Атамекендегі алғашқы күзім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атамекендегі алғашқы күзім

Материал туралы қысқаша түсінік
Атамекенде қарсы алған алғашқы күзім және тарихи отанымдағы алған әсерлеріммен бөліскім келді. Атамекенімде ана тілімде білім алып жүргенімді мақтан етемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атамекендегі алғашқы күзім


Сәлеметсіздер ме!

Мен, Даулетбек Каусар Дәулетбекқызы, Моңғолия мемлекетінен боламын. Атамекеніме – Тәуелсіз Қазақстаныма – ана тілімде, қазақ тілінде білім алсам деп келдім. Арман болған ата жұртымды аңсап көрсем деп, ата жұрттың төсінде аунап-қунап, туған халқыма деген сағынышымды бассам деп келдім. Моңғолиядан ата-бабаларымыздың мекеніне, тарихи отаныма арманымды орындасам деп, ата қонысымызға орнықсам деп келдім. Туған халқыма қызмет етсем, жоғары білім алып, атамекенімнің туған Отанымның дамуына үлес қоссам деп келдім. Моңғолияда моңғол мектебінде оқыған мен үшін қазақстандық жоғары оқу орнына таңдаған мамандығым бойынша оқуға түсу үшін әуелі қазақ тілін меңгеру қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанның ең таңдаулы білім ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында (www.kaznu.kz сайтынан ақпаратты толығырақ біле аласыздар) оқып жүрмін, себебі Қазақстан мемлекетінің стандартына сәйкес жалпы орта білімді бағдарламасын қарқынды түрде ана тілімде меңгеруге мүмкіндік береді. Біздің дайындық курсында оқу күздің екінші айында, 1 қазанда, басталды. Бұл күз мен үшін үлкен арманыма жол ашқан берекелі күз болды, алған әсерім де мол.

Сіздерге ата-мекендегі алғашқы күзім мен одан алған әсерім туралы қысқаша әңгімелеп бергім келеді.

Менің атамекендегі алғашқы күзім расымен ерекше басталды. Өз мекенім, өз жерім бәрі ерекше. Себебі атамекендегі алғашқы күзде өмір деген көз қарасым ашылып әлемді тани бастадым.Тіпті Қараша айы аяқталып, желтоқсан жақындап қалсада әлі Қыркүйек айы сияқты. Самал желімен, жаңадан сарғайып түсіп жатқан жапырақтар сондай бір керемет. айналаңда, тіпті аяқ астында әлдебір құпияны айтып жатқандай сыбдырлайды сары жапырақтар. Біздің факультеттің жанында шағын бақ бар. Бақтағы кейбір ағаштардың жапырақтары сап-сары түске боялса, енді басқа біреулері қызылсары түске енген. Айнала алтын жалатқандай, сондай әсем. Барлығынан ерекше әсер аласың. Атамекендегі алғашқы күз ғана емес, ерекше болған жаңа университет, жаңа ағай, қамқоршы апайлар. Ақылды, білімді достар барлығы ерекше деп мақтан тұта айта алар едім. Осы күз мезгілінде 25 Қазанда Республика күні болды. Күні кеше ғана біздің курстастар өз өнерлерін көрсетіп байқауға қатысты. Бұның өзі атамекендегі алғашқы күздегі алғашқы күздегі ерекше естелік деп айтар едім. Алла қаласа осы атамекенде талай биік шыңдарды бағындырып, жетістіктерге жетіп жақын жандарымыздың,ағай апайларымыздың үмітін ақтап, әлі талай атамекендегі алтын күзді қарсыаламын деген ойдамын.

Даулетбек Каусар,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының 3-тобының тыңдаушысы,

жетекшісі: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы Наралиева Рахила Турсыновна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.11.2022
408
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі