Тамды орта
мектебі
Ашық тәрбие
сағаты:
Сыныбы : 9
«А»
Өткізген :
К.М.Утегенова
Ақтөбе облысы Алға ауданы
Тамды орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі
Утегенова Кызгалдак
Максатовна
Сыныбы: 9 «А»
Тақырыбы: Ана – өмірдің
тірегі
Мақсаты
: Ата – ананың қадірін жан-жақты
ашу,оларды құрметтеу туралы ғасырлар бойы айтылып келе жатқан нақыл
сөздерді,ана туралы өлең жолдарын талдау арқылы білімдерін
кеңейту;
Дүниедегі жақсылық атаулының
бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарай-тындығын
ұғындыру;
Оқушыларды адамгершілікке,
сыйластыққа, аналарды сыйлауға, құрметтеуге, өмірде жақсылық пен
жамандықты ажырата білуге, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
шар, гүлдер, интерактивті
тақта, кеспе қағаздар,кассета,
үнтаспа.
Сабақтың
жоспары:
Ұйымдастыру
бөлімі
Кіріспе
сөз
Майлықожаның
термесі
Көрініс «Бала
өкініші»
Музыкалық
сәт
Құттықтаулар
Қорытындылау
Сабақтың
барысы: Ұйымдастыру
бөлімі.
Оқушылармен амандасу, журнал
бойынша тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
Кіріспе
сөз: Бүгінгі біздің ашық тәрбие
сағатымыздың тақырыбы Ана – өмірдің тірегі. Яғни сабақтың мақсаты:
бүгінгі күнгі балалардың анасына деген қамқор-лығы ,оларға деген
көзқарасы қандай, ананы құрметтейді ме, жоқ па, анаға қандай
қарым-қатынаста болады, және тағы басқа да мәселелерді қалай ұғып,
сезінеді, қандай қорытынды шығарады, және дүниедегі жақсылық
атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын
ұғыну.
Ана - / туған шеше/ әрбір
адамның жарық дүниедегі ең жақыны , жанашыры , қадірлісі ,
қамқоршысы , ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған
ардақтысы.
«Ана - жүрек, жүректі
құдіретте
Ана – тірек, түректі
құрметте
Ана – шыңың, шыңыңы сағынып
жет
Ана – күнің, күніңе табынып
өт».
Расында да, адамның әдептілігі
мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,
әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан
басталады.
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер
бізге алдымен анадан тарайды. Қанша жерден ренжіп, көңілдеріңе қаяу
түсіп жүрсе де, күле қараған аналарыңның жүзінен әр күн сайын қуат
алып, көкке самғағандай боласыңдар.
2. Шалқарлық жерлесіміз Жанар
Айжанованың орындауында Ана
туралы
/ Майлықожаның термесін
/ тыңдайық.
Оқушылар терме не туралы
айтылған? / оқушылар жауабы/
Балаға анадан артық, анадан
қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын,
ананы дәріптейтін небір асыл сөздер, өлеңдер
кездеседі.
«Ананың алдында асқар тауда
аласа» дейді халық. Ана бәрінен де
биік.
3. Олай болса
оқушылар Ана деген
кім? – сұрағы қойылады. Оқушылардың
жауаптары тыңдалады.
Ана. Үш-ақ әріптен
құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән
жатқанын кез-келген саналы азаматтың ұғынары
сөзсіз.
Тіршіліктің қайнар көзі,
мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есімінен артық қасиетті, киелі
ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын – жазушылар мен
ғұламалардың Ана жайлы тебіреніп, жазып
қалдырған асыл сөздері қаншама.....
Қасиетті Ислам дінімізде
де Ананы, ана
сүтін ардақтауды қатаң талап етеді.
Қазақ халқы оны «Ана сүтін, Анаңды Меккеге
үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың,
» - деп нақтырақ түсіндіреді.
Баласының ақылды, саналы, әдепті болып өсуін кез-келген ана қалайды
және Алла тағаладан үнемі амандық-тарыңды тілеп отыратын да,
жүретін де ана.
Олай болса оқушылар қазір
Альфияның «Ана деген
кім» өлеңін
тыңдайық.
Аманжолова
Альфия: Ана деген
кім?
Ана деген кім десе, алаулаған
таң дер ем,
Қанша тәтті болса да анам үшін
жан берем.
Ана деген мәңгілік шырқалатын
ән дер ем
Ана деген кім десе, шуақ
сепкен күн дер ем,
Сәби үшін ұйықтамай арпалысқан
түнменен
Ана үні өмірде ең мейірімді үн
дер ем.
Түбі оңбайды ананың қасиетін
білмеген,
Тыңдап ал да ақылын жадыңа
сақта тәлімін.
Ана деген сен үшін егер білсең
қадірін,
Дүниенің жарығын сыйға тартқан
тәңірің.
Жақсы оқушылар тағы кімнің ана
туралы өлеңдері бар.
Турлан
Ақтолқын:
Көрініс
: «Бала
өкініші»
Үнтаспадан күй ойнап
тұрады. / Көңіл
толқыны/
Көрініс соңындағы сөз. Жақсы
оқушылар осы көріністе баласы Дәурен ана деген ардақты адамды
түсіне білдіме?
Мінеки оқушылар ана сыйламаған
тас жүрек өмірде ешкімнен сый көрмейді, өзінің қаныпезерлігінен
өмірде қатты соққы көреді.
Дүниеде ананың көз жасынан
салмақты, одан ауыр, таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені,
ананың көз жасы өзінің киесімен
ауыр.
Ұрпақтарға бақыт жолын
аңсаған,
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ
саған
Тіршіліктің тынысы мен
ажары,
Ана деген теңдесі жоқ жақсы
адам- дегендей оқушылар аналарымызды әрқашан ардақтап, сыйлап
құрметтеп жүрейік.
Тақтаға көңіл
аударайық.
«Анаңды Меккеге үш арқалап
апарсаңда, ақ сүтін өтей алмайсың»
деген даналық сөз дәл
айтылған. Анаға қандай жарасымды, қандай қамқорлық жасасақта
қарызымыздың ширегіне де тұрмайды. Сондықтан да «Анаңды Меккеге үш
арқа-лап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың»- деген халқымыздың
сөзін ұмыт-пайық.
Музыкалық
сәт: Таңжарық Динараның
орындауында Ана туралы
жыр
Қорытындылау
: Ана бейнесін
модельдеу
Ана біз үшін
кім? / тақтаға көңіл бөлу/ оқушылар
бір-бірден шығып интерактивтік тақтаға қаламымен
жазу.
Тірекші
Тәрбиеші
Қамқоршы
Ең жақын
адам
Дос
сырлас
Ана
Қорғаушы
Бақыт
сыйлаушы
Өмір
сыйлаушы
Т.б.
Сонымен оқушылар ана біз үшін
кім болды?
Ана – тіршіліктің гүлі,
отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Осымен тәрбие
сағатымызды аяқтай келе, адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз
Ана деп білеміз!!!
Сыныбымыздың он қыз баласын
және келген ұстаздарды, аналарды құттықтау кезегіне
береміз.
Көңіл бөліп келгендеріңізге
көп-көп алғысымды білдіре отырып, сөз кезегін пікір білдірем деуші
ұстаздарға және ата-аналарға
беремін.