Ашық сабақ Эстафеталық ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Эстафеталық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:07.12. 2018ж

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық ойындар

Өтетін жері: Мектеп алаңы

Сабақтың мақсаты: 1.Эстафеталық ойын түрлерін үйрету.

2.Оқушылардың қимыл-іс әрекеттерімен дағдыларын жетілдіру.
3.Ойын арқылы бала организімін шынықтыру.

Сабақтың көрнеклігі: ысқырық, доп, шар, эстафеталық таяқша, секіртпе жіп, қалың кітап

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Негізгі бөлім.

III.Қорытынды бөлім.

  • Ұйымдастыру бөлімі. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекші рапортын тыңдау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Дайындық жаттығулары.

1.Басқа арналған жаттығулар. Алдымен басымызды оңға,содан кейін солға бұрамыз (4рет). Белімізге қолмызды қойып,сағат тілімен басымызды айналдырамыз.

2.Иыққа арналған жаттығулар. Белімізге қолымызды қойып, иығымызды алға 2 рет, артқа 2 рет қозғаймыз. Содан кейін иығымызды жоғары көтереміз (4рет).

3.Қолға арналған жаттығулар.

Қолымызды 1дегенде алға созамыз, 2 дегенде жоғары көтереміз,3дегенде екі жаққа созамыз,4дегенде қолымызды түсіреміз.(2рет қайталаймыз).

4.Белге арналған жаттығулар. Қолымызды белге қойып оңға(2рет), солға(2рет) иеміз. Белімізді сағат тілімен айналдырамыз(2рет).

5. Аяқ жаттығулары. Қолымызды екі жаққа созып аяқ өкшесімен тұрамыз (4рет). Орнымызда тұрып жәй секіреміз (4рет). Тепе-теңдікті сақтап жоғары көтеріліп,қайта түсеміз(4рет).

 

II.Негізгі бөлім. Оқушыларды бірінші-екіншіге санатып екі топқа бөлеміз. Топқа тез арада ат қойдыртамын. Ойын шартымен түсіндіремін.

 

  • Эстафеталық таяқшамен өткізілетін ойын.

Екі топ алдына бірдей сызық сызылады. Сызықтан 10-20м жерге бір зат немесе жалауша шаншып қойылады. Әр команданың бірінші ойыншысы алдымен оң қолына таяқшаны ұстап, жалаушаны айналған кезде, таяқшаны сол қолына ауыстырып келесі ойыншының оң қолына ұстатады. Ойын шартын бұрын орындаған топ, жеңіске жеткен болып (10 ұпай) қосылады. Келесі топқа (5ұпай) беріледі.

2. Шегіртке. (қос аяқтап секіру).

Команда сөре сызығына келіп тұрады. Белгі бойынша командалардың бірінші ойыншыларды, белгілеген жалаушаға дейін, қос аяқтап секіріп барып, секріп келеді. Келесі ойыншыға қол беру арқылы секіруді жалғастырады. Бірінші болып келген команда жеңіске жеткен болып (10ұпай) алады. Келесі команда(5ұпай) алады.

3.Секіртпе жіппен серіру.(скакалка)

Сөре сызығының бойында тұрған 2 команда ойыншылары белгіленген жалаушаға дейін секіртпе жіппен секіріп барып,секіріп қайтады. Келесі ойыншыға секіртпе жіпті жылдам тапсыруы керек. Ойын осылай жалғасады.Қай команда жылдам секіріп келсе,сол командаға(10ұпай), келесі командаға(5ұпай).

4.Доп ұру.

Командалардың бірінші ойыншылары ойынды бастайды. Белгіленген жалаушаға барғанша,оң қолымен допты жерге соғып,ал келгенде допты сол қолымен жерге соғып алып келеміз. Ойыншылар бір-біріне доп беру арқылы ойынды жалғастырады. Қай команда бірінші келеді, сол командаға(10ұпай). Екінші командаға(5ұпай).

5.Кім жылдам, әрі епті.

Төреші белгісі бойынша командалар жеңіл шарды жоғары әуеге лақтырып,қайта қағып алып белгіленген жерге дейін барып қайтады. Қай команда бірінші келеді сол командаға (10ұпай),екінші командаға (5ұпай) беріледі.

6.Секір де, жүгіре жөнел.

         Командалар сап түзеп тұрады. Әр командадан екі ойыншы топ алдына секіртпе жіпті айналдырып тұрады. Берілген белгі бойынша ойыншылар кезекпен кезек тез-тез шығып,айналып тұрған секіртпені ілмей секіріп өтеді де,ары қарай жүгіре жөнеледі.

7.Тепе-теңдікті сақтау.

Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп,белгіленген жалаушаға дейін барып келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды

жалғастырамыз. Қай команда тез келеді, сол командаға(10ұпай), екінші командаға (5ұпай) беріледі.

 

III.Қорытынды бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызамын. Тыныс алу жаттығуларын жасатамын. Қай команда жеңіске жеткенін хабарлаймын.

ІV Үйге тапсырма беру.

Эстафеталық ойын түрлерін өз бетімен ізденіп,қалай ойнау керектігін біліп,үйреніп келу.

ІV Бағалау. Ойынға жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2020
1180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі