2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Әр түрлі снарядтарды нысанаға, қашықтыққа лақтыру техникасы

Әр түрлі снарядтарды нысанаға, қашықтыққа лақтыру техникасы

Материал туралы қысқаша түсінік
5 «А» сынып 1-бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту Әр түрлі снарядтарды нысанаға, қашықтыққа лақтыру техникасы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Мектеп

«Қарабұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі » КММ

Мұғалімнің аты-жөні

Зияданов Тлеген Бекзатович

Сынып

5 «А»

Күні

24.09.2024

Қатысушылар саны:

5

Қатыспағандар саны:


Бөлім

1-бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту

Сабақтың тақырыбы

Әр түрлі снарядтарды нысанаға, қашықтыққа лақтыру техникасы

Оқу мақсаттары

5.1.1.1. Аздаған ауқымдағы арнайы спорттық спецификалық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын білу және түсіну

Сабақ мақсаттары

Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және икемділікті дамыту

Бағалау критерийі

Қозғалыс әрекеттерін бақылайды. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: әр түрлі дене жаттығуларында жүгірумен, секірумен және лақтырумен байланысты дағдыларды сипаттай және талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ширату және қалпына келу техникасы, эстетикалық созылу, динамикалық созылу, орнынан тұрып ұзындыққа секіру, екпін алып ұзындыққа секіру, «аттау» тәсілімен биікке секіру, секірулерді орындау кезеңдері: екпін алу, ұшу, қону, тамыр соғысы жиілігі, тыныс алу жиілігі, күш, координация, тепе-теңдік, жылдамдық, олимпиада ойындары, жарыстар, өнертапқыш, креативті, ережелер

Талқылауға арналған сұрақтар:

- жүгіру кезінде қандай физикалық қасиеттер дамиды?

- ұзындыққа секіруді орындаған кезде, біз қандай физикалық деректерге ие болуымыз керек?

- сендердің жүгіру техникаларыңа қатысты топ мүшелері нақты кері байланыс ұсына ма?

- дене әрекеттерін орындамас бұрын, неліктен сендерге ширату орындау қажет?

- ширатуға арналған, қауіпсіз және жас шамасына сай келетін қандай жаттығуларды білесіңдер?

- лақтыру кезінде қандай қауіпсіздік режелері туралы есте сақтауымыз керек?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру техникасын үйрету

Спорттық және қозғалмалы ойындар

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың

басы










10 минут

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Саптық жаттығулар:

 1. Оңға бұрыл!
 2. Солға бұрыл!
 3. Кері айнал!
 4. Оңға!

Бағыттаушының соңынан оң иық алда, жай жүріспен бас!

Жүру  жаттығулары:

 а) қол жоғары, аяқтың ұшымен жүріп бас!
 ә) қол желкеде, өкшемен жүріп бас!
 б) қол белде, табанның сыртымен және ішкі жағымен бас!
 в) қол алда, жартылай отырып бас!
 г) қол еркін, толық отырып бас!
 ғ) Ысқырық бойынша жоғарыға секіріп, қолды соғу.

Тапсырмасыз! Жай жүгіріске көш

. Жүгіру жаттығулары:

1. Оң қапталмен қолды алдыға айналдырып бас.
2. Сол қапталмен қолды артқа айналдырып бас.
3. Оң (сол) қапталға қайшылап бас!
4. Алға (артқа) қайшылап бас!
5. Аяқты ашып, алға секіріп бас!
6. Екі адым жасап, жоғары секіріп бас!
7. Тізені кеудеге тартып,секіріспен бас!

-Сынып! Қадаммен жүр.

Жүріс кезінде орындалатын Ж.Д.Ж

1. Қол жанда, 4-сан білектен, 4-сан шынтақтан, 4-сан толық қолды йықтан алға айналдыру
(артқа)
2. Оң қол жоғары, қолымызды жоғары төмен сермиміз
3. Қол басы құлыпта, 1-4сан білезікті оңға (солға) айналдыру.
4. Қол йықта, йықты алға 4 артқа 4 айналдыру
5. Қол кеудеде, шынтақтан бүгулі, қолды жазып, жазбай сермеу.
6. Қол кеуде алдында, кеудені оңға солға бұру

-Сынып! Тыныс алуды қалыпқа келтіреміз.




Әрбір қызмет

түрі үшін үлкен

бос кеңістік,

ысқырғыш

мұғалімге уақыт

өлшегіш,

фишкалар.

Ғаламтор ресурсына


сілтеме:

Ысқырық,

секундомер,

өлшегіш, теннис

доптары,

құрсаулар,

конустар, б

елгілеуші таңбалар,

бор

http://sportwiki.to/%D0%A2%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0_%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%B0

http://sportwiki.to/%D0%A2%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0_%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%B0


Сабақтың

ортасы

30 минут

Допты алақанға жабыстырмай, лақтыратын қолдың саусақ ұштарымен ұстау қажет. Сұқ, ортаңғы пен атаусыз саусақтар рычаг тәрізді доптың артында орталасқан, ал бас бармақ пен шынашақ оны жанынан ұстап тұрады. Екпін алмас бұрын лақтырушы снарядты бүгулі қолмен иығының үстінен ұстайды.

Лақтыру кезінде лақтыратын қолға қарама-қарсы аяқ алға шығуы керектігін оқушылардың есіне салыңыз. Басынан асыра лақтыруды орындаған кезде қол төмен және артқа кетеді (дайындық кезеңі), ал жамбас пен иық алға тартылады.

Екпін алудың бірінші (алдын ала) сатысы бастапқы күйден жеке таңдалатын бақылау белгісіне дейін басталады. Бірлескен жұмыс барысында оқушыларды бақылаңыз және олардың назарларын бірлескен жұмыс/жарыс дағдыларына, сондай-ақ лақтыру кезіндегі жеке қабілеттерге аударыңыз.

Сұрақ қойыңыз: Жаттығуды қауіпсіз әрі әділ өту үшін сендерге қандай ережелер қажет? Жаттығуды қалай барынша қызықты немесе өнертабысты етуге болады?

Әр түрлі снарядтарды нысанаға және алысқа серпу мен лақтыру техникасы

(С, Т, К) Оқушылар жұптарда теннис добымен жұмыс істейді.

Жұптарда теннис добын лақтыру

1. Білезікпен лақтыру, қол 45 градусқа бүгілген, шынтақ кеуде тұсында, тек білезікпен лақтыру.

2. Орнында тұрып басынан асыра лақтыру. 3 м арақашықтықта.

3. Басынан асыра еденге лақтыру.

4. 5 м арақашықтықта екі қадамнан лақтыру.

5. Қиық қадамды пысықтау.

6. Қиық қадамнан 7 метр арақашықтықта лақтыру.

7. Екпін алып лақтыру.

ЖЖ, К, Ф) Әріптестер бірге жұмыс істейді және құрсауларды конустармен/белгілеуші таңбалармен белгіленген лақтыру сызығынан берілген учаскеге лақтырады. Әрбір оқушы үш рет лақтырады және әріптесі ұзындықты өлшеп, бормен белгілейді.

Оқушылар бірін-бірі бағалау.

Өзін-өзі бағалау

Әрбір қызмет

түрі үшін

үлкен

бос кеңістік,

ысқырғыш

мұғалімге

уақыт

өлшегіш


Сабақтың

Соңы/

рефлексия

5 минут








Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия



«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.











Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі.



Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.





04 Ақпан 2025
89
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі