Архат бекеті және оның тарихи маңызы Архаттың тағы бір ерекшелігі тоғыз жолдың торабында орналасуы. Сондықтан да осы мекен талай тарихи оқиғалардың куәсі болған аймақ. Архат тауының шығысында 2 км. ге созылған ескі қораның орындары көп. Бұл жер-Архат бекеті деп аталады. Ол ІІ Николай патша заманында Семей-Аякөз-Алматы керуен жолы бойында орналасқан, осы аймақтағы алғашқы отырықшы ауылдардың бірі болса керек. Сол замандарда бұл мекенді жергілікті халық “Ресей жазығы” немесе “Сергиопольские трасса” деп атаған. Патша үкіметі үшін бұл аймақтың маңызды болғанының бірнеше дәлелі бар. Онда бүгінгі күнде Архат бекетінің үйлерінің орыны, сонымен қатар патшаның салдырған сан түрлі түрменің бірі, зынданының орны сақталған.
Патша заманында Семей-Аякөз-Алматы қалаларына қатынаста бекеттен жолаушылар бекетке жетіп дейін жетіп, демалып, ат, арбаларын ауыстырып отырған. Мысалы, біздің аймақта Жартас, Қызылмола, Архат, Әлжан т.б бекеттер болған. Олардың ара қашықтығы 25 шақырымды құрайды. Осы бекеттерді байланыстыратын ІІ Николай заманының телеграф бағаналары болған, бағаналардың түбіне екі қатар тастан қашап орнатылған тас тұғырлар орнатылған. Тастарды осы аймақтағы Сынтас елді мекеніндегі таудағы тастан алған. Тауды қопарып, тасты қашаған сол кездегі патша жұмысшыларының еңбегі әлі күнге дейін елді таңғалдырып келеді (5- сурет)

5-сурет
Архат бекетінде түрмемен қатар мектеп аштырған. Көнекөз қариялардың айтуынша, ол мектеп - бастауыш мектеп болған. Онда осы бекетте жұмыс істеген, тұрған патша қызметкерлерінің балалары оқыған. Тіпті мектепте мұғалімдік қызмет етіп, білім берген және осы жерде қайтыс болып жерленген Владимир Васильевич Гаргиннің басына қойылған тас бүгінгі күнге дейін сол қалпында сақталған. Онда: “Здесь покоется Владимир Васильевич Гаргин. Скончался 8 июлья, 1915 год. 55 лет” деп тасқа ойылып жазылған сөзді анық оқуға болады (6- сурет)

6-сурет
Патша үкіметінің салдырған түрмесі. Бұл түрменің салынуы ХХ ғасырдың басындағы дүрбелеңмен, негізінен атаман Анненковтың есімімен тығыз байланысты. Абақтыны салдырудағы басты мақсат: алдыңғы қатарлы саяси ой ағымын тұншықтыру. Қараған адамның бойына үрей туғызатын түрменің бүгінде тек бір қабырғасы ғана аман қалған (6- сурет). Дегенмен, тастың қалыңдығына қарап, оның қалануы мен іргетастың беріктігін көруге болады. Түрме Семей-Аякөз аралығында саяси тұтқындарды этаппен айдағанда оларды жолда қамау үшін пайдаланылған.

6-сурет
Осы абақтының қасында зындан бар. Бүгінде осы елді мекенде қыстайтын Елубаевтар ол зынданға малы түсе бергендіктен оны қойдың жүнімен бітеп тастаған екен. Бұл зынданда ІІ Николай патша кезінде пайдаланған. Түрменің жанында орналасқан зынданның іші тастан қаланған, тереңдігі 5-6 метр, диаметрі 3 метр аумақты алып жатыр. Абақтыдағы тұтқындарды тергеу кезінде немесе оқшаулау кезінде пайдаланылған. Жалпы Семейден әкеле жатқан тұтқындарды Алматы немесе Аякөз қаласына жеткізуде Архат бекетіне аялдаған патша жанкештерінің тұткындарды түсіріп, қамауда ұстайтын орыны болса керек.
Жалпы Архат бекеті -1919 жылдың басында Омбы мен Семейде құрылған атаман Анненков басқарған жаңа дивизияның Жетісуға өтер жолдағы Саршоқы, Айнабұлақ атырабындағы ауыл азаматтарының ойсырата соққы беруінің куәсі болған аймақ. Сондықтан, бұл жерде “Қызыл қырылған”, “Қызыл қырған” деген әңгіме қалған. Оны көзімен көрген және Атаман Анненковтың талай зұлымдығының куәсі болған шешен де шежірелі қарт Ақанов Мұсағали айтып отыратын еді [12]. Бекеттің шығысындағы беткейдегі ескі қорымда кейінгі кезге дейін адам сүйектері шығып жатқан дейді. Бұл бейітке Анненков әскерімен күресте қаза тапқан жүздеген азаматтардың сүйектері жинақталып жерленген (жергілікті азаматтар жинақтаған). Бейітте көбіне Қостанайдағы жасақталған 318 дивизияның жауынгерлері жерленген (атты әскер). Кеңес үкіметі тұсында ауыл азаматы, білікті тарихшы Сүлейменов Төлеген мұғалімнің басшылығымен тас белгі қойылған. Онда: “Бұл жерде 1919 жылы совет өкіметін орнату жолындағы күресте ақ гвардияшы атаман Анненковтың отрядымен қанды шайқаста қаза болған жүздеген қызыл әскерлер жерленген. Архат бекеті. Абай ауданы, 1985 жыл” деп жазылған.
Сондай-ақ 1919 жылы Колчак жасақтары ІІ Николай патшалығы кезінде салына бастаған Семейтау, Көкен, Ойқұдық, Көкпекті, Қолат, Қостуған арқылы Аякөзге өтетін темір жол құрылысын өздері Қытайға өту үшін жандандыра бастаған. Бірақ оны жергілікті халық қабылдамай, қиратып, бүлдіріп, кедергі келтіріп отырған. Міне, осы бітпей қалған темір жолдың сүрлеуі әлі де сақталған.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Архат бекеті

шағым қалдыра аласыз