Асқар Алтай. «Прописка» әңгімесі. ҚМЖ Сабақ жоспары 6-сынып. қазақ әдебиеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Асқар Алтай. «Прописка» әңгімесі. ҚМЖ Сабақ жоспары 6-сынып. қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мақсаты: 6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

6

Сабақтың тақырыбы:

Асқар Алтай. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі көркем проза. «Прописка» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау

Сабақ мақсаты

әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру


Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру «Шаттық шеңбері» «Өзіңізге тілегенді- басқаларға тілеңіз». – Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Сыныпты 4 топқа «7 қазына» әдісі арқылы бөлу.

Тиімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады

Оқулық, жұмыс дәптерлері


Жаңа білім



Қызығушылықты ояту кезеңі

Сынып

Прописка сөзінің мағынасы қандай?

Балалар, әңгіме эпиграфында автор: «Желтоқсанда із-түссіз кеткендердің рухына бағыштаймын»,- дейді. Қалай ойлайсыңдар, желтоқсан мен прописка сөзінің арасында қандай байланыс болуы мүмкін?


Дескриптор:


Балалар шығарма мазмұнын болжайды


Сабақтың ортасы


Таным минуты










«Сөйлемді жалғастыр» әдісі. Жеке жұмыс


Әңгіме мазмұнымен танысу

«Шынжыр» әдісі

Әңгіме фабуласын құру. Топтық жұмыс














Сабақты бекіту

«Конверт сұрақ» Жұптық жұмыс


Прописка дегеніміз әрбір азаматтың тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуге тұруы.

Фабула дегеніміз- шығармада баяндалатын тұтас оқиғалардың мазмұнын баяндау.

Сюжет дегеніміз- шығармада баяндалатын оқиғалардың тізбегі, оқиға желісі.

  • Әңгіменің тақырыбы бойынша мен мынадай ой түйдім...

  • Мен «прописка» сөзін былай түсіндім...

  • Желтоқсан көтерілсі жайлы мынадай мәліметтер білемін...

Әңгіме 4 топқа бөлініп беріледі. «Сканерлеп оқу» әдісі арқылы жүзеге асады.



«Шынжыр» әдісі арқылы негізгі оқиғалар тізбегі айтылып шығады.

Әңгіме фабуласын берілген үзінділерді ретімен қоя отырып құрастырыңдар.

Оқушылар оқиғалар тізбегін құрады.

  • Архаттың жолға шығуы

  • 1979 жылы Алматыға көшкенін еске алуы

  • Желтоқсан оқиғасының есіне түсуі;

  • Автобустың бұзылуы

  • Архаттың әскердегі кезі есіне түсуі

  • Үш жолаушы автобустан шығып, боранда жаяу жолға шығуы;

  • Жетсісу ауылының ауылсоветі Қақатаевпен сөйлесуі есіне түсуі

  • Подполковниктің Архатта пропискасының жоқтығына шүйлігуі, есіне түсуі;

  • Шофер бой бермей автобустан шығып кеткен үш жігіт жайлы тиісті органдарға хабарлауы;

  • Жолаушылар мінген автобус Самарға кері қайтуы

  • Бұландай жігіттердің оралмауы

  1. Әңгіме кейіпкері кім?

  2. Ол не үшін жолға шыққан еді?

  3. Оқиға қай мезгілде, қай жерде өтеді?

  4. Архат қандай тарихи оқиғаларды еске алда?

  5. Жолаушылардың автобустан жаппай далаға шығуының мақсаты не?

  6. Автор аязды күнді қалай суреттейді?

  7. Неліктен үш жолаушы автобустан түсіп кетіп қалды деп ойлайсыңдар?

  8. «Сұрап алған аурудың емі жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?

  9. Әңгімедегі кейіпкердің көңіл-күйі қандай?

  10. Архатты ауылға пропискаға неге «отырғызбады?»


Дескриптор :

-әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды

Дидактикалық материал, қима қағаздар, конверт


Үй тапсырмасы

Шығарма желісіне сүйене отырып, кейіпкерлерге жігерлендіру хатын жаз.



Рефлексия

Рефлексия. «Плюс- Минус-Қызығамын» кестесі


«Плюс»

(+)

Сабақта қызық болған, пайдалы болар деп ұйғарылған мәселелер жазылады.

«Минус»

(–)

Сабақта сәтсіз шыққан, пайдасы жоқ не шамалы болды деп ұйғарылған мәселелер жазылады.

«Қызығамын» (?)

«Не білгім келеді?» немесе «Бұл мен үшін қызық бола ма?» деген сұрақтарға жауаптар келтіріледі.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2024
1601
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі