Пәні-Физика
Тақырыбы- Байланыс
құралдары
Орындаған-Жанузакова
Айдана
2022-2023
Байланыс
құралдары
Байланыс құралдары (орыс.
средства связи) — ұрыста бір жақты не екі жақты байланыс орнатуға
арналған техникалық құралдар: радио, радиорелелік, сымды, жылжымалы
және сигналдық құралдар, сондай-ақ байланыс ұшақтары мен
тікұшақтар. Ұрыста байланыс құралдарын қолдану
тактикалық-техникалық мәліметтерге жөне жағдайға байланысты
анықталады. Байланыс құралдары әскери бөлімдер мен байланыс
бөлімшелерінің құрамында болады. Олар ұйымдасқан түрде әскер
түрлерінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелерінің және арнайы
әскерлердің құрамына кіреді де, сол құрамаларда (бөлімде,
бөлімшеде) байланыс орнатуға арналады.
1) әр түрлі техникалық
құралдар арқылы ақпарат беру және
қабылдау;
2) почта, телефон, телеграф,
радио, т.б. хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының
бір саласы. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салтатты кісі
арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы
жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, тех. жетістіктерге
орай Байланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық
телеграф пайда болды. 19 ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын
телеграф аппараттары шықты. 1837 жылы сызық пен нүкте (код) арқылы
тұтас сөздерді бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы телефон, 1895
жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды. Техника
құрал-жабдықтарының сипатына қарай Байланыс почта және электрлік
Байланыс болып бөлінеді. Почта Байланысы арқылы хат, газет, журнал,
бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері
атқарылады. Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің
автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік Байланыс
құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын
байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф,
фототелеграф, телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді.
Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік
желілер арқылы жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі
— факсимильді байланыс (фототелеграфия). Онымен газет беттерінің
көшірмесі, фотография, сурет, қолжазба, сызба, сондай-ақ,
Байланыстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Телефон
Байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді.
Қалааралық телефон-телеграф Байланыссы көбінесе, симметриялық және
коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы
жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы
автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір
абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды.
Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және
радиорелелік желілері арқылы да беріледі. Радиобайланыс қазіргі
заманда өте кең тараған.
3)сәйкестілік,сілтеме,байланыстарды редакциялау кезінде —
символ/символ, символ/адрес немесе адрес/адрес типінің
сәйкестілігі; кибернетикалық жүйе жайында — әсер, ықпал;
мәліметтерді қашықтан өндеу желісіндегі мәліметтерді жеткізу
құралдарының жиынтығы; объектілер арасындағы қатынас; программалық
модульдердің әрекетгестік механизмі; гипермәтіннің белгіленген
элементі; сол элементті тышқанмен басқару арқылы мәтіннің басқа
бөлігіне ауысу; желілердегі байланыс түйіні; екі байланыс торабын
жалғастыру жабдығы.
Байланыс құралдары қазіргі
кездегі ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ол өте
маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы
байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан
аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ
дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың
тең жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де
білмейді.
Байланыс жүйесі өте
күшті дамыған ел — АҚШ. Оның үлесіне дүниежүзінлегі телефон
жүйелерінің 2/5-сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің 9/10-ы тиесілі.
Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады: Нью-Йорктің
Манхаттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка
материгіндегі желілер санымен бірдей.…