Ана өмірдің шуағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ана өмірдің шуағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ана-өмірдің шуағы

Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

(Бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. Ана десем шешек ашып жанары, Өмірімнің бастау алар ажары. Ана деген тіршілікке пана боп, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры ... (апайға немесе ағайға) береміз.

Флешмоб: 8-сынып

1-жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашан ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

Тілекбаева Ағлен «Шеше сен бақыттысың» Ана Сен бақыттысың, Жыламағын! Жай түсіп жатқанда да құламадың Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның Сондықтан жыламағын, жыламағын! Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын. Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын, Байырғы берекеңді қашырмағын. Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа Өзім кепіл тот басып, тозбасыма. Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына. Тәңірім кеше көрсін кесірімді Аспанға жазсам сенің есіміңді!!! Ана, Сен бақыттысың, тербете бер Құба талдан иілген бесігімді…

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ... оқушымыздың орындауындағы «---------------------------» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек. Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп, Иықтан шашың, төгіліп жерге, Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

Би:-----------------------------

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

Ән:----------------------------

Би:----------------------------

2-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды, Қиялға қиялменен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, Өнерін аналарға бағыштайды, Шалқып, тасып әніміз Жадырасын жанымыз, Ана, сені құттықтап, Әндетеміз бәріміз. Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «-----------------------------» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы, Мерекеге өнерімен келген бүгін. Таң қалдырып, қанекей би билеші, Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті ... байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

Би:----------------------------------

2-жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер. Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер. Алдарыңызда қазіргі үнді биі, Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте

Көрініс:---------------------------------

1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

2-жүргізуші: Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Ән:------------------------------------

1-жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар, Аласы бар адамның анасы бар. Мерекесін құттықтап аналардың, Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп «Көрініс»

1-жүргізуші: Әлемдегі ең ақылды, дана боп, Нұрын шашар жақсыларға пана боп. Кім-кім болсын сені алақанында, Мейірлене ешкім сүймес ана боп.

2-жүргізуші: Домбыра, күмбірлеші күніндей боп қазақтың Өзіңменен бірге жүргем ұзақ жолында азаптың Үніңменен жазылады жарасы Үніңменен жалғанады ұрпағым, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай ________________ орындауында «--------------------» күйі.

1-жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың Ана деген - рәмізі сұлулықтың Ана деген - бір жыр бар шырқалатын Асқақтатар биікке ұрпақ атын –дей келе бүгінгі кешіміздің сыйлы қонақтары Батыр аналарымыз келіп отыр. Бүгінгі ән-күй қошеметтің барлығы сіздерге арналады.

2-жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. (Аналар мен балаларының суреттерінен жасалған слайд). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі. Слайд

1-жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы Ана табады, аялайды, бағады. Сол үшін де құдіретіне бас иіп, Құрметтейік қасиетті ананы, – деп аналармызбен шағын ойын ойнасақ. Мақалдың жалғасын табу 1. Алып анадан туады,Ат биеден туады.

2. Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.

3. Ана сүтін ақтамағанды,ешкім жақтамайды.

4. Атыңа ауыр жүк артпа,Анаңа ауыр сөз айтпа.

5. Анасын сыйламағанды адал деме,Ұстазын сыйламағанды адам деме.

6.Тапқан ана емес, баққан ана.

7. Анаңа рақым етпесең,Балаңнан рақым күтпе.

8. Анаға баланың алалығы жоқ.

9. Ердің анасы – елдің анасы.

10. Ананың ізін қыз басар,Әкенің ізін ұл басар.

11. Анасын сүйгеннің баласын сүй.

12. Анасын көріп қызын ал,Аяғын көріп асын іш.

(Шеркешбаева Дариға апай отраға шығып аналарымызды құттықтап Алтын алқа,күміс алқа иегерлеріне Алғыс табыстайды)

1-жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған иавввввввв

1-жүргізуші: Ару - Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы. Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда, Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып __________________ орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Аяулысың, ауылымның асылдары, Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би, Сендер үшін мереке шашулары

Аманғалиев Ардақ «Әйелдер ай»

1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана.

Ән:--------------------------

2-жүргізуші: Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2018
291
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі