Ашық сабақ Оралхан Бөкей "Атау кере"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Оралхан Бөкей "Атау кере"

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып бағдарламасы бойынша ашық сабақ. Іс тәжірибе тарату. Оралхан Бөкейді шығармашылығындағы көтерілген мәселелерді талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар







Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістік пен уақыт

Мектеп:44

Күні: 16. 09.2021 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Шуленова К.Б.

Сынып: 11. Қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Оралхан Бөкей. «Атау кере» шығармасы. Тағдыр тәлкегі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

Шығармадаға сюжеттік талдау жасайды; Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды; Сұрақтарға жауап береді.Әдеби шығарманың композициялық ерекшелігін ажырата отырып, талдайды.

Тілдік мақсаттар

Қауіпті будан, адамгершілік, сюжеттік талдау, композиция, жанр.

Құндылықтарды дарыту


Имандылық, ісіне әрекеттеріне деген жауапкершілік, ұлттық құндылықтар. Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылыоқушылардың жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, тарих, т.б.

АКТ қолдану дағдылары

Аудио/бейне материалдарын қолдану арқылы оқушылардың АКТ дағдыларын арттыру

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, «Прожектор», «Ойды аяқта». Рефлексия.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин минут







Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Назарын сабаққа аударту. Ұйымдастыру кезеңдері.

Топқа бөлу. I топ: «Айна» II топ: «Таған» III топ: «Ерік»

Қима қағаздардағы сөздердің топ атауларының мағынасына жақын, синонимдес сөздер бойынша топтасады.

Ой тастау. «Бес қадам» әдісі

1. Шығармадағы маңызды 5 кейіпкерді атаңыз.

2. Айнаға 5 сөзбен сипаттама беріңіз.

3. Шығармадағы маңызды 5 оқиғаны атаңыз.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.

1-слайд


Қима қағаздар




2-слайд

Сабақтың ортасы

35 мин

Жаңа білім

















Мұғалім «Атау кере» повесінің мазмұнына тоқталып, кейіпкерлер жүйесі мен композициялық құрылымға қысқаша түсініктеме береді.

1. «Образ- эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті» Әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады.Образ жинақтау және даралау арқылы жасалады.Көркем әдебиеттегі жинақтау-типке, ал даралау – мінезге әкеледі.Образ осылай туады.

2. Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уакыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады.

3. Көркем әдебиетте даралау – мінезге әкеледі. Мінез- адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.

4. Шығарманың композициялық құрылымы.

Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналасуы.

1. Оқиғаның басталуы

2. Оқиғаның дамуы

3. Оқиғаның шиеленісуі

4 .Оқиғаның шарықтау шегі

5.Оқиғаның шешімі

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «Сканерлеп оқу» әдісіне салып оқу. «Бейнемен таныс» әдісімен талдау жасау. Әр топқа мәтін үзінділері таратылады. Сол үзінділер бойынша төмендегі тапсырмалар орындалады.

1-топ.

А)Бір жұтым ішімдік сұрау үшін арнайы іздеп келген, бір кезде Қарабура атанған Тағанды «көк есек ретінде пайдалансам қайтер еді?» деген ой келген Ерік: «Ей, Қарабура, сен маған еріп жүр.Аузыңнан арақ, алдыңнан тамақ кетпейді»,– дейді. Бұған қуана келіскен Тағанды

жол бойы ішімдіктен беріп қойып, «Екеуміз де бұрынғы палуанбыз. Жол ұзақ, тау

биік, жас мал еңгезердей екі жігітті көтере алмай, қызыл май болып, өкпесі күйіп

кетеді» деген сылтау айтып, атына мінгестірмей, жаяу ертеді.

Б) Бірде Айна үй сыртында екі баласымен өліп жатқан адамды көріп шыңғырып, сол жерде талып қалады. Сөйтсе, бұл терісі сыпырылған баяғыда өзіне тиіспеген, екі қонжығы бар аю екен. Мұның бәріне жайбарақат қараған Ерік аю терілерін Прохор досына беріп жібереді.

2- топ.

А)Катонқарағай өзенінің күркіріне құлағы әбден үйренген Айнада тыным жоқ. Қора жақтағы тауықтарға жем шашады, қымыз ашытады, айран ұйытады. Сал боп жатқан енесіне самаурынның шайын береді.

Б) Айна дәл бүгінгідей көңілі азынап жалғызсырап та, санамен сарғайып сансырап та көрген жоқ. «Бәлкім мен секілді жалғыздықтан жаны жанған әйел өрт болып лаулаған жалынын басар шипа іздеп, суға секіріп, ағып өлген шығар.» Апа, сіз орыс та, қазақ та емессіз. Сіз жер көкте жоқ ұлттың өкілісіз. Ол ұлттың аты-ана.

3-топ.

А)«Жылқышы аулына таянғанда да бұларға қарай зулаған үш ит саңқылдай үріп, жандарына келді, бірі ат үстіндегі Ерікті аударып тастардай қатты өршеленді, ал қалған екеуі Тағанды иіскелейеріп келеді. «Ит қаппайтын кісі болады деген, тегі, рас екен» деп ойлаған Ерік құлақ етін жеп, алды-артын ораған аламойнаққа қамшы сілтеп еді, ит одан ары жінікті. Осы кезде жаяу салпақтаған Таған: «Қой енді!» – деп еді, жағы семді. Енді ол үш иттің қоршауында ежелгі таныстарындай тайраңдай басып

келе жатты. Үйлерінен өре шығып, осы көріністі бақылап тұрған жұрт қайран

қалып еді. Әсіресе, балалар мәз»

Ә)Тәңірім-ау, не айтып отырсың… Өзіміздің Мақаңның – алты алашты

аузына қаратқан Мақажан ақынның немересі ме? Біздің Көкен жарықтықтың

ұлы ма? Ол қайдан жүр бұл ит өлген жерде? –дейді.


Дескриптор:

  • Үзіндіні негізге ала отырып кейіпкерлер бейнесі арқылы өмір шындығын суреттеп салыстырып айта алады;

  • . Кейіпкерлер бейнесін талдай алады.






Тыңдалым. Экраннан қойылым үзіндісі көрсетіледі.


2-тапсырма. Оқушылар қойылым үзіндісін көреді. «Прожектор» тәсілі бойынша топ мүшелері қойылымнан кейіпкер бейнесі туралы арнайы тапсырмаларды орындайды.

1-топ

2-топ

3-топ

Ерік те тұра қашатындай тұғырсыз бейне емес. Еңбектің адамы. Бірақ ой-өрісі сараңдау көптің бірі.

Біртіндеп жаны тазара бастаған, ара-тұра табиғат тылсымымен тыныстап, дүниеге енді көз ашқан сәбидей таң тамаша қалып қарай бастаған Таған енді өзінің кім екенін, өткен оқиғаларды, бұл күйге қалай тап болғанын ойлай бастайды.

Осы екі кейіпкер арқылы бүгінгі өмірдегі қоғамдық мәселені байланыстыру.

Ерік

Таған

Бүгінгі өмірмен байланыс


Дескриптор:

Үзіндіні негізге ала отырып кейіпкерлер бейнесінің екі жақты қырын ашады;

Бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, көтерілген мәселені өмір шындығымен байланыстырады.

3-тапсырма. Шығарманың композициялық құрылысына талдау.

1-топ.

Оқуғаның басталуы мен дамуы

2-топ.

Оқиғаның шиеленісуі мен шарықтау шегі

3-топ.

Оқиғаның шешімі.

Дәптермен жұмыс. Композициялық құрылысын жазып алады.

Сабақты бекіту. Берілген сөйлемнің мағынасын бүгінгі сабақпен байланыстырып, түсіндіріңіз.

1. Повесть атауының «Атау кере» аталу себебі? Сөздің мағынасы қандай ұғым білдіреді?

2. Автор ой үстінде жүретін Тағанға өз-өзіне «Неге біз осы?» деген сұрақты қойғыза береді?

Үй тапсырмасы 31-бет әдебиет теориясын оқу. 33-бетте 6 –тапсырма





3-4-слайд





















5-слайд














































https://bilimland.kz/kk/content/lesson/7873





6-слайд







7-слайд








8-слайд


9-слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. «3 Қ» әдісі.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша қиын, қажет, қызық болған жәйттармен бөліседі.

10- слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы






Сабақ бойынша рефлексия


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға . Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?












































Бекітемін:

Лицей директоры

________ Ж.Қ.Назарбаева

« ___» _______ 2021 жыл





Ашық сабақ

Тақырыбы: Оралхан Бөкей «Атау кере»

(Тағдыр тәлкегі)







Өткізген: Қ.Б.Шуленова

Сыныбы: 11-«Ж»

Мерзімі: 16.09.2021 ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2021
10262
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі