Материалдар / Ашық сабақ. Шын Хакім, сөзің асыл – баға жетпес... 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Шын Хакім, сөзің асыл – баға жетпес... 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын, ақындардың Пайғамбары Абай Құнанбаев туралы тың деректермен таныстыру, өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
468
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ: Ұзақ мерзімді сабақ жоспары.Бөлім: «Абай-дана, Абай-дара»

Мектеп:Арал қалалық «Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектебі» КММ-і

Күні: 13 наурыз. 2020 жылы

Мұғалімнің аты-жөні: Л.С.Курмантаева

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:

Шын Хакім, сөзің асыл – баға жетпес...

Сабақ негізделген оқу мақсаты

  Қазақтың ұлы ойшылы, кемеңгер ақын, ақындардың Пайғамбары Абай Құнанбаев туралы тың деректермен таныстыру, өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Өз ойын еркін жеткізіп, жолдастарымен ой бөліседі.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Өлеңдерін жатқа біледі, мағынасын түсіндіре алады;

Кейбір оқушылар істей алады:

Берілген тақырыпта өзіндік сыни көзқарасын дәлелдей отырып,зерттеу жүргізеді

Ойлау деңгейі

Білу,түсіну,бағалау

Бағалау критерийлері

1. Өзіндік ой-пікірі қалыптасады, тәрбиелік мәні туралы біледі.Өлеңнің мазмұнын меңгере отырып, жақсы қасиеттерді бойларына жинақтайды.

2. Ойлау қабілеттерін дамытып, жаңа ақпарат алады, құндылығын анықтап, тұжырымды ойларын жаза алады

Пәнаралық байланыс

Ән-әуез, қазақ тілі, әдебиет, тарих

Тілдік мақсат

Хакім, ақындардың Пайғамбары сөздерінің мағынасын түсінеді;


Негізгі сөздер мен тіркестер (сабаққа арналған сөздік және терминология):

Хакім- әр түрлі ғылымды меңгерген, сол ілімімен адамға ізгі қызмет қылуды мақсат еткен ғұлама.

Ақындардың пайғамбары- Абай – ақын емес, Абай ақындардың Пайғамбары!

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Біз таныған Абай кім?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Абайды ақындардың пайғамбары деп атайсыз?

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Мәтінді оқиды, зерттеу жүргізеді, ән айтады

Алдыңғы оқу

Әдебиет сабағында Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен өлеңдері, қарасөздерімен таныс.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Сабақтың басы 10 минут
























(Сахнаға бір топ ақын-оқушылар шығады, өздерін таныстырады.)

Пушкин:

Екі елдің терең сезініп терең достығын,

Үйлестірген өлең мен сөздің құйылысын.

Жазса Пушкин «Евгений Онегинді»,

Абай емес пе, аударған сөз сиқырын?

Екі алып ақынның шығармасын түсініп,

Жеткізуші халқымы Жұбатқанұлы Қуныш.

Лермонтов:

Лермонтов- орыстың ұлы ақыны,

Абай болса, өлеңге жақын жаны.

«Бородино», «Вадимді» серік еткен,

Перзенті елдің басына біткен бағы!

Ұлы ақынның мұрасына ден қойған,

Ғанибектегі Бекарыс мен боламын!

Крылов:

Мен боламын ақын –жазушы,

Крыловтай академик-мысалшы.

Ұлы елге таныстырған аударманы,

Абайдайын «өлең- сөздің патшасы»

Бас ақын мен орыстың Крыловы,

Біріктірген өнердің бар киесі!

Мен боламын Дауыстегі Нұрдәулеті

Кемелденген болашқтың иесі!

Гете:

Абай-Гете -ой мен сезім үндестігі,

Тамаша табиғат сыйлаған тыныштығы.

«Қараңғы түнде тау қалғып» шығармасын,

Төл туындыдай шымырлап бойға енді.

Абай әні боп тәтті әуені жүректерді ұйытты,

Ермұхандай шәкірттердің ой-санасын.

Абай:

Уақыт төрелігіне бағынбайды ұлылардың ұлысы,

Талай дүлдүл жарып шықты руханияттың суатын.

Абай салған дана жолдың өміршең Темірқазығы,

Жұлдызы мәңгі біз үшін биік тұрады!

Барлығы:

Мызғымас елдің дара тұлғасы- ақын Абай!

Адамзаттың ақыл-ойы, ар- намысы- дана Абай!

Оқу менен ізденісті барша халыққа үндеген- ойшыл Абай!

Мәңгілік елдің бақыты мен ұлылығы- дара Абай!


Кейіпкер бейнесінде киінген оқушылар өлең оқиды.




































Ортасы

30 мин.
































І кезең: Мұғалім сөзі:

Қазақтың дүлдүл ақыны Мағжан  Жұ­ма­баев данышпан Абайды Хакім ата дей­ді. 

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. 
Қарадан хакім болған сендей жаннан, 
Әлемнің құлағынан әні кетпес! – деп жырға қосады.


Бірде Мұхаң жыр алыбы Жамбылға Абай жөнінде мынадай сұрақ қойып: – Жә­ке, қалай ойлайсыз, Абай қандай ақын? – десе, Жамбыл: – Жоқ, Абай ақын емес! – деп­ті. Мұндайды күтпеген Әуезов сасып қа­лады. Сол арада Жамбыл «Абай – ақын емес» дейді тағы да. – Ақын деген мына мен, біздер!... – дейді. 
Әуезов күп-керең боп, үндей алмай қа­лады. Сол кезде Жәкең жымиып: – Абай де­­геніміз – ақындардың пайғамбары ғой! – дегенде Мұхтар Әуезов дана қартты құ­шақ­тай алыпты. 
Дана Жамбыл айтқандай, Абай – ақын емес, Абай – хакім! 


ІІ кезең:

«Қарама-қарсы сұрақ қоямын» әдісі: Оқушылар қарама- қарсы отырғызылады. Түрлі түсті екі қалпақты алғаш отырған екі оқушының басына кигізіледі. Музыка ойналады. Әуен тоқтаған кезде қай оқушының басында қалпақ болса, сол оқушы сұраққа жауап береді. Сұрақты мұғалім қояды. Сұрақтың жауабы оқушы алдында жатады. Қайсысы бұрын жылдам әрі дұрыс тапса, дауыстап оқиды. Екінші оқушы сол сұрақ көлемінде ой қорытады. Мақсат- оқушыны ізденуге, білуге құмарту.


ИбраҺим-Абай

Сұрақ: Енді біз Зере әжеміз Ибраһим атты немересін не үшін Абай деп атаған және бұл есім нендей мағыналар береді деген сауалдарға жауап іздеп көрелік.


Жауап: - Иә, Абайдың мұсылманша азан шақырып қойған есімі – Ибраһим. Кәдімгі Құранда аты аталған 25 пайғамбардың бірі. Бұл есімді қазақ топырағынан қасиетті Меккеге аттанып, қажылық парызын өтеп, сонда «тақия» (қажыларға арналған қонақ үй) салдырған әкесі Құнанбай қойған. Ал Абайды жеңгелері қазақы дәстүр бойынша атын атамай «Телғара» десе, Зере әжесі Абай деп еркелеткен.    

  

Біз, ең алдымен, қазақ есімдерінің мағыналары жазылған еңбектерге үңіліп көргенде Абай есімінің түрлі мағына беретінін аңғардық: абайлағышбайқағышойшыл 

 

Екінші бір деректе, Абай туғаннан тым сүйкімді болғандықтан, Ибраһим деп қойған немересінің атын араб тілінде «сүйкімді» деген мағынаны беретін «Абайым», «Абай» сөзімен атаған дейді. Содан Абай атанып кеткен екен . Бұл дау тудыратын мәселе, өйткені Зере әжеміз немересін арабтың сөзімен еркелетсе, бұл сөз қазір неге қолданыста жоқ?..


Ал, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан өз естелігінде «Негізі хатқа аты Ибраһим (Авраам) болса да, қазақ даласы әжесінің еркелетіп қойған нәзік есімімен Абай деп атап кеткендіктен, біз де солай қолданамыз» деп жазады


Сұрақ: Тоқбаланың Зереге қатысы бар ма?

Зеренің азан шақырып қойған аты - Тоқбала. Әкесі Бектемір Найман ішінде Матайдың Қойгел руынан шыққан сыйлы адам. 

