Аутист балалардың ойын әрекетінің ерекшеліктері
ЕЖБА бар балалар, сенсорлық тітіркендіргіштерге өзінше реакция жасайды. Бұл көрініс, олардың өте сезімталдығымен, өкпелегіштігімен, жалыққыштығымен т.б. түсіндіріледі. Әрі бұл балаларға сыртқы әсерлерді назарға алмау, мүлде көңіл аудармау, әлеуметтік және физикалық стимулдармен жасалатын ықпалдарға реакцияның әртүрлігі тән.
Ерте жастағы ЕЖБА бар балаларға, ойыншықты қажетсінбеу белгісі тән. Балалар ойыншықты ешқандай қызығушылықсыз қарайды, манипуляция жасауға ұмтылмайды. Олар әcipece, ойында пайдаланбайтын, бірақ сенсорлық әсер беретін (көру, есту. иіс сезу) бөгде заттармен айналысудан, қанағат табады. Мұндай балалардың ойындары, коммуникативті сипатта емес, олар өз беттерінен, жалғыз, бөлектеніп ойнағанды қалайды. Басқа балаларды назардан тыс қалдырады, кей жағдайда өз ойынының нәтижесін көрсету мүмкін. Рөлдік ойындары тұрақсыз, реттсіз әрекеттермен немесе рөлдерді импульсивті түрде алмастыра берумен үзіле береді. Ойын барысында, аутодиалог болуы мүмкін. Кейде, бала өзін басқа адамдар, жануарлар, заттар кейпінде көрсететін, қиял ойындар ойнайды. Бұл категориядағы балалардың манипуляциялық ойындары, тек ересектеу жасқа келгенде орнығады. Кез келген epiкті әрекет, оның мақсатына сәйкес, балалардың мінез-құлқын реттейді. Оларға алған әсерлерін, заттардың оң және тepic сипаттарынан назарларын кepi аудару қиынға соғады. Яғни, бала жагымды немесе жағымсыз әсер беретін нәрселерден, бірден арыла алмайды. Бұдан басқа, ЕЖБА бар балалардың қорқыныштары мен аутистік қалыптары, оқу әрекетінің қалыптасуына, кедергі жасайтын екінші бөгет. Даму бұзылуының ауырлық деңгейіне қарай, ЕЖБА бар бала, жеке оқыту бағдарламасымен, жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен оқи алады. Оқу әрекетіне, бағдарламаны толық меңгереді. Мектепте де ұжымға қосылмайды, жалғыз болғанда қалайды, яғни, бұрынғы қалыптасқан бөлектену күйі жалғасады. Достары жоқ, қарым- қатынас жасауға ұмтылмайды.
Бұл балаларда, көңіл-күйі толкымалы, біртіндеп санасында мектеппен байланысты пайда болған, жаңа үрейлер орын алады. Оқу әрекеті әдетте, үлкен қиындықтар туғызады, мұғалімдер баланың сабақтағы енжарлығы мен зейінсіздігін айтады. Үйде үй тапсырмасын, тек ата-анасының бақылауымен ғана орындайды, тез жалығады, қызығушылығы бірден жоғалады т.б. Бұл балалардың бip ерекшелігі сонда, мектеп жасындағы олардың шығармашылық әрекетке деген ұмтылыстары күшейеді. Өз беттерімен өлең шығару,әңгіме, хикая жазу, суреттер салу сияқты әрекеттері жиі кездеседі, барлығында өзі басты кейіпкердің рөлін атқарады. Өзін тыңдайтын және қиялына кедергі жасамайтын, ересек адамдарға жақын бола бастайды. Әдетте, бұл таныс емес, кездейсоқ адамдар болуы мумкін. Бірақ, бұрынғыша, белсенді қарым-қатынас қажетті болмайды.
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:
-
Ранний детский аутизм: Сб. науч. трудов // Под ред. Т. А. Власовой, В. В. Лебединского, К. С. Лебединской. - М., 1981.
-
Каган В. Е. Аутазм у детей. - Л., 1981.
-
Детский аутизм: Хрестоматия / Сост. J1. М. Шипицына. - СПб., 2001.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Аутист балалардың ойын әрекетінің ерекшеліктері
Аутист балалардың ойын әрекетінің ерекшеліктері
Аутист балалардың ойын әрекетінің ерекшеліктері
ЕЖБА бар балалар, сенсорлық тітіркендіргіштерге өзінше реакция жасайды. Бұл көрініс, олардың өте сезімталдығымен, өкпелегіштігімен, жалыққыштығымен т.б. түсіндіріледі. Әрі бұл балаларға сыртқы әсерлерді назарға алмау, мүлде көңіл аудармау, әлеуметтік және физикалық стимулдармен жасалатын ықпалдарға реакцияның әртүрлігі тән.
Ерте жастағы ЕЖБА бар балаларға, ойыншықты қажетсінбеу белгісі тән. Балалар ойыншықты ешқандай қызығушылықсыз қарайды, манипуляция жасауға ұмтылмайды. Олар әcipece, ойында пайдаланбайтын, бірақ сенсорлық әсер беретін (көру, есту. иіс сезу) бөгде заттармен айналысудан, қанағат табады. Мұндай балалардың ойындары, коммуникативті сипатта емес, олар өз беттерінен, жалғыз, бөлектеніп ойнағанды қалайды. Басқа балаларды назардан тыс қалдырады, кей жағдайда өз ойынының нәтижесін көрсету мүмкін. Рөлдік ойындары тұрақсыз, реттсіз әрекеттермен немесе рөлдерді импульсивті түрде алмастыра берумен үзіле береді. Ойын барысында, аутодиалог болуы мүмкін. Кейде, бала өзін басқа адамдар, жануарлар, заттар кейпінде көрсететін, қиял ойындар ойнайды. Бұл категориядағы балалардың манипуляциялық ойындары, тек ересектеу жасқа келгенде орнығады. Кез келген epiкті әрекет, оның мақсатына сәйкес, балалардың мінез-құлқын реттейді. Оларға алған әсерлерін, заттардың оң және тepic сипаттарынан назарларын кepi аудару қиынға соғады. Яғни, бала жагымды немесе жағымсыз әсер беретін нәрселерден, бірден арыла алмайды. Бұдан басқа, ЕЖБА бар балалардың қорқыныштары мен аутистік қалыптары, оқу әрекетінің қалыптасуына, кедергі жасайтын екінші бөгет. Даму бұзылуының ауырлық деңгейіне қарай, ЕЖБА бар бала, жеке оқыту бағдарламасымен, жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен оқи алады. Оқу әрекетіне, бағдарламаны толық меңгереді. Мектепте де ұжымға қосылмайды, жалғыз болғанда қалайды, яғни, бұрынғы қалыптасқан бөлектену күйі жалғасады. Достары жоқ, қарым- қатынас жасауға ұмтылмайды.
Бұл балаларда, көңіл-күйі толкымалы, біртіндеп санасында мектеппен байланысты пайда болған, жаңа үрейлер орын алады. Оқу әрекеті әдетте, үлкен қиындықтар туғызады, мұғалімдер баланың сабақтағы енжарлығы мен зейінсіздігін айтады. Үйде үй тапсырмасын, тек ата-анасының бақылауымен ғана орындайды, тез жалығады, қызығушылығы бірден жоғалады т.б. Бұл балалардың бip ерекшелігі сонда, мектеп жасындағы олардың шығармашылық әрекетке деген ұмтылыстары күшейеді. Өз беттерімен өлең шығару,әңгіме, хикая жазу, суреттер салу сияқты әрекеттері жиі кездеседі, барлығында өзі басты кейіпкердің рөлін атқарады. Өзін тыңдайтын және қиялына кедергі жасамайтын, ересек адамдарға жақын бола бастайды. Әдетте, бұл таныс емес, кездейсоқ адамдар болуы мумкін. Бірақ, бұрынғыша, белсенді қарым-қатынас қажетті болмайды.
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:
-
Ранний детский аутизм: Сб. науч. трудов // Под ред. Т. А. Власовой, В. В. Лебединского, К. С. Лебединской. - М., 1981.
-
Каган В. Е. Аутазм у детей. - Л., 1981.
-
Детский аутизм: Хрестоматия / Сост. J1. М. Шипицына. - СПб., 2001.
шағым қалдыра аласыз













