Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Артқапы құпиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас буын, оқушылардың танымдық қабілетін арттырады. Қызықты әрі мол ақпарат береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Артқапы құпиялары.

Артқапы тауы-Маңғыстау облысында, Шетпе мен Бекі тас жолының бойында орналасқан ерекше тау. Таудың географиялық орналасу орны да,геометриялық пішіні де айрықша. Маңғыстаудың тұрғыны болып, бұл жерден талай көліктің шаңын шығарып өтіп бара жатып, тек терезеден ғана көз қырымызды салып өтуші едік. Осы жолы арнайылап ат басын бұрдық.

Қараша айының тоғызыншы жұлдызында, Жанбибі апай мен Жантөре апайдың бастамасымен, жас буын, оқушыларымызды жетектеп, оларға Маңғыстау өлкеміздегі қасиетті сыр тұнған жерлерімізді аралаттық. Көздерімен көріп, қолдарымен ұстап көрген оқушыларымыз, бір күн бойы рухани азық жинап, жоба қорғауға деген қызығушылықтары одан әрмен арта түскендігін байқадық. Оқушылардың айтуы бойынша Артқапы тауына алғаш рет келіп тұрулары екен. Алған әсерлерін жол бойы айтып, бір-бірімен мәрі-сәре болып келді.

Автобустан түсе сала көзімізге, биіктігімен манғазданып, көркемдігімен көз жанарын сүйсіндіретін Маңғаз өлкеміздің тағы бір ғажайыбы – «Артқапы» аталатын тау түсті. Жол бойына автобусымызды қалдырып, тауға дейін жаяу көтерілдік. Тауға көтерілгенше сахараның құмындай сусылдақ сары құм аяқ киімімізге кіріп, ойнақшиды. Бірақ оған алданып келе жатқан адам жоқ. Бәрінің ойы, көз жанары тау мүсінінде. Артқапы тауының бір ерекшелігі сол- геометриялық пішінінде. Оның пішіні- геометриялық тұрғыда –трапецияға, кординанта осі бойынша – параболаға ұқсас. Көзге оттай басылып,өзіне тартып тұрады. Флорасы мен фаунасы да Маңғаз өлкеміздің ережесін сақтағандай. Қара ағаш, жыңғыл секілді өсімдіктерді байқадық. Топырағы да, тау беткейімен бірдей, сары топырақты екен.

Таудың Артқапы деп аталуының да өзіндік мәнісі бар. Тау жағалай әрі жартылай дөңес орналасқан. Тамашалап келген адам да, саялап келген жануар да артқа қайтар жол болмағандай, қапыға келіп тірелгендей көрінеді шамасы. Таудың аталу себебін біз осылай болжадық.

Таудың негізгі ерекшелігі – тау ішін қаптай кеуектердің орналасуы. Кеуектер – бейне бір құстардың өздеріне арнап салған ұялары, баспаналары істепті. Алғашында оқушылар солай ойлады. Кейін ол кеуектердің желдің ыққа келіп соғуынан мүжіліп жасалғанын түсінді. Оқушылармен бірге осы жерде топқа бөлініп, «Жалпы бақылау, салыстыру, зерттеу» жұмыстарын жүргіздік. Жанбибі апай мен Жантөре апай, сұрақтарға жауап берген оқушыларға рухани азық болсын деп, Маңғыстау жазушыларының кітаптарын үлестірді. Осылайша жаңа ақпараттармен танысып, мол рухани азыққа кенеліп қайттық.

Маңғыстау –тұнып тұрған тарих, Ашық аспан астындағы мұражай,-демекші. Тарихының тамыры тереңге тартқан Маңғыстау жері талайларды тамсандырған. Ашылмайған қыры мен сыры көп-ақ. Зерттелмеген тау, тасы да қаншама. Біз ұстаздар - жас буын, оқушыларымыздың алға жетелер, бағыт-бағдар берер жетекшілеріміз. Сол себепті білім алушыларымыздың қызығушылығын арттырудан, білім беруден шаршамайық !



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2020
403
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12