Материалдар / АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНІҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНІҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын Орда жәдігерліктерінің бірі «Гулистан» жазбасы.Бұл еңбек – Шығыстық ақынның бiрi Сағдидiң қаламынан туып, парсы тiлiнде жазылған «Гулистан» поэмасының еркiн аудармасы.«Гулистан» жазбасы туралы алғаш хабарлаған – венгер ғалымы Тори Иозеф болып табылады.Шығарманы жан-жақты зерттеген профессор Ә.Наджип оны қыпшақша да, оғызша да қолдана беретiн осы екi тiлдiң элементтерi қосылып қолданылатын әдеби тiлде жазылған деп ұйғарады. Ә.Наджиптiң ойынша, ол әдеби тіл Алтын Орда хандығы мен Египет мемлекетiне де ортақ болған. Орта ғасыр әдебиетiндегі қыпшақ тiршiлiгiн сипаттайтын шығармалардың бірі - «Мухаббат-наме» дастаны. Қыпшақ тілін бейнелейтін Хорезмидің еңбегі қазақ тiлiнiң бастау көзi ретiнде саналатын көнеден қалған жәдiгерлiктердiң бiрi.Бiздiң дәуiрiмiзге «Мухаббат-наменiң» төрт түрлi көшiрмесi жетiп отыр.Осылайша көшiрiлiп, бiздiң дәуiрiмiзге келiп жеткен «Мухаббат-наменiң» қолжазбасын ғылыми жұртшылыққа алғаш таныстырған академик В.В.Бартольд болды. Қолжазбаның көлемi 24 парақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2024
163
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНІҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Серикова Балнұр Ерғалиқызы, 6В02211- «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.

Алтын Орда дәуірінің жазба ескерткіштері XIII-XIV ғасырлардағы дүниеге келген түркі жазба ескерткіштерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды зерттеуде үлес қосқан ғалымдар қатары тек шетелдік өкілдер мен ғана шектелмейді, сонымен қатар отандық ғалымдарымыздың еңбектері де елеулі орынды алады. Бұл ескертіштердің тілдік сабақтастығы жағынан қазақ халқына ортақ дүниелер болып саналатыны да сөзсіз.

Алтын Орда жәдігерліктерінің бірі «Гулистан» жазбасы.Бұл еңбек – Шығыстық ақынның бiрi Сағдидiң қаламынан туып, парсы тiлiнде жазылған «Гулистан» поэмасының еркiн аудармасы.«Гулистан» жазбасы туралы алғаш хабарлаған – венгер ғалымы Тори Иозеф болып табылады.Шығарманы жан-жақты зерттеген профессор Ә.Наджип оны қыпшақша да, оғызша да қолдана беретiн осы екi тiлдiң элементтерi қосылып қолданылатын әдеби тiлде жазылған деп ұйғарады. Ә.Наджиптiң ойынша, ол әдеби тіл Алтын Орда хандығы мен Египет мемлекетiне де ортақ болған. Орта ғасыр әдебиетiндегі қыпшақ тiршiлiгiн сипаттайтын шығармалардың бірі - «Мухаббат-наме» дастаны. Қыпшақ тілін бейнелейтін Хорезмидің еңбегі қазақ тiлiнiң бастау көзi ретiнде саналатын көнеден қалған жәдiгерлiктердiң бiрi.Бiздiң дәуiрiмiзге «Мухаббат-наменiң» төрт түрлi көшiрмесi жетiп отыр.Осылайша көшiрiлiп, бiздiң дәуiрiмiзге келiп жеткен «Мухаббат-наменiң» қолжазбасын ғылыми жұртшылыққа алғаш таныстырған академик В.В.Бартольд болды. Қолжазбаның көлемi 24 парақ. Ұйғыр жазулы көшiрмемен екеуi Лондондағы Британ музейiнде сақтаулы тұр. А.Н.Самойлович байқаған осы әдеби тiлдi түркi жазба ескерткiштерiн кеңiнен зерттеп жүрген түрколог ғалымдар Ә. Құрышжанов пен Ә. Ибатов «орта түркiлiк жазба әдеби тiл» – деп атады 1.

