Ашық сабақты дұрыс жоспарлау негіздері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақты дұрыс жоспарлау негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған кеңес мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақтың негіздері мен кеңестер.

Мінсіз ашық сабақ өткізу үшін ашық сабақтың жалпы не екен түсіну керек. Ұтымды ашық сабақ өткізу үшін ашық сабақтың кезеңдерін ұстану керек. Сабақты он кезеңге бөліп, талдау жасадым, сол талдаумен бөліскім келеді.

Сабақ кезеңдері:

1. Психалогиялық ахуал. Оқушыларға сабаққа деген мотивация және көңіл-күй беру. Оқушы үшін жайлы орта тудыру. Ол үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдануға болады, бірнеше мысал келтіре кетсем. Оқушылар сабаққа кіріп жатқан кезде көңілді ән қосып қоюға, стикерлер немесе смайликтер таратуға болады. Сондай ақ шаттық шеңберін құруға немесе «1 жұлдыз-2 тілек» әдісін қолдануға болады.

2. Топқа бөлу. Жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін, оқушылардың бәрін тапсырмаммен қамту үшін топқа бөлуге болады. Бұл міндетті емес, бірақта сабақтың құрылымы мен типіне байланысты ұтымды болуы мүмкін. Оқушылар түсінетін немесе сабақта әдетте қолданып жүрген тәсілді қолданған жөн болады. Сонымен қатар жаңадан шығып жатқан трендте жүрген көрнекіліктер мен әдістер болса тіпті жақсы болады. Мысалы: фонарикпен топқа бөлу әдісі немесе рандоманайзер сайттарын қолдану секілді.

3. Үй тапсырмасын пысықтау. Кез-келген сабақта кемдегенде 5 минутты өткен сабақты қайталауға, үй жұмысын пысықтауға арнау керек. Миға шабуыл, сәйкестендіру, «иә/жоқ» немесе «мозайка» сияқты әдістерді қолдануға болады. Немесе «Quizz тест», жылдам сұрақтарға жауап беру, «бинго», «фортуна дөңгелегі» секілді әдістерді ұтымды қолдануға болады.

4. Егер жаңа тақырып болса, жаңа тақырыпты ашу. Сұрақтар қою немесе «4 сурет 1 сөз «әдісін, «бинго» әдісін қолдануға болады. Немесе бүгін бізде осындай тақырып деп өзіңізге де айтуға болады.

5. Ескеретін жағдай. Сабақтың мақсаты слайдта болу керек. Немесе оқылуы керек немесе келген мұғалімдердің алдына таратылу керек. Жүйелі сабақ өткізу үшін мақсатты дұрыс қою керек. Сабаққа дайындалған уақытта өзіңізге және оқушыларға пайдалы болатын мақсат қойылуы керек. Бос мақсат қойылса оған жету үшін бос жұмыс атқарылады. Дұрыс қойылған мақсаттың арқасында сол мақсатқа жету үшін жүйелі жұмыс атқарылады.

6. Тапсырма ұсыну. Бір сабаққа 4-5 тапсырма сыйдыруға болады. Әр тапсырмаға жобалап қанша минут кететінін есептеп, ескеру керек. Әр тапсырманың басында дискриптор оқылуы немесе таратылуы керек, мысалы әр дұрыс жауапқа топқа 1 ұпай дегендей. Дискриптор болмаса сабақ соңында оқушы өзін бағалаған кезде өзін қалай бағалауды түсінбейді. Ескеретін жағдай тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне , деңгейлеріне сай болуы керек.

7. Сергіту сәті. Әр сабақтың маңызды бөлігі сергіту сәтіне бірнеше мысал келтіріп кетсем. Жеңіл қызықты ойындар немесе нейрожаттығулар, дене жаттығулары, суретті немесе видеодағы биді қайталау. Ресурстарға байланусты өзіңізге ыңғайлысын таңдап алсаңыз болады. Ескеретін жағдай сергіту сәті 2-3 минуттық, оқушыларға демалып сабақтың екінші бөлімінде жаңа күшпен жұмыс жасауға бағытталуы керек.

8. Бекіту кезеңі, сабақ соңы жақындаған кез. Қысқаша тез бекіту тапсырмасы орындалуы керек. Үй тапсырмасын беру. Міндетті түрде тақтаға жазып, оқушылардың күнделікке жазғанын қадағалау керек.

9. Соңы рефлексия. Магнитіктер, түрлі түсті стикерлер смайликтер жабыстыруға, «алмалы ағаш», «кәсіптік саты», «бағдаршам», «бес саусақ» әдісін тағы да басқа көптеген әдістерді қолдануға болады. Бұл жерде қолдануға болатын әдіс көп бастысы тақырыпқа, оқушының жасына сай болуы. Рефлексия бұл сабақты бағалау. Сонымен оқушы өз-өзін бағалай алады. Ол үшін ұйымдастыру кезінде бағалау парағы берілуі керек немесе бағалауға негізделген көрнекілктер көмекке келеді.

10. Соңында сабақ біткен соң міндетті түрде мұғалімнің анализі болу керек: бірінші тақырыпты оқисыз, кейін сыныпқа жалпы сипаттама беріледі. Қанша бала, сабаққа қаншасы қатысты, оқу деңгейлері қандай, ерекше оқушылар бар ма бәрі айтылуы керек. Кейін қандай мақсат қойылды, сол мақсатқа жету үшін қандай тапсырма орындалды, қандай әдіс қолданылды соның бәрі айтылуы керек. Мақсатқа жете алдыңыз ба жоқ па ай, өзіңізге көңіліңіз толды ма жоқ па сол да айтылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.00.2025
23
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі