400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қазанғаптың күйі "Орынбай Ақжелең"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Қазанғаптың күйі "Орынбай Ақжелең" Ашық сабақ барысында Қазанғап күй мектебіндегі орындаушылық ерекшеліктер туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазанғаптың күйі «Орынбай Ақжелең» тақырыбындағы ашық сабақ жоспары

Мұғалімнің аты- жөні

Байкубекова Азима Ордановна

Оқушының аты – жөні, сыныбы

Аралбай Арайлым

4 сынып

Күні, сағаты

17.03.2021, 09:45

Ашық сабақ тақырыбы

Қазанғаптың күйі «Орынбай Ақжелең»

Мақсаты:

Білім алушыға күй өнерінің қыр – сырын жан жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Қазанғап мектебіндегі күй тарту ерекшеліктерін, қағыс, өлшемнің әр алуан өзгерістерін үйрету. Ақжелең күйлері жайлы түсіндіру. Оқушының есте сақтау, есту, ойнау шеберлігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушы Қазанғап күйшілік мектебіндегі күй тарту ерекшеліктерін үйренеді. Аспапта ойнауға деген қызығушылығы артады. Қазанғап күйін үйрену арқылы әртүрлі қағыс, ырғақ, мелизмдермен танысады.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

Домбыра аспабы, пульт, нота дәптері, кітап, үнтаспа.

Теориялық түсінік жүргізу:

Ұйымдастыру кезеңі:

а)сабаққа керекті барлық материалдық-техникалық жабдықтарды тексеріп, аспаптың бұрауын келтіру;

ә) білім алушының назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық:

1)Қазанғап қай жылдары өмір сүрді? (1854-1921)

2)Қай өңірде туылды? (Арал теңізі, Құланды түбегі)

Қазанғаптың өмірі және шығармашылығы жайлы тереңдете түсіндіру.

Қазанғап кішкентайынан аса зерек, өнерге құмар болып өседі. Оны байқаған әкесі Қазанғапқа жиде ағашынан домбыра жасатып береді. Өсе келе ол Ақтөбе, Ырғыз, Шалқар, Орынбор, Қостанай, Арал, Үстірт, Маңғыстау, Бесқала жерлерін аралап, әйгілі күйшілермен кездесіп, олардан сабақ алады.

Оның алғашқы күйі – «Торы аттың кекіл қақпайы». Ол алғашқы туындысын ұстазы Орынбайға тартып беріп, батасын алған. Кейінірек ұстазына арнап «Орынбай Ақжелең» күйін шығарған. Жалпы Қазанғап Ақжелең атты күйлердің негізін қалаушы. Ол әртүрлі тақырыптағы Ақжелеңнің 62 түрін шығарған. Қазанғап күй өнерін жаңа қырынан дамытушы, оның өзгеге ұқсамайтын өзіндік

орындаушылық дәстүрі бар.Қазанғап өз күйлерінде сүйретпе қағыс пен ілме қағысты астастыра отырып дамытады.Ол күйді оңқай да солақай да тартқан.

Кіші жүздің Ресейге бодан болуы, ел ішіндегі әлеуметтік саяси қуғындар, Сырым батыр, Исатай мен Махамбет көтерілісі Қазанғап өміріне үлкен әсерін тигізді. Оның осы оқиғаларға байланысты «Ноғайлының босқыны», «Жұртта қалған», «Окоп» т.б. тарихи күйлері бар. «Майда қоңыр», «Учитель», «Өттің дүние», «Көкіл» күйлері өмірдің мәні туралы, ғашық болған Балжан қызға арнап циклді күйлері бар.

Ұлы күйші Қазанғап 67 жасында қайтыс болған. Оның өлместей мұра болып жеткен 90-нан астам күйі бар.

Қазанғаптың күйлерін оның шәкірттері Қадірәлі Ержанов, Жәлекеш Айпақовтан Ахмет Жұбанов таспаға жазып алған, ары қарай Сәдуақас Балмағанбетов нотаға түсірген.

Қазіргі Қазанғаптанушылар Бақыт Басығараев, Абдулхамит Райымергенов, Жайлау Асылханов т.б.

10 минут

Қызығушылығын ояту

Өткен сабақтағы тапсырманы аспапта ойнап, әрі қарай күйдің сағасын ойнап көрсетеді. Жаңаша ырғақтар үйретеді. Оқушыға қағыстарын көрсетеді.Үнтаспада күйді тыңдату.

7 минут

1 тапсырма

Оқушы жаңа тапсырманы нота бетінде оқып үйренеді.


3

минут

2 тапсырма

Нотасын оқыған соң нюанстарымен, динамика белгілерімен жұмыс жасап үйренеді.


10 минут

Сергіту сәті

Оқушының шабытын ояту мақсатында шағын күй тартыс жасалады. Өткен күйлерден мұғалім ойнап, оқушы жалғастырады.

Құрманғазы «Балбырауын»

Дәулеткерей «Көроғлы»

Құрманғазы «Адай»

С.Құсайынов «Мереке»

Ә. Желдібаев «Ерке сылқым»

Н. Тілендиев «Ата толғауы»

Құлшар «Кербез керік»

5 минут

Қорытындылау

Оқушы жаңа сабақты тағы да қайталап, жаңа сабаққа қорытынды жасалады.

Оқушыға алғыс білдіріледі. Оқушы жұмысы бағаланады.


4

минут

Бағалау, үй тапсырмасы

«Жарайсың, өте жақсы!»

Күйді толық нота бетінде дұрыс жаттау.

1 минут


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2021
811
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12