Материалдар / Ашық сабақ "Жай бөлшектің негізгі қасиеті" 5- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Жай бөлшектің негізгі қасиеті" 5- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа өткәзәлген "Жай бөлшектің негізгі қасиеті" тақырыбындағы ашық (қысқа мерзімді жоспар) сабағым. Сабақтың мақсаты: Оқушылар жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады және жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдануды үйрету.Бұл сабақта мынадай әдіс-тәсәлдер қолданылды: 1) "Адасқан әріптер" үй тапсырмасын тексеру 2)"Көрсетілім" "әдісі (bilimland.kz) сайты. 3) "Жылдам тәлімгер" топтық жұмыс 4) ҚҚҚ (қызық, қиын, құнды) кестесі, сабақты қорытындылау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
839
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1С бөлім: Жай бөлшектер.

Мектеп: Ғ. Сланов атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Махметова Гульмира Зинуллаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектің негізгі қасиеті.


Сабақтың түрі

Жаңа материалмен таныстыру, түсіндіру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.14 жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;


Сабақ мақсаттары

Оқушылар жай бөлшектерді қысқартып, жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар, егер:

  • Бөлшектің негізгі қасиетін біліп, қолдана алса, мақсатына жетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • үлес;

  • жай бөлшек;

-бөлшектің алымы мен бөлімі;

- жартысы, ширегі, сегізден бірі(т.с.с)

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады;

- жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;

- Жай бөлшектің негізгі қасиеті

Құндылықтарды

дарыту




Өзарасыйластыққа,ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге, бірін бірі сыйлауға баулу. Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету,топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау.

Пәнаралық байланыстар

Ән-күй сабағында жай бөлшектерді, ноталардың ұзақтығында қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

презентациямен жұмыс жасау

Бастапқы білім


Натурал сандар ұғымын меңгереді және натурал сандарға арифметикалық амалдар қасиеттерін қолданады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім және оқушылар бір-бірімен амандасады. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылайды.

Топқа бөліну /1,2,3/ сандары бойынша



презентация

Сабақтың ортасы

4 минут

10 мин





















10 мин













7 мин















2 минут


















ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

364 30 сағ №365 40 км

«Адасқан әріптер» бойынша сабақ тақырыбын ашу

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

«Көрсетілім» әдісі /Білу, түсіну/

Келесіде мұғалім оқушыларды жай бөлшектердің негізгі қасиетін өздері тұжырымдауға бағыттайды. Слайд 3-5

Бұл кезеңде оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, өздігінен жұмыс жасауға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету,топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау дағдылары дамытылады.

бөлшегін оқушылар бөлшектің қасиетін қолданып бөлімдерді 12 және 16-ға келтіреді. Қалай орындағандары жайында оқушылар өз жауаптарын түсіндіреді. Слайд № 6.

Дайын жауаптар бойынша өзара тексеріп, бағалайды..

Дескриптор: Білім алушы

-бөлшектің қасиетін қолдана алады;

-бөлшекті оқып, жаза алады;

Осы кезеңде оқушылардың өмір бойы оқу құндылықтарын дамытылады.

Оқулықпен жұмыс /Қолдану/

376,379,380 /1,2/

Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолданып, оқушылар бөлшектердің теңдігін түсіндіреді.

Оқушылардың бір біріне және басқаларға деген сыйластығы дамиды.

Мұғалім сұрағы:

  • Барлық тапсырмаларды орындадыңдар ма?

  • Қандай тапсырма қиындық туғызды?

  • Осы қиындықты шешу үшін, қандай жолын таптыңдар?

Топтық жұмыс «Жылдам тәлімгер»

Жұптық жұмыс

Оқушылардың бір біріне және басқаларға деген сыйластығы дамиды.



Оқулық



https://bilimland.kz/ru











































Презентация













Презентация


Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды:

ҚҚҚ кестесі


Маған қызық болған 2 нәрсе

Маған қиын болған 2 нәрсе

Маған құнды болған 2 нәрсе




Оқушылар өзінің және сыныптастарының, жұмыстарын белгілі критерийлер бойынша бағалай алады.

Үй тапсырмасы №380,389



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Баяу орындайтын оқушылар мұғалімнен консультация алады немесе жақсы оқитын оқушылардан көмек алады.



Негізгі баға оқушылардың белсенділігін байқау және тапсырмаларды орындағанда жетістіктеріне қарап қойылады.

Дұрыс отыруларын қадағалау



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!