Материалдар / Ақиқаттың ақыны

Ақиқаттың ақыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Кештің мақсаты: • Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шаханов шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу; • Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау; Кештің көрнекілігі: кітаптар көрмесі, ақын портреті, ақын туралы лебіздер жазылған плакаттар, интерактивті тақта Барысы: М.Шаханов «Қазақстан» бейнебаян Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі біздің іс-шарамыздың тақырыбы қазақ халқының ардақты ақыны Мұхтар Шаханов шығармашылығына арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
475
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ











Ақиқаттың ақыны


( М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)









Өткізген:Казанбаева Г.Ш









2017-2018 оқу жылы



Ақиқаттың ақыны

( М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)



Кештің мақсаты:

  • Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шаханов шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу;

  • Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау;


Кештің көрнекілігі: кітаптар көрмесі, ақын портреті, ақын туралы лебіздер жазылған плакаттар, интерактивті тақта

Барысы:

М.Шаханов «Қазақстан» бейнебаян

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі біздің іс-шарамыздың тақырыбы қазақ халқының ардақты ақыны Мұхтар Шаханов шығармашылығына арналады.

1– жүргізуші:

Даласындай дарқан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.
2 – жүргізуші:

Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,
Кім Мұқанша бағындырар бағытты
Қазақ халқы - Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты.
Жүргізуші: XX ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған М Шаханов –қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Жүргізуші:  Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шаханов, биыл, 2 шілдеде 75 жасқа келеді. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығы мен ерекшеленген ірі тұлғамызға арналған «Ақиқаттың ақыны»

атты кешімізге қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: Өз елінің намысын ту қып ұстаған ақын өмірбаянына сөз берсек...

Бейнебаян

1-жүргізуші: Ақын аға есімінің Мұқтар болуының да өзіндік сыры бар. Өз есімінің Мұхтар қойылуын ақын «Мені неге Мұхтар қойған» өлеңінде былай деп жырлайды...

«Көңіл толқыны» күйі

«Мені неге Мұхтар қойған» өлеңі оқылады. (Қуандық Серікбол)
1-жүргізуші : осы «Бақыт» деген не өзі ?

2-жүргізуші : Бақыт деген –сенің бала күндерің
Бақытсыз –ақ бақытты боп жүргенің
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің- деп Мұқағали атамыз айтқандай, осы отырғанымыздың өзі бақыт емес пе ? Ал Мұхтар ағаның бақыты неде екен ?

«Бақыт геометриясы» Утепова Қарақат, Жылқайдар Дана

1-жүргізуші: 

Өзендер мен көлдердің

Көлден шалғай шөлдердің,

Биіктер мен алыптардың

Жылулар мен жарықтардың арасын жалғап келген бір ән бар, - деп ақынның өзі жырлағандай, оның көп өлеңіне ән де шығарылған. Көпшілікке танымал бұл әңдердің сөзін жазған М.Шаханов екенін біле бермеуіміз де мүмкін. Бұл әндер: «Айналайын», «Гүлдәурен», «Өмір-өзен», «Кешікпей келем деп едің», «Ақ бантик», «Туған күн кешінде» және тағы басқа көпшілікке танымал әндер. Ендеше, әрбіріміздің туған күнімізде шырқалып, жақсы күндеріміздің куәсі болған әнді қабыл алыңыздар.

«Туған күн кешінде» әні. Серікова Аружан

1-жүргізуші:  Мұхтар шығармаларының ерекшелігі, адамды селт еткізер тұсы - өлеңнің ішкі мазмұны, өлеңдегі ойдың тереңдігі мен көкейкестілігі. Табиғатында суреткерлік қасиеті басым болғандықтан ол ашынған жүрек, ақырған ашу, қан жылаған қайғыны мезгіл, мекенсіз өлеңнің өзегіне итере салмайды, соған әкелген жағдай мен заманды, тарих пен тағдырды баяндап, тұтас бір өмір келбетін жасайды. Келесі оқылатын өлеңдер осының куәсі.

«Арман» Жылқайдар Дана, Жаңабай Арсен, Жакубаев Азат

1-жүргізуші: «Бала кезімнен бастап әкем мені алдына алып отырып, Отырарды қорғаған ұлы бабалардың ерлігі,мен Шыңғыс ханның зобалаңы жайлы әңгімелейтін. Анамның «Бала әлі жас қой, түсіне қояр деймісің?» дегеніне әкем: «Жоқ, түсінуге тиіс, түсінбесе өзіне қиын. Тамырын тереңге жібере алмаған дарақтың ғұмыры келте» дейтін. Менің бірнеше дүркін Отырар жайлы жазуыма тура келсе, осының барлығы әке сөзінің маған берген әсері»- дейді ақын.

Бейнебаян. «Отырар кітапханасы» Серікова Аружан

2-жүргізуші:

Әр мұзбалақ өз әнін айта келер,

Айта білу ежелден байтақ өнер.

Тауға шығып ән салсаң,

О, керемет!

Жаңғырық боп дауысың қайта келер.

Олай болса келесі кезекті әнге берейік. Ән «Кешікпей келем деп ең» Жакубаев Азат пен Ермек Ақжол

 «Нарынқұм зауалы» поэмасынан үзінді. Сейіт Олжас

1-жүргізуші: «Достық- шын мәнінде махаббатпен тең тұратын талант.Ол ерекше қабілетті, ерекше талантты, ерекше жанкештілікті талап етеді. Өйткені досқа осалдық еткен адамдардың барлығы басқа мәселеде де осалдық етеді деп есептеген» ақын. 
«Достық өлкесінің заңы» өлеңі  Нарын Ділназ

2-жүргізуші: Мұхтар шығармаларының негізгі лейтмотиві – адамдықты, адалдықты, әділдікті, тазалықты, пәктікті паш ету; ездікті, зұлымдықты әшкерелеу. Тегінде, бұл – бүкіл ақ ниетті өнер атаулының мұраты болса керек. Бірақ, Мұхтар осы жайларды ешкімге ұқсамай, өз даусымен, өз дәлелімен өрнектеуге тырысады. Мысалы: 
«Өмір жайлы сан толқыдым, толғандым, 
Достар, достар менен үміт үзбеңдер 
Мені кілең адал ойлы жандардың 
Қатарынан іздеңдер», -
дейді ақын. Оның өлеңдері бірде осылайша жан сезімін алдыңызға бар ақиқатымен жайып салған адамның сырындай қабылданса, енді бірде жігерлендіруші күш танытып отырады.
М.Шаханов «Жігерлендіру» Мырзакарина Назерке

2-жүргізуші: Мұхтар Шаханов «Желтоқсан оқиғасына» орай азаматтық әрі парасаттылық көрсетті.

Мұхтар Шаханов жайлы қандай еңбек жазылса да, Желтоқсан оқиғасы мен ақын Мұхтар есімі қатар айтылары анық.

Бейнебаян. Өлең «Желтоқсан алаңы» Тултаева Зейнеп,Мырзакарина Назерке

2-жүргізуші: Мұхтар Шаханов - өз әріптестерінің арасында да өте жоғары бағаға ие болған ақын. Ол туралы лебіздерді тыңдасақ:

«Көңіл толқыны» күй

1-оқушы.

Мұхтар Шаханов - өзінің адасқақ дүлей дәуірінің белсенді ар-ожданы. Оны билік тұғырындағылар бағалай қояр мекен? Бірақ мен осындай азаматтың өзіме жақын дос екенін мақтан етемін.

Расул Ғамзатов

2-оқушы.

Ашық айтар болсақ, бүгінгі өз замандастары арасында Еуропада Шахановқа тең келер ақын жоқ.

Роберто Чиули

3-оқушы

Ол – жаңаша ойлау дүниесінің өрені. Менің пайымдауымша, мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ... Нақ осындай заңғар деңгейдегі ақын XX ғасыр мен XXI ғасыр аралығында бой көрсетуі керек –ақ еді. Ол ақынның Мұхтар Шаханов екені даусыз.

Шыңғыс Айтматов

4-оқушы

Қалай десеңдер, олай деңдер, Мұхтар Шаханов — ұлт мүддесiн қорғаушылардың ең алдыңғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы ұлы ақын. Кешегi Желтоқсан көтерiлiсi кезеңiнде, ел ерге, ер жерге қараған сын сағаттарда сонау Мәскеудегi қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенiң алпауыттарына басын бәйгеге тiге отырып қарсы шыққан, сөйтiп, ұлтымызды үлкен әдiлетсiздiктен қорғап қалған осы жiгiт

Қасым ҚАЙСЕНОВ, Халық қаһарманы

2-жүргізуші:

Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,

Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын

Космополит басшыларшешпей ме, шеше ме?

Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?

Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе.

Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ақын туған тілінің тағдырына алаңдайды. Оның бір топ өлеңдері осы тақырыпқа арналған.

«Төрт ана», «Рух пен тіл» өлеңі Ермек Ақжол мен Рахымсейт Аружан.

2-жүргізуші : Мұхтар Шаханов поэзиясы – бұл адамгершілік поэзиясы, бұл – намысты жанитын, рухты оятатын поэзия. Бүгінгі кешімізден соң ақын шығармашылығына деген қызығушылықтарыңыз оянса, біздің мақсатымыздың орындалғаны. Бәріміз де сүйіп тыңдайтын «Арыс жағасында»  әнін бірге орындайық.  

2-жүргізуші: Өмірде өзімізді жоғалтып алмай, арманның биік асуларынан көріне берейік деген тілекпен бүгінгі М.Шаханов шығармашылығына арналған әдеби -сазды кешімізді аяқтаймыз.






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