Материалдар / Ашық сабақ. "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің мәнін сезіндіру, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына ұсыну. Оқушылардың өлеңге, әнге деген ынтасын арттыру, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2024
190
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» поэзия кеші

Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің мәнін сезіндіру, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік назарына  ұсыну. Оқушылардың өлеңге, әнге деген ынтасын арттыру, мәнерлеп оқуға үйрете отырып,   эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: М. Мақатаевтың портреті, кітап көрмесі, слайд (өмірі мен шығармашылығы туралы  бейнеролик), ақын-жазушылардың М.Мақатаев туралы айтқан ой-пікірлері жазылған   плакаттар.

Жоспары:

1-бөлім: «Бала шақтан – болашаққа» (Ақынның балалық шағы)

2-бөлім: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (Ақынның ересек кезеңі)

3-бөлім: «О, Махаббат, сен әлі тірі ме едің?» (Махаббат туралы өлеңдері)

4-бөлім: «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауап өзіне қайтарамын» (Болашаққа аманат)


Кештің барысы:


1-бөлім. «Бала шақтан- болашаққа» (Ақынның балалық шағы).

Баяу музыка ойнап тұрады. Сахнада дөңгелек үстел басында ақын Мұқағали Мақатаев отырады. Күй әуенімен жайлап Мұқағали өзінің «Автограф» өлеңін оқиды. Өлең мазмұны көлеңке театры арқылы орындалып жатады.

Музыка ойналады.

Үй ішінде әкесі, анасы, әжесі отырады. Бесікте бала жатады. Әкесі қолына орағын алып , шөп шабуға кетеді, әжесі қабын алып, тезек теруге кетеді. Анасы баланың бесінін қарап, бетінен сүйіп , бесіктің бетін жауып, шелек алып суға кетеді.


Қырық-отыз құрым үй Жиектегі,
Қырқадағы орақта ниеттері.
Шешем бөлеп, ұйықтатып, бесігіммен,
Керегеге кетіпті сүйеп мені.
Кетіпті өзі жылғаға су алуға,
Сусап келер әкемді суаруға.
Әкем байғұс орақта болса керек,
Мұршасы жоқ күлуге, қуануға.
Есі-дертін екі ұлға кезек бөліп,
Кетсе керек әжем де тезек теріп.
Тал бесігім қорғаныш болып маған,
Жатсам керек, сірә да, қорықпағам.

...Шешем менің жылғадан кайтсын үйге,
Апыл-ғұпыл асығып су алғасын.
Асығыпты, ешнеге бұрылмапты,
Әлденеден жүрегі суылдапты.
Құлағына әлдекім сыбырлапты,

...Оралып қара шұбар жылан жатыр,
Бас жақта, тал бесіктің балағында.
Зәре-құт жоқ, анамда сұр қалмаған,
Қарсы алдында аждаһа сумаңдаған,
Бас бармақтай басында сағат тілі,
Өтті-кетті дегендей жылмаңдаған.
Құрым үйдің құбыжық есік-төрі,
Дәрмені жоқ алмапты шешіп мені.
Әжем үйге кіргенде, үнсіз ғана,
Әбжыланды нұсқапты бесіктегі.

Қысып тұрып қысқышпен желкесінен,
Әжем оны алыпты жер төсінен.
Анама сүт әкел деп бұйырыпты,
Әңгімені доғарып келтесінен.
- Бұзықтың қамшысындай иректелген
Бұзық ит, сені не сор сүйреп келген?!
Тамыз, кәне, сүтіңнен таңдайына,
Тажал неме бізге де үй деп келген.
Тұрыпты анам түсінбей мән-жайына,
Ысып-суып, зымырап қан бойына.
Дұшпанды әжем есен-сау жолға сапты,
Ақ тамызып жауымның таңдайына.

Әлде сақтап періштем қақты ма екен?!
Әлде қорғап мысығым жатты ма екен?
Әлде менің дұшпаным өзі қорқып,
Менен келіп қорғаныш тапты ма екен?!
Неге менің үйіме төте кірді?!
Бесігіме неліктен көтерілді?!
Неге мені шақпады?!
Сезді ме әлде?!
Мен өзіне жау емес екенімді.


Музыка ойнайды. Сахнаға ойнап жүрген 10 жасар бала шығады. Сол кезде соғыстың музыкасы ойнайды. Әкесі үй-ішімен қоштасып, майданға аттанады. Осы кезде ҰОС жылдарындағы балалардың өмірін бейнелейтін видео көрсетіледі. Сол кезде Мұқағали Өлең оқиды.


Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Бұлдыраған айналаң ала сағым.
Ала сағым ішінде - болашағың,
Болашағың болашақ алашағың.
Сенің қандай аңсаймын «тамашаңды?»
Соғыс келді: жүрекке жара салды,
Шапан еттім төсенген алақанды,
Қамқор тұтып, қауқарсыз қара шалды.
Сағынам ба суық мен талқаныңды?!
Суығынды, сұрқия қаңтарыңды.
Әжем байғұс мезгілсіз ораза ұстап,
Бізге беріп талқанын қаңтарылды.
Сағынам ба түстерің, кештеріңді?!
Жалаң аяқ таңғы шық кешкенімді.
Өшкенімді білдірмей, өскенімді,
Жүре бердім жамылып бөстегімді.
Сағынбаймын,
Сағынсам, мұңайтады...
Мұңайсам, көңіл тағы лайтады.
Әнуарды, Шәмшіні, Шәмілдерді
Күн өткізген солай деп кім айтады?..


2-бөлім. Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (Ақынның ересек кезеңі)


Музыка ойнап тұрады. Сахнаға Мұқағали шығады.


Біз деген, досым,
Тағдыры қызық халықпыз.
Халқының өзі қорғасын құяр қалыппыз.
Екінің бірі бармайтын жерге барып біз,
Жанбайтын жерде жаныппыз.
Біз деген, досым,
Тағдыры қызық халықпыз.
Білгендер білсін,
Білместер, мейлі білмесін.
Қолдасын мейлі, қорласын мейлі, күндесін.
Қара тастан да мейірім күткен ақынды.
Қатыгез жандар ашынтып алып жүрмесін.

Содан кейін оқушылардың өлең оқиды.


Поэзия! Фариза

Поэзия! менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да,
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл - жасыл шұғыла шашылғанда,
Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.
Махаббаттан іздедім, сағыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан!
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау, жабығыстан.
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу - күрсінуден,
Жүректердің іздедім дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттерден іздедім, сағаттан да,
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!


Қызықпа, қыз! Чингиз

Ақын жайлы айтады қызықты аңыз,
Бірақ сен қызықпа, қыз!
Қызықпа, қыз!
Рас-ақ, біздер - патша!
Мұжық та - біз...
Тузік те - біз, түнерген бұзық та біз!
Ақындарға қызықпа,
Қызықпа, қыз!
Шынымен ақын жанын қалайсың ба?
Шыдайсың ба, шынымен талай сынға?
Ақын деген бірде қарт, бірде сәби,
Қартты сыйлап, сәбиге қарайсың ба?
Ілікпе, қыз,
Ақынның тұяғына.
Зымиян да осылар...
Зиялы да.



Сүрініп кетпе Сұлу

Сүрініп кетпе!
Сүрініп кетсең, болғаны,
Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады.
Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы -
Аңдамай басып,сүрініп кетсе болғаны.
Аңдамай кейде, басымыз-дағы кердендеп,
Құлап жатамыз,
Аяқ-қолымыз ербеңдеп.
Сүрініп алып, есіміз қайта келгенде,
Жоғалған сәтті іздейміз тағы жерден кеп.
Таппайсың оны,тартасың азап сан жылдар.
Аттай алмайсың,құлауың мүмкін, алдың - жар.
He істесем екен,нe істесем екен сендерге
Сүрініп кетіп,бүлініп жүрген тағдырлар!


Әке Алмат

Әке, сенің жасыңнан асып барам.
Кезі-кезі келгенде тасып та алам,
Кезі-кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Құры алақан емеспін қуаныштан,
Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан.
Бір арыстан өмірден өткенімен,
Өмір сүріп келеді тірі арыстан.
Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
Ұрпағың бар, ел менен ер намысын,
Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.

«Шыда, шыда, шыдай түс, шыда тағы» Камила

Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек құла таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады...
Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып, табынбағын.
Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына,
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,
Қарысуға болады, алысуға...


«Шеше, сен бақыттысың» Әділбек

Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!