Материалдар / Ашық сабақ Тақырыбы: Аңыз әңгіме

Ашық сабақ Тақырыбы: Аңыз әңгіме

Материал туралы қысқаша түсінік
Аңыз белгілі бір адам атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Аңыз әңгімелер. Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады. Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы,
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


«№11 М. Байзақов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








«Мәңгілік ел» атты мүшайра






























2014-2015 оқу жылы

«Мәңгілік ел» атты мүшайра
Мақсаты: Оқушылардың елге деген, Елбасына деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, тілін дамыту.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе сөз:
«Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 6-сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы ақындар мүшайрасына қош келдіңіздер!»

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың сайланған күні! Бұл күн 2012 жылдан бастап мемлекет мереке ретінде қабылдап, бүкіл ел тойлап жатыр.

Бір аптадан бері біздің мектебімізде де осы атаулы мерекеге орай түрлі іс-шаралар өтуде. Міне, 7-сынып оқушылары да өз үлесін қосып, елге, жерге деген,Елбасына деген сезімдерін, ризашылық көңілдерін өлең жолдарымен жеткізуде.
Жас ақындарымыздың талантын,өнерін бағалайтын қазылар алқасын сайлаймыз.

1. С. Дүйсенбеков – мектеп директоры

2. П. Амангелдиева – оқу ісінің меңгерушісі

3. Қ. Аблаева - тәрбие ісінің меңгерушісі.
4. Р. Бейсенбаева- тіл маманы.
Мүшайраға қатысушы ақындарға сәттілік тілеп, кезек береміз.
1. Каналхан Рамазан
2. Әсілтай Меруерт
3. Оралхан Әдемі
4. Қожантай Салтанат
5. Сәрсенбек Аслан
6. Амантай Сымбат

Амантай Сымбат
Елін сүйген Елбасы

Астана асқақтаған – асқар қала,
Елімізді болашаққа бастар қала.
Санаңа өмір салтын сіңірген деп,
Сапалы білім берген жастар қала.

Нұрсұлтан ата - ел басқарған азамат
Тәуелсіздік жарығын,жандандырған ғаламат,
Өзге елден қалыспай еңбектенген, тер төккен,
Ондай адам өмірде жарқырап тұрар тек көктен.

91-дің басында «президент» болып сайландың
Ел басқарып, адамзатты жақсы жолға байладың,
Өз еліңнің әнұранын, елтаңбасын, көк туын,
Желбіретіп әлемге, көк туыңды байладың

Нұрсұлтан Назарбаев көсемінің,
Көзінен көрініп тұр отты айбары.
Өзге елмен терезесін теңестіріп,
Көгінде желбіреп тұр көк байрағы.

Өркендеп, өсіп-өнген еліміздің,
Білсеңіз Бәйтерегі басты айғағы,
Алладан ел басымыз аман болса,
Елімді талай шыңға бастайды әлі.

Құтты болсын туған күні ел басымның,
Еліме бақыт берген жанашырым.
Сезімге толыққанды жетелеуде,
Кейінгі ұрпағының жанашыры.

Ел болып еңсемізді түзеу еді,
Алғанда тәуелсіздік басты арманым,
Елдердің өркениеті алды болып
Таймасын әрдайымда бастан бағың.

Каналхан Рамазан
Ел және Елбасы.

Жалықпайды,ел басқару салтымыз,
Ұмытпайды,барша халық антымыз.
Үлгі тұтар Нұр ағаны бәрі де,
Қазақстан ұлы елге басшымыз.

Елін сүйген Ел басы-
Нұрсұлтандай атамыз бар қарашы.
Құрметтейді қасиетін аямай,
Адамзаттың асқақ ұлан арманы.

Аялаймын Қазақстан елімді,
Саялаймын көгершіндей көгімді.
Ұмытпаймын,мәңгі жасар елімді,
Елін сүйем қазағым қара жерімді.

Әсілтай Меруерт.

Көш бастады Нұр ағам.

Ертеңін ойлап халқының,
Көп тер төкті Нұр ағам.
Есілдің сыңғыр суымен
Жайқалған гүл боп Астанам.

Қазаққа хандық орнатқан,
Бұл бір сіздің арқаңыз.
Алашқа бейбіт таң атқан,
Білімі толық арнаңыз.

Есілдің ерен жағасын
Шарпып жатыр ордаңыз.
Билік күшін нығайтқан,
Бұлда сіздің арқаңыз.

Артта қалып сұм соғыс,
Көш бастады Нұр ағаң.
Абыройын алаштың
Ол көтерді әрқашан.

Танытқан жайсаң Қазағын
Мынау ғажап әлемге.
Менде арнап жазамын
Өлеңімді әліде.

Беделі көтеріліп қазағымның,
Кетті ғой қайта оралмас азалы үнің.
Рухымен Абылайдың ұрандатқан,
Атамыз Нұрсұлтандай ел басқарған.

Келешекке жол бастап
Алға қарай жетеміз
Ерлігі биік, күші мол,
Елбасыға сенеміз.

Оралхан Әдемі.
Елбасы.

Елін сүйген әрқашан Елбасымыз,
Әрқашанда аман болсын Елбасымыз!
Тәуелсіздік бүгінде елімізде,
Толғанып жатыр далам, жеріміз де.

Түледі танымастай өңір мүлдем,
Бөленіп жатыр қырат өлең-гүлге.
Егеменді елімнің асқақ тойын
Именбеңдер, жырлайық досым сенде.

Теңесіп алуан жұртпен тереземіз,
Кеңейді қанат жайып керегем де.
Еліміздің төрағасы Елбасымыз
Тыныштығын қалайды өз елінде.

Әрқашанда сүйеді елімізді,


Тәуелсіздік ұланы жерімізді.
Ер Нұрсұлтан атамыз бақытты бол
Көк туды желбіреткен елімізде.

Қожантай Салтанат

Біздің президентіміз әрқашан елмен бірге, елге қамқорлығы, ықыласы ерекше! Біздің осындай көшбасшымыз бар. Олай болса, біздің болашағымыз айқын! Елбасына кәміл сенеміз.
Жанжал мен дау-шары жоқ құрыш елің,
Арман мен аңсары көп дұрыс елің
Әманда оған менің күмәнім жоқ
Өзіңе артады ғой Ұлы сенім!

Болашағымызға сеніммен қадам басайық! Өнерлі , ақын оқушыларымызға рахмет айтып, шығармашылық шабыт тілеп, бүгінгі «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы ақындар мүшайрасын аяқтаймыз.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі