Материалдар / Ақыл-ой кемістігі бар баланы нейрожаттығулар көмегімен дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақыл-ой кемістігі бар баланы нейрожаттығулар көмегімен дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың дені сау, терең білімді де саналы болғаны біз үшін ең үлкен жеңіс болары анық. Алайда өмірде дамуы нормасы әр түрлі балаларды көреміз. Көптеген балаларда тік тұрудың пайда болуы кешіктіріледі, яғни олар кейінірек басын ұстап, отыра, тұра, жүре бастайды. Ақыл-ойы бұзылған балаларда дені сау балаға тән, қоршаған әлемді білуге деген ұмтылыс жоқ, сыртқы ынталандыруға реакция төмендейді, немқұрайлылық, айқайлау, мазасыздық, ашуланшақтық және т.б. олардың ересектермен эмоционалды қарым-қатынас жасау қажеттілігі жоқ болып келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2024
70
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақыл-ой кемістігі бар баланы нейрожаттығулар көмегімен дамыту



Әлмұратова Ақерке Әлмұратқызы, Дефектолог маманы

Атырау білім бөліміне қарасты № 6 «Гүлдер» бөбекжай бақшасы КМҚК



Еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың дені сау, терең білімді де саналы болғаны біз үшін ең үлкен жеңіс болары анық. Алайда өмірде дамуы нормасы әр түрлі балаларды көреміз. Көптеген балаларда тік тұрудың пайда болуы кешіктіріледі, яғни олар кейінірек басын ұстап, отыра, тұра, жүре бастайды. Ақыл-ойы бұзылған балаларда дені сау балаға тән, қоршаған әлемді білуге деген ұмтылыс жоқ, сыртқы ынталандыруға реакция төмендейді, немқұрайлылық, айқайлау, мазасыздық, ашуланшақтық және т.б. олардың ересектермен эмоционалды қарым-қатынас жасау қажеттілігі жоқ болып келеді. Болашақта бұл балалар ойыншықтарға қызығушылық танытпайды, демек, ойыншықтармен бірлескен іс - әрекеттер негізінде ересектермен қарым-қатынасқа уақтылы көшу болмайды. Сондықтанда бұл балалармен дер кезінде жұмыс жасауымыз керек. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды дамыту — бұл күрделі әрі көпжақты процесс, ол арнайы педагогикалық және медициналық көмекті талап етеді. Қазіргі уақытта нейрожаттығулар осы балалардың дамуында маңызды рөл атқарады. Нейрожаттығулардың мақсаты — мидың жұмысын жақсарту, ақыл-ой қызметін стимулдау, ойлау, есте сақтау және зейін сияқты негізгі когнитивті функцияларды дамыту.

Нейрожаттығу дегеніміз не? Алдымен осы сұраққа жауап қарастырайық. Нейрожаттығу бұл ми жаттығуларының бір түрі. Нейрожаттығулар — бұл мидың қызметін жақсарту үшін бағытталған арнайы жаттығулар. Олар баланың миы мен нерв жүйесінің түрлі бөліктерін белсендіреді, сөйтіп оның танымдық және моторлы дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Нейрожаттығуларды ақыл-ой кемістігі бар балаларға қолдану балалардың миы мен жүйке жүйесінің қайта қалпына келуін және дамуын ынталандырады. Олардың бірнеше түрі бар: ми гимнастикасы, нейрогимнастика, кинезилогиялық  жаттығулар деп атауға болады. Ми жаттығулары тек қана миға емес, басқада органдарға оң әсер  етеді. Негізі  кинезиологиялық ғалымдардың айтуынша жаттығуды күнде жасаған дұрыс. Жаттығуды 2 жастан асқан  балаларға жасатып бастайсыз. Ми дұрыс даму үшін екі жарты шарды дамыту маңызды. Кейбір адамдардаң сол жақ жартышары басымдылық танытса, кейбір  адамдарда оң жақ жартышары басымдылық танытады. Екі жартышардың байланысын белсендіру әдістерінің бірі –екі қолмен сурет салу. Бұл жерде салынған суреттің маңыздылығы емес, тапсырманың жаңа болу деңгейі маңызды. Себебі ми жартышарларының арасында байланыс орнату барысында баланың оқу қабілеті жоғарылайды, яғни білім алу айтарлықтай жеңіл және эфективті болады.

Сол жақ ми бөлігі сөйлеуге, логикаға, сандарға, анализ жасауға, оқуға, жазуға, дененің оң жағына, себеп-салдар байланысын орнатуға, жалпылауға, уақыт шамасына жауап береді. Ол үшін балаға: страгиялық ойындар, ребустар, жұмбақтар, оқу мен жазу бойынша жүзеге асырамыз.