Осы шығарманың қазақ тiлiне қатысын ең алғаш байқап, оның зерттелуiне өз үлесiн қосқан отандық ғалым Ә.Қоңыратбаев болды. Ол 1945-1946 жылдары Өзбекстанда болған уақытында «Мухаббат–наменiң» Ташкент кiтапханасында сақталған фотосуретiн қолмен көшiрiп Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кiтапханасына тапсырған.Ғалым өз пiкiрiн көшiрмесiнiң соңында «Мухаббат-наме туралы» деп атап, жеке берген 2. Жазба ескерткiштi сол уақытқа дейiн зерттеген ғалымдар пiкiрлерiне тоқтала келiп, көркем туындының жазылған жерiн Сығанақ қаласы деп болжайды.

Тағы бір ХIII-ХIV ғасыр әдебиетiнен ерекше орын алатын ескерткiштердiң бiрi – «Нахдж-әл-фарадис» деп аталады. Авторы болып есептелетін Махмуд бин Әли. Бұл дастан дiни сарында жазылған аңыздар жинағы болып есептелінеді.«Нахдж - әл - фарадис» шығармасы түгел төрт тараудан тұрады. Бірінші тарауда – пайғамбардың өмірі туралы баяндалса екінші тарау – алғашқы төрт халифтiң өмiрбаянынандерек бередi. Үшінші тарауда – құдайға байланысты жайлар баяндалса,төртінші тарауы ақыл – нақылға байланысты құрылған. Әлидiң«Нахдж - әл – фарадис» дастаны қыпшақтар тiлiн қолданған және көне түркi тiлдi әдебиеттегi ең елеулi жазба ескерткiштердiң бiрi.Ескерткiштің бiзге бiрнеше жазбасы жеткен. Бiрi Туркияда, екiншiсi Қырымда, қалғаны қазiргi Татарстан жерiнде сақталып қалған.

Қутбтың «Хұсрау уа Шырын» поэмасы - ХIV ғасырда Алтын Орда жерінде пайда болған көркем әдеби мұралардың ішіндегі ең құнды ескерткіштердің бірі.Қолжазба жалғыз дана ғана. Ол Париждiң ұлттық кiтапханасында сақтаулы. Поэма 1342 жылы өзбек ханның үлкен баласы Тыныбек пен Хан Малик Хатун ханшаға арналып жазылған. Бұл поэманы алғаш зерттеуші ғалымдардың ішінде поляк ғалымы А.Зайончковский оны ерекше әдеби мұра деп бағалаған болатын. Ғалым ұзақ жылдар бойы ескерткіш тексін алуан түрлі зерттеуге алып, оны парсы тіліндегі Низами нұсқасының 1958 жылғы көшiрмесімен салыстыру жұмысын жүргізген. Кеңес түркітанушысы Э.Н.Наджип парсы тіліндегі «Хұсрау уа Шырын» шығармасымен түркі тіліндегі нұсқаның бір екенін анықтай келіп, түркі тіліндегі ескерткішті жартылай дербес роман деп таныған. Сығанақ саяси-эканомикалық жағдайы жоғары қорғанысы дамыған ортағасырлық бекiнiстi қалалардың бірі болды. Түркi тiлдерiнiң iшiнде өзбек, қазақ тiлдерiне толық аударылған. А. Қыраубаева бұл еңбекті қазақ тіліне аударуда көп еңбек етті.

ХIII-ХIV ғасыр жазба ескерткiштерi Алтын Орда дәуiрiнде жазылған құнды ескерткiштер. Алтын Орда мемлекетiнiң негiзгi тiлi – түркi тiлi болды. Бiрақ Алтын Орда дәуiрiнiң халықтық тiлiнде де, әдеби тiлiнде де бiркелкiлік сипат болған жоқ болатын. Ұйғыр жазуы мен араб жазуына негiзделген әдеби тiл ақсүйектер арасында кеңінен қолданылса,көбiнесе қарапайым Алтын Орда әдеби тiлiнде, қыпшақ тiлi басым болды. Жазба ескерткіштердің табылуы мен ғылыми әлемге танылуы, олардың әр түрлі басылымдары, зерттелу тарихы, бұл ғылыми мұралардың ескі жазба ескерткіштерінің ішінен алатын орны, қазіргі қазақ тілінің қалыптасу тарихына байланысты қатыстылығы тұрғысынан маңызды болып келеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!