Материалдар / А.Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қарасөзі »

А.Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қарасөзі »

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай қарасөздеріне шолу жасай отырып, 29 қарасөзінің тақырыбы,идеясын анықтап, мән-мағынасын ашу. Оқушылардың білімін кеңейту. Дамытушылық: шығарманы талдату арқылы оқушылардың сөйлеу, ойлау, білім, білік дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін қастерлеуге, қадірлеуге үйрету. Түрі: аралас сабақ Әдіс-тәсілдері: СТО әдістері, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу Көрнекілігі: Абай «Қарасөздері» кітабы, ақын шығармалары, слайд
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1051
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ







Ашық сабақ

А.Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қарасөзі »











Өткізген:Қазанбаева.Г
















Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қарасөзі»

Сабақтың мақсаты:

Абай қарасөздеріне шолу жасай отырып, 29 қарасөзінің тақырыбы,идеясын анықтап, мән-мағынасын ашу. Оқушылардың білімін кеңейту.

Дамытушылық: шығарманы талдату арқылы оқушылардың сөйлеу, ойлау, білім, білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін қастерлеуге, қадірлеуге үйрету.

Түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: СТО әдістері, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу

Көрнекілігі: Абай «Қарасөздері» кітабы, ақын шығармалары, слайд

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбер.Абайдың нақыл сөздерін айтып,бір-бірлеріне тілек айту.

Топқа бөліну. (Кітап,аңшылық,тоғызқұмалақ)

1-топ.2-топ.3-топ

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

І.Абай.Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа өлеңі (тізбектеп)

ІІ.Өткен сабақты пысықтау

1-топ Бұл өлеңі қандай тақырыпқа арналған? (Қазақтың әніне)

2-топ Әнге қандай талап қойып отыр?

3-топ Абайдың қандай әндерін білеміз?

Абай (топтастыру)

Сөзжұмбақ

1.Жаңа түскен қардың ізі (Қансонар)

2.«Қазақтың бас ақыны»( Ахмет)

3.Өлең сөздің патшасы,сөз ...(сарасы)

4.Әйгерімнің шын есімі (Шүкіман)

5.Абай поэмасы (Масғұт)

6.Алғаш өлеңдерін кімнің атынан шығарған? (Көкбай)

7.Қарама-қарсы екі құбылысты салыстыра суреттеу (Антитеза)

«Қарасөз» деген сөз шығады.

М. Әуезов сөзімен: «Қараңғы түнде тау қалғып»- аудармадағы көркемдіктің, бейнеліліктің, әуезділіктің, дәлдіктің эталоны.

ІV.Жаңа сабақ

Білемін. Білгім келеді (Қарасөздер жайында білетінін айтады)

Бұған дейін Абайдың қандай қара сөзін оқыдық? Оларда не туралы айтылады? (31 қарасөзі)

Жаңа сабақ

Балалар,біз бүгін ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 1890-1898 ж.ж жазған шығармаларымен танысамыз.Олар қарасөз деп аталады.Қарасөздерінде ақынның философиялық көзқарасы айқын көрінеді.Абайдың 46 қарасөзі бар.Қарасөздерінің басты тақырыбы – иман,адамгершілік,ынсап.(қанағат)

«Абайдың 29 - қара сөзі» (мультимедиялық слайдтар арқылы)

Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.

Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:

Ар-ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40

Еңбек: 2, 4, 25, 42

Қазақ мақалдары: 5, 6, 29, 37, 39

Дүниенің тылсым сырларын тану:7, 19, 31, 38, 43

Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18, 44

Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33, 45

Қазақтардың мінез-құлқы: 4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ. (Абайдың 1 - қара сөзінен)

4. 29 - сөзбен аудиожазба арқылы танысу;

2. Сөздік жұмыс.Мехнеттану, диуана, періште сөздеріне түсінік бер.

Жаңа сабақты талдау:

Оқулықпен жұмыс.

-Енді осы жиырма тоғызыншы қарасөзден не ұқтық?

1топ. Тақырыбы мен идеясы. 29-қарасөздегі негізгі ой қандай?

2 топ. Мақал-мәтел деген не? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

3топ. Жиырма тоғызыншы қарасөзде сыналатын жағымсыз қасиеттер. (Топтастыру) 2 мин.

Барлық топ .Жеке жұмыс.(Екі жақты күнделік)

Мақал-мәтелдер Абайдың сыны Өз пікірің

1-топ «Алтын көрсе, періште жолдан таяды». Періште алтынды не қылсын?

2-топ «Ата-анадан мал тәтті,

Алтын үйден жан тәтті».

3-топ «Атың шықпаса, жер өрте» Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?

Мақалдың бәрі сөз маржаны ма?

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма? Қарама - қарсы мәндес, мағынасы бұлыңғыр мақал - мәтелдерге сын тұрғысынан баға беру.


Ас - адамның арқауы ----------- Ауру – астан

Есепті дос айырылмас--------- Есептескен дос болмас

Жақсыға сөз үйір----------------- Жақсыға шаң жуымас

Әке - асқар тау-------------------- Әкенің жақындығы жездедей-ақ.

Ұялған сыбағасынан құр қалар----------- Ақылың болса арыңды сақта:

Ар-ұят керек әр уақытта.

Шашы ұзын әйелдің ақылы қысқа----------- Шашыңды кескенің- бақытыңды

кескенің. Таудың көркі – тас,

қыздың көркі – шаш”

Ата-анадан жар жақын. Туысқаннан мал жақын Күтсең ата-анаңды, Кешірер атаң қатаңды. Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың өмірлік парызы.

Халық арасына мақал болып қалған Абай сөздерімен таныстыру:

1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..

2. Жаман дос - көлеңке,

Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,

Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.

3. Адал бол - бай тап, адам бол - мал тап.

4. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын

5. Баяғы жартас - бір жартас 6. Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сөйлеймін десең өзің біл

7. Ойын – арзан, күлкі қымбат

Постер қорғау

1-топ «Абай-ұлы ақын» 2-топ «Абай- аудармашы» 3-топ «Қарасөздері»

VI.Сабақты қорытындылау.

Біз «Жиырма тоғызыншы» сөз арқылы Абайдың қазақ мақалдарының кейбіріне берген бағасымен, сынымен таныстық, өз ойымызды білдірдік. Абай тек мақалдарды сынап қана қоймаған, кей қарасөздеріндегі ойлары қанатты сөздерге айналып кеткен. Әсіресе «Отыз жетінші» қара сөздері осындай сөздерге бай.

VII. Үйге тапсырма.

1.Абай. Жиырма тоғызыншы қара сөзін жаттау. 5-қарасөзін оқу,талдау

2. «Ата-анадан тәтті жоқ» эссе

VIII. Бағалау


«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ







Ашық сабақ

А.Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қарасөзі »











Өткізген:Қазанбаева.Г




















2016-2017 оқу жылы
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