Ал оң жақ ми фантазияға, дыбыстарды қабылдау (жан-жануарлар, құстардың дыбыстары, көше немесе үй дыбыстары), интонацияға, символдар мен бейнелер, эмоциямен байланыс, бет әлпет пен түсті қабылдау, шығармашылық, толық қанды бейнелер (суреттер), яғни бөлшектеп емес, арманға, өлшемге, көрген түстерге, музыкаға жауап береді. Оң жақ ми бөлігін жақсарту үшін балаға дыбытарды тыңдап ажыратуды үйретеміз, заттардың құрылымын пішінін зерттейміз.

Нейрожаттығулардың түрлері

Моторлы жаттығулар: Моторлы дағдыларды дамытуға арналған жаттығулар ми мен жүйке жүйесінің белсенділігін арттырады. Бұл жаттығулар дене қимылдары мен қозғалыстарды дұрыс үйлестіруге, қол-аяқ қозғалыстарын дамытуға бағытталған. Мысалы, жүгіру, секіру, шармен ойнау немесе түрлі жаттығулар жасау. Жаттығулар мен түрлі ойындармен жұмыс жасау арқылы баланың тұлғалық дамуын қалыптастырады.

Зейін және есте сақтау жаттығулар: Ақыл-ой кемістігі бар балаларда зейін мен есте сақтау дағдылары жиі әлсіреген болады. Нейрожаттығулар зейінді шоғырландыруға және есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған. Мұндай жаттығуларға ойындар, ребустар, логикалық тапсырмалар және визуалды жаттығулар жатады.

Ойлау және қабылдау жаттығулар: Ойлау дағдыларын дамыту үшін балаларға әртүрлі тапсырмалар мен ойындар ұсынылады. Мысалы, логикалық сұрақтар, ақыл-ойды дамытуға арналған жұмбақтар, фигураларды сәйкестендіру сияқты жаттығулар. Қиылған суреттерді сәйкестердіру және таяқшалармен жұмыс жасау арқылы баланың зейіні мен дағдысын қалыптастырады.

Shape1

Тіл дамыту жаттығулар: Тілдік дағдыларды дамыту нейрожаттығулар арқылы мүмкін. Мұнда балаларға сөздермен жұмыс істеу, сөйлемдер құрау, есту арқылы тапсырмаларды орындау ұсынылады. Бұл жаттығулар ішінде саңырауқұлақ пен ашуланған мысық жаттығуы ақыл-ой кемістігі бар балалардың тілін дамытуға көмектеседі.

Когнитивті-жеке даму жаттығулар: Бұл жаттығулар баланың өз-өзіне сенімін арттыруға, дербестігін дамытуға бағытталған. Мысалы, күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты түрлі ойындар мен тапсырмалар. Мұндай жаттығулар баланың әлеуметке бейімделуіне және өзін-өзі басқару дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. Когнитивті жаттығулардың ішінде ұсақ моторисын қарастырсақ болады. Доптың көмегімен ұсақ моторика мен дене арқылы сезінуге арналған арнайы құралдар дайындауға болады.

  • «Түрлі – түсті шарлар» – қол саусақтарымен шариктерді жоғары – төмен айналдырып домалату.

  • «Жаңбыр» – шариктерді домалату.

  • «Парашютистер» – дауысты дыбыспен шариктерді домалату.

  • «Жүзеді, жүреді, шабады» – арнайы жолдармен шариктерді домалату. Бұл жаттығулардың барлығын бала біреудің ата анасының немесе ұстазының көмегімен жасайды. Сол арқылы баланың дамуын жүзеге асырады.

Нейрожаттығуларды жүргізудің принциптері:

Жеке бағдарлама: Әр баланың ерекшеліктерін ескеріп, жеке дамуына арналған жаттығулар құру керек. Бұл балалардың даму деңгейі мен ерекшеліктеріне байланысты болуы тиіс.

Дұрыс реттелген жаттығулар: Нейрожаттығуларды кезең-кезеңмен және жүйелі түрде орындау қажет. Әрбір жаттығу біртіндеп қиындатылып, баланың қабілеттеріне сәйкес келуі тиіс.

Қолдау және мотивация: Баланың психологиялық жағдайын ескеріп, оны қолдау өте маңызды. Жаттығулар барысында баланың жетістіктері бағаланып, мотивациясын арттыру қажет.

Тұрақты бақылау: Жаттығуларды орындау кезінде баланың дамуын үнемі бақылап отыру керек. Бұл жаттығулардың нәтижелілігін анықтауға және қажет болған жағдайда түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!