Материалдар / Ашық сабақ “40 тармақты Қосбасар", “Әбдидің күйі “Қосбасар”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ “40 тармақты Қосбасар", “Әбдидің күйі “Қосбасар”

Материал туралы қысқаша түсінік
• Қосбасарлар туралы мәлімет беру. • Күйді жоғары деңгейде орындауға үйрету, орындаушылық өнердің әдіс-амалдарын меңгерту. • Шертпе күйді орындау шеберлігін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2021
542
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы

МКҚК №2 Балалар музыка мектебі


Домбыра пәні бойынша ашық сабақ



Тақырыбы: “40 тармақты Қосбасар", “Әбдидің күйі “Қосбасар”


Оқушы: 3 сынып оқушысы - Абдикалик Сара


Оқытушы: Самарханова Н.Б.


Шығармалар: Қыздарбек “Сылқым қыз” , Әбди “Қосбасар” 2түрі.


Сабақтың мақсаты:

  • Қосбасарлар туралы мәлімет беру.

  • Күйді жоғары деңгейде орындауға үйрету, орындаушылық өнердің әдіс-амалдарын меңгерту.

  • Шертпе күйді орындау шеберлігін арттыру.


Сабақтың міндеті:

  • Шеберлігін арттыруға арналған жаттығуларды үйрету

  • Шертіп ойнау және перне басу әдістерін түсіндіру

  • Ойнап көрсету

  • Үнтаспадан тыңдауды үйрету

  • Дәстүрге сай саусақтарды қолдану


Тәрбиелігі:

  • Оқушының еліне, салт-дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту

  • Күйлердің түрлерін үйрену арқылы қазақтың ұлттық аспабы домбыраны қадірлеуге, бабамыздың күй мұрасын жалғастыруға тәрбиелеу.

  • Күй өнері арқылы оқушының жеке басын адамгершілікке, өз-өзін ұстауға, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың ұстанымы: «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең терең толғаулы, ең терең сырлысы- күй». М.Әуезов.


Дамытушылығы:

  • Орындаушылық шеберлігін дамыту.

  • Музыкалық қабілетін, шығармашылық, эстетикалық талғам-сенімдерін дамыту.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі жеке сабақ


Сабақтың әдісі:

  • Теориялық

  • Практикалық


Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер:

Аспап (домбыра), кітаптар, нота, куйлер үнтаспасы, cуретті кесте, бейнепроектор



Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасы:

Қыздарбек “Сылқым қыз”

ІІ. Негізгі бөлім

Жаңа сабақ: Қосбасарлар мағынасын түсіндіру. Әбдидің күйі “Қосбасар” 2түрі


ІІІ. Қорытындылау

Үй тапсырмасы

Бағалау




І. Ұйымдастыру кезеңі


Сабақ кезеңдері мен бөліктері

Мазмұны

Оқыту

әдіс-тәсілдері

Тәрбиелеу және даму.

Пәнаралық байланыс

Ұйымдастыру бөлімі. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушыны сабаққа дайындау. Шертпе күйдің қойылымына арналған жаттығуларды ойнау. Үй тапсырмасын тексеру. Қыздарбектің күйі Сылқым қыз

Түсіндіру, сұрақ, жауап, баяндау, бағалау, күй тыңдау. Тапсырманы орындау барысында техникалық мүмкіндіктерін, арттыру, дыбыс шығару мәселесіне тоқталу.

Оқушының еліне, салт-дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту.


ІІ. Негізгі бөлім

Жаңа сабақ:

Сабақ кезеңдері мен бөліктері

Мазмұны

Оқыту

әдіс-тәсілдері

Тәрбиелеу және даму.

Пәнаралық байланыс

Әбдидің күйі

Қосбасар” 2түрі

Қосбасарлар” туралы бірер сөз. Арқа өңірінің көрнекті күйшісі Әбди Рысбекұлының шығармашылығымен танысу. Күйге талдау жасау. Шығарманы мәнерлі, шебер орындауға үйрету.

Үнтаспа тыңдау. Күйді орындап беру. Қағыс, екпінімен жұмыс жасау,ырғағын санап ойнату.

Терең ойлы, үлкен толғанысты біртуар туынды. Шертпе өңірінің шертіп көрсетер дәстүрлі үлгісін танып білу.



Жалпы “Қосбасарлар” туралы бірер сөз. Шертпе күй дәстүрінде “Қосбасар” атты тармақты күйлер тізбегі кең өріс алып, жоғары кәсіби деңгейде дамыған. Әйгілі Байжігіт дәуірінен бастау алып, Тәттімбет шығармашылығында шырқау шегіне жеткен бұл күйлердің жалпы аттары ортақ болғанымен, заттары бөлек. Әрбір “Қырық тармақты Қосбасардың” өзіндік құрылымы, саздық жүйесі, орындалу ерекшеліктері бар. Екі ішекте кезек сөйлеп, ішкі психологиялық тебіреніске негізделген бұл күйлердің суреттейтін сезімі мен айтар ойы аса толғаулы. Өзіндік жеке жанрға айналған “Қосбасар” атты күйлер әрдайым өз желісін үзбей, атадан балаға ауысып, әр заманның кескін-келбетін келтірумен бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Әрине “Қосбасар” күйлерінің үздік үлгілері - Тәттімбет туындыларынан көрінеді. Бізге жеткен Тәттімбет “Қосбасарлары” өзара ортақ орындалу амалдары мен құрылымдық үйлесімі бар бола тұра әр “Қосбасардың” өзіндік айтар ойы, дараланған ырғағы мен сазы бар. Қазіргі рухани қолданыстағы Тәттімбет “Қосбасарлары” нақтылы 12 түрге бөлініп, әрқилы мазмұнға ие болып, кең ауқымда орындалып келеді.

Әбди Рысбекұлы Арқа өңірінің көрнекті күйшілерінің бірі. Әбди күй өнеріндегі дәстүрлі арнаны жаңа белеске көтерген, әсіресе, “Қосбасар” жанрының өркендей түсуіне асқан талантымен үлкен үлес қосқан біртуар күйші. Ол Қарағанды облысы, Шет ауданында туып өскен. Аты Алашқа мәлім Қыздарбек күйшінің өз қолынан күй үйреніп, оның орындаушылық және суреткерлік өнерінен тағлым алған. Қыздарбектей сұңғыла күйшіден тәлім тәрбие алған Әбди өз жанынан да көптеген күйлер тудырған. Әбди күй өнеріндегі дәстүрлі арнаны жаңа белеске көтерген, әсіресе, Қосбасар жанрының өркендей түсуіне асқан талантымен үлкен үлес қосқан біртуар күйші.

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

Оқушыны бағалау.

Үйге тапсырма:

Ойнаған күйлердің ырғағын, аппликатурасын дұрыс игеріп, жақсы нәтиже көрсету. Қыздарбек “Сылқым қыз” күйіндегі тұтып алу әдісіне мән беру. Әбдидің “Қосбасар” күйінің бірінші бөлімін сөйлемге бөліп ойнап келу. Әрбір дыбысты анық алып үйрену.Үнтаспа тыңдап, бойға сіңіру арқылы күйді сезіне білу, түсініп ойнау.





























Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ысқақов Б , “Сарыарқа саздары” Алматы, 2007.

  2. Т.Жұмалиева, Д.Ахметбекова, Б.Ысқақов, Ә.Қарамендина, З.Қоспақов, “Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы” Алматы, 2005.

  3. А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов “Домбыра үйрену мектебі” Алматы қ. “Өнер” – 1992 ж.

  4. Мәңгілік сарын антологиясы









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!