Әжесі Зере де қыз күнінде өте бай отбасында тәрбиеленген көрінеді. Шын аты да басқаша еді. Ол ұзатыларда өз руының дәстүрімен күміс әшекейлермен оранып шыққан деседі, тіпті мұрнын тесіп сырға да салған екен. Міне, осындай оқаларды көрген Тобықтының әйелдері «Бұл Зерлі келін болды ғой» дескен екен. Содан оның есімі Зере атанған. Зеренің келін болғаннан кейін көрген түсі жайында айтатын болсақ, бірде Өскенбай түзде жүргенде Зере киіз үйде демалып жатып түс көрген екен. Түсінде атасы Ырғызбай үйге кіріп келе жатады. Қолында үлкен - үлкен үш бірдей қып - қызыл алма екен. Кірген беттен бірден сүріне жаздап, қолындағы алмасының бірін жерге түсіріп алыпты да, екіншісін қалтасына салып қояды. Ал үшіншісін сүртіп келіні Зереге сондай ілтипатпен ұсынған көрінеді. Кейін осы түсі өңінде болғандай өмірге үш нәресте алып келеді. Қызы Тайбала жат жұртқа ұзатылып, көрмей кетіпті. Ұлы Құнанбай өте ақылды, зерек, салмақты болып ерекше өседі. Ал Құттымұханбет үйленер жасқа жеткенде қайтыс болған көрінеді.

Сұрақ: Шүкімән мен Әйгерім арасында қандай байланыс бар?


"Абай оттың жылуында аздап мызғып алады да, түс көреді.Түсінде өз ғашығы Тоғжанды көреді де, кенет бір дауыс шығып Абайды шақырғандай болады.Абай ұйқылы-ояу күйде сыртқа шығады. Досы Ерболда ере шығады.Естіген жерден Абай Тоғжан деп таниды. Бірақ іс жүзінде ол Тоғжан емес, бірақ Тоғжаннан аумай қалған Байшораның әнші қызы Шүкімән болып шығады.Өзі әнші, өзі сұлу бітімге Шүкімән деген атты лайық емес деп тауып, Ербол екеуі Әйгерім деп ат қояды. Əні мен сəніне тамсана да, таңғала тамсанған Абай "Керім...Керім екен..." дегенде Ербол: "Əй-керім, Əй-керім екен" -деп сұқтана да , тамсанады екен. "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. Жіңішке қара қасы сызып қойған, Бір жаңа ұқсатамын туған айды. " Осылай басталатын бес шумақ өлеңін Абай кіші жары Әйгерімге арнаған екен.


Сұрақ: Әбіш-Әбдірахман деген кім?


Осы жазда Ділдәнің үшінші баласы туған-ды. Кішкентай, ақ сарылау келген Әбдірахман қазір күлуге, талпынуға жарап қалыпты. Абайдың ең алған бейіл бере бастаған баласы осы. Өзінің еті де, түсі де ақшыл келген. Бет бітімі дөңгелек емес, сопақтау және жұқалаң. Қасы, көзі қиылып тұр. Бар тұлғасында нәзік келген бекзадалық бар. Әбдірахманды Абай осылай Әбіш деп еркелетуші еді.» (М. Әуезов. «Абай жолы», Алматы: «Жазушы».1989ж. 608 бет. 280 бетте.)

Жалпы, Әбдірахман туралы айтылар сөз, түйіндейтін ой көп. Қай қырынан алсақ та, Әбдірахман өте сауатты, білімдар, көреген адам екені белгілі болған.


ІІІ кезең:

Слайдта берілген суреттер арқылы Абай өлеңдері мен әндері, қарасөздерін тауып, өлеңге түсініктеме береді немесе мәнерлеп оқиды.

Мысалы, «Адасқанның алды- жөн, арты-соқпақ» өлеңі

«Желсіз түнде жарық ай» әні, «Жетінші» қарасөзі т.б.


ІV кезең:

«Рлискерс» әдісімен оқушылар сабақты қорытындылайды.

Жайдан күрделі сұраққа:

1.Абай неше жасынан өлең жаза бастайды?

А) 10 Ә) 25 В) 35 С) 40

Абай өлең жазуды 10 жасында ("Кім екен деп келіп ем түйе қуған...") бастаған.

Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылган

2. Қазақ кемеңгері қандай шетел еңбектерімен таныс?


А) Д.Дефо Ә) Ш.Айтматов В) Ж.Руссо С) Платон

Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін",Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. 

Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқаңда И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды.

3. Абайдың «Төбе би» атану себебі неде?

А) Би болған Ә) Заң жазған В) съезге келген С) Өлең жазған.

Съезге келген билер Абайды "төбе би" сайлаған.

"Сондықтан патшалы Ресейдің басшылары Абайға "бұл заңды өзіңіз жасаңыз" дейді. Сөйтіп, Абай Құнанбаев 74 баптан тұратын заңды (« Қарамола жарғысы») жазып шығады. Бірақ оны Абай жалғыз өзі жазбаған. Ол съезге жиналған билермен кейбір баптарға байланысты пікір алмасты деген деректер бар. 3 күн өткен съезде жарғы билерге таныстырлып, заң қабылданды»



















«Көзімнің қарасы» әні


Түрлі түсті қалпақтар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!