Материалдар / Ашық сабақ "Шығармамен жұмыс"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Шығармамен жұмыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақта шығарманы талдау және сүйемелдеушімен жұмысы туралы, сондай-ақ композитор туралы қысқаша мәлемет айтылған. Сабақта оң және сол қол қойылымымен, дыбыс тазалығымен, ансамбльмен, динамикалық белгілерімен жұмыстандық. Әрі қарай осы бағытта жұмыстана отырып орындау сапасын арттырамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2020
1321
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Шығармамен жұмыс.

Е.Үсенов «Қосбасар» №2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушының музыкалық білімін дамыту. Домбыра аспабында

шығарманы еркін ойнауға үйрету.

Дамытушылық: Әуенді дұрыс ойнап, MuseScore бағдарламасы арқылы ансамбльді сезіну қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Күй, шығарма арқылы орындаушылық және шығармашылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: домбыра, фортепиано аспабы, компьютер, слайд, MuseScore бағдарламасы.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып.

ІҮ. Үйге тапсырма.

Ү. Қорытынды.

Бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушымен амандасу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Бүгін сабақты екінші сынып оқушысы Төлегенов Нұрбекпен өткізгелі отырмын.

  • Домбыраның құлақ күйін келтіреміз.

  • Ендеше, сабағымызды үй тапсырмасынан бастайық.

  • Үйге қандай тапсырама берілді?

  • Үйге Жасарал Еңсеповтің «Әке толғауы» күйі және Е.Үсеновтің №2 «Қосбасар» шығармасын соңына дейін жаттауға берілді.

  • Ендеше сабағымызды Ж.Еңсеповтің «Әке толғауы» күйімен бастайық.

Оқушыдан Ж.Еңсепов туралы мағлұмат сұраймын. Үй тапсырмасын дұрыс ойналуын қадағалап, отырамын. Оқушының дұрыс ойнамаған жерлеріне тоқталып ойнап көрсетемін.

ІІІ. Жаңа тақырып.

«Қосбасар» №2 шығармасының авторы Ермұрат Үсенов  белгілі күйші-домбырашы, білікті өнер зерттеушісі, ұстаз. Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Қарқара жайлауының Талды ауылында 1952 жылы дүниеге келді. Алматы мемлекеттік консерваториясының Оркестрлік факультетін домбыра класы бойынша (1979-1983) кейін музыка зерттеу мамандығы бойынша бітірген. Қ.Жантілеуов, Б.Қарабалина, Х.Тасанов, Л.Хамиди, К.Күмісбеков, Е.Рахмадиев, Н.Тілендиев сияқты дәулескер домбырашылар мен әйгілі композиторлардың алдын көріп, тағлым алған. «Отырыр сазы» фольклорлық-этонграфиялық ансамблі, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, «Ақ жауын» ансамблі сияқты республикаға белгілі өнер ұжымдарында еңбек еткен. Қазақ халқының музыкалық мәдениетін насихаттауда, өңдеп нотаға түсіруде, сондай-ақ үнтаспаға, күйтабаққа, телерадио қорына жаздыртуға сіңген еңбегі зор. «Сарыжайлау» 1988, «Бозінген» 1991, «Домбыра мен фортепианоға арналған шығармалар» 1999, «Жетісу күйлері» 1998 сияқты қазақ халқының музыкалық мұрасына арналған жинақтар тікелей Ермұраттың араласуымен жарық көрген толымды еңбектер.

Композитор: «Арбакеш», «Балдырғандар биі», «Дала таңы» - саз сырнаймен оркестрге, «Желдірме» жетігенге, «Қазақ өрнектері», - қыл қобызбен оркестрге, «Жігер», «Маусымжан», «Қосбасар» №1, №2, «Поэма», «Майра» фантазиясы, «Түркі әлемі», «Шәмші дастан», домбырада фортепиано сүйемелдеуімен, «Толғау», «Күзгі әуен» қобызға, «Тәңір күші» триосы «Түнгі әуен», «Толғау», «Күй әуен» ұлт аспаптар ансамбліне арналған. «Қуыршақтар биі», «Қазақстан гүлдері», «Ұршықтар биі» Салтанат ән-би ансамбліне, «Арнау», «Ұран күй», «Қуаныш» «Мерекелік күй» «Қазақстан сарбаздары», «Қарқара жайлауында» симфониялық суреттемелер және т.б көптеген ұлт аспаптар және симфониялық және үрмелі аспаптар оркестрлеріне, халық аспаптары оркестрлеріне, хор мен капеллаға, жеке ұлт аспаптарына арнап жазған музыкалық шығармалары республика жұртшылығына , шет елдерге кеңінен таныс.

Е.Үсеновтің №2 «Қосбасар» шығармасын талдаймыз. Шығарманың өлшемі 3/4, 2/4, екпіні Allegretto (жүрдек)- тоналдығы соль мажор кілтте фа # белгісі бар, қағыстары ПVПV. Шығарманы төрт санға бөліп әр санға жеке тоқталып талқылаймыз. Кіріспе бөлімі 4 тактіден тұрады, бастапқы екі такт ¾, кейін 2/4 ке ауысады. Кіріспе бөлімін фортепиано бастайды, домбырада пауза белгісі тұр.

Бірінші санында өлшем 2/4, 3/4, 2/4 ке ауысып және домбырада әуен екі ішекте жекелей орындалып, кейін қосарлана үндеседі. Бұл санында реприза белгісі қойылған.

Екінші санында өлшем 3/4 тен 2/4 ке кезектесе ауысып отырады. Бұл санды p дан f ға, крещендодан – деминуэндоға өзгеруін көрсете отырып ойнауымыз керек. Әуенді әсерлі шығару үшін динамикалық белгілерді қолданамыз. Пернеден пернеге ауысарда саусақтарды сәл босатып, ішектей бойлай сырғыта жылжыту қажет. Қолдың әрлі-берлі қозғалысы кезінде иық, шынтақ буындарын жоғары не төмен көтермей, білезік буынын бүкпей, алақанды домбыра мойнына тигізбей ұстаған жөн.

Үшінші санын ре ішегінде р бастап әрі қарай соль ішегіне ауысамыз динамикалық белгілерді сақтай отырып жалғастырамыз. Фортепиано ақырын қоштап, өзіне берілген варияцияларды домбырамен үндестіре орындайды. Үшінші санынан кейін сэньо қайталау белгісі көрсетілген бірінші санын қайталап, шығарманың соңы төртінші санын орындаймыз. Шығарманы ақырын аяқтаймыз.

Қорытынды: Сабақ аяқталды, біз бүгін шығармамен жұмыс жасадық. Шығарманы сандарға бөліп әр санына жеке тоқталып MuseScore бағдарламасы арқылы орындадық. Бүгінгі сабақта оң және сол қол қойылымымен, дыбыс тазалығымен, ансамбльмен, динамикалық белгілерімен жұмыстандық. Әрі қарай осы бағытта жұмыстана отырып орындау сапасын арттырамыз.

Үй тапсырмасы: Е.Үсеновтің «Қосбасар» №2 шығармасын және Ж.Еңсеповтің «Әке толғауы» күйін соңына дейін жатта.

MuseScore бағдарламасымен шығарманы жәй темпте әр дыбысын таза анық ойна, күйдің көркемдік жағына көңіл аударып динамикалық белгілерімен жұмыс жаса. Күйді тез екпінде тоқтамай қатесіз орында. Техникалық қиын тактілерін бөлек орындап дыбыс тазалығымен, сапасына көңіл бөл.

Бағалау: Оқушының сабаққа қатысуы өте жақсы. Үй тапсырмасын тиянақты орындаған 5 тік бағаға бағаланды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!