . Барлық тауға құмар альпинисттердің бақ
сынайтын “ сынақ алаңы ” . Жаһанның түпкір - түпкірінен шыққан әр
альпинист - айлар мен жылдарға ұласқан дайындықтар арқылы өздерін
шыңдап , миллиондаған,қыруар қаржыны салып , өздерінің түпкілікті
мақсатына қадам басады . Альпинисттерге ең алдымен керегі , азот
толтырылған оттегі цилиндрі . Цилиндр салмағы шамамен 8 - 10кг - ға
дейін . Бірақ бұл шыңға шығар жүктің тек бір бөлігі . Осы сынды
түрлі жарақтармен сай болған альпинисттердің көптен кұткен сәті мен
ұзақ әрі тылсым мен ғажайыпқа толы сапары басталды . .
.
Эверест өте қаһарлы
деседі,жолда сан түрлі аңыз бен оқиғаның көзбен көрген куәгеріне
айналасың . Осы бір табиғаттың ғажайып шыңын бағындыруды
көздегендердің бірі-Цеван Палджор.
Цевант Палджор-шегара полицейі
, не бәрі 28 жаста , Үнді азаматы. 1996 жылы экспедициға жиналған 6
адам өздерінің межелеген нүктесіне , Эверестті бағындыруға ұмтылып
, көп ұзамай жолға шығады . Осы топтың ішінде
Цевант
Палджор да көшке ілесті . Табиғаттың
бораны адам төзгісіз жылдамдықпен ұйытқый түсуінен , 3 альпинист
жарты жолда кері қайтты .
Әрі қарай биікке ұмтылған
Цевант пен қалған екі альпинст 8848м - дегі ең биік Эверестті
бағындырғаны жайында , рациядан хабар берді.Өрден түсер жолда
альпинисттер қаза табады . Цевант Палджордың төменнен санағанда
8500 м биіктіктегі үңгір астындағы мәйіті әлі шың қойнауынан
түсірілмеді .
“ Жасыл бәтеңке
’’ атты жол нұсқаушы тұспағдар
мен альпинисттер арасындағы аялдамаға айналды . Сол түстіктен шыңға
көтерілген альпинисттер әйгілі “ жасыл бәтеңкелі мырза
” атты белгіні көрсе , демек
дұрыс бағытта !
Шыңда қаза тапқан альпинисттер
саны мұнымен тоқталмайды , шығар жолдан - ақ түрлі түсті костюмдегі
альпинист мәйіттерінің 200 - ден астамы жол нұсқайды . Ақпараттар
арасында « түрлі -
түсті алқап» ретінде танымал. Олар
шыңның қандай жағдайын болса да бастан өткеруде , келер
альпинисттердің тұсбағдарына айналды .
Эвересттегі « жасыл бәтеңкелі мырза »
- адамзаттың батылдығы мен
осалдығын қатар еске салып тұрған үнсіз куәгер
.
Даукеева
Алима
«Ұлан» орта мектебінің 11 «Ә»
сынып оқушысы
Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Ұлан ауылы