Ашық сабақ 3 сынып "Өзбек биінің қимылдары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 3 сынып "Өзбек биінің қимылдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға көмек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Өзбек биінің қимылдары»

Мақсаты: Өзбек биі туралы қысқаша мағлұмат беріп, өзбек биі қимылдарының тәсілдерін үйрету. Биге деген сезімін, ынтасын оятып, өзіндік қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Айна, музыка,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен оңға және солға сәлемдесу қимылын жасаймыз.Музыка әуені қосылады.Оқушыларды екі қатарға тұрғызып дене қыздыру жаттығулары жасалады.

2.Жаңа сабақ :

Сабақты бастамас бұрын өзбек халқының мәдениеті жайлы шағын видео ролик көрсету. Бірінші үйренетін қимылымыз басты қозғалту. Дененің төрт нүктесін тік ұстап, басты оңға және солға қозғалтамыз. Басты қозғалтқан кезде иықтың қозғалмауын қадағалау керек. Келесі қимыл қол қимылдары: Екі қолды жанға 2- позицияға ашып саусакты шыртылдатамыз. Аяқ 2- позицияда ашық болып , дене мен басты оңға және солға қозғалту арқылы жасалады. қозғалту арқылы жасалады. Сол қолды белге қоямыз да оң қолды саусақтарды шыртылдату арқылы шеңбер жасаймыз. Бұл кезде аяқ 6- позицияда жартылай отырып тұру қимылын жасап тұрады. Сол қолды белге қойып, оң қолды жанға ашып 1-2 ге білектен төмен сыртылдатып, 3-4 ке екі қолмен саусақтарды шыртылдату арқылы үлкен шеңбер жасаймыз. Екі қолды жанға ашып бір рет айнала келе отырамыз. 1-2-3-4 ке қолды оң жаққа және сол жаққа кезек- кезек айналдырып, 5-6-7-8 ге екі қолды алдыға ашамыз. Екі аяқты бір –біріне ұру арқылы оң жаққа секіреміз.Қол сылдырмақ қимылын жасайды. Жұппен айналу қимылы: екі оқушы бір –бірінің белінен ұстап, бос қолдарымен сылдырмақ жасайды.Бұл қимылда ден кішкене артқа майысыңқырап тұрады және бас қозғалыста болады. Бұл қимылдарды әдемі , нәзік, музыка ырғағына сәкес ілесе жасалатынын айтып қадағалау. Өзбек музыкасын қойып, осы үйренген қимылдарды әуенге қосып билеп кореміз.

3.Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіре отырып, дайындалған Шара Жиенқұлова апайымыздың суреті бар медальдарды тағып рахмет айтып , сабақты аяқтаймыз.

6.Үйге тапсырма:

Жаңа өткен сабақты үйден жақсылап қайталап келу.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2020
1113
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі