Аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету əдістері
«Аутизмді 21 ғасырдың науқасы деп атайды.Егер өткен ғасырдың 70-ші
жылдары əрбір он мың жаңа туған нəрестенің біреуінде ғана «аутизм»
диагнозы ұшырасқан болса, 2013 жылы əрбір елуінші нəресте осы
дертке шалдыққан. Тағы бір деректерге сүйенсек, ересектер мен
балаларды бірге есептегенде, аутистік спектр көріністері мың
адамның алтауында кездеседі екен, əрі қыз балаларға қарағанда ұл
балалар арасында шамамен 4 есе жиі ұшырасатын көрінеді». 1943 жылы
доктор Л. Каннер алғаш рет бала аутизмін психологиялық дамудың жеке
бұзылысы ретінде ерекшеледі. Ол бала дамуындағы ауытқушылықтың
ерекше түрін сипаттап, оның ерте жастағы бала аутизмі (Каннер
синдромы) деп атады, оның байқалуының негізгі
түрлері:
- қоршаған адамдармен эмоциялық қарым-қатынасты орнатуға үлкен қиындықтар;
- тәртіптің қайталанатын, бір текті түрлерін үнемі қайталай беруге талпыну;
- белгілі бір объектілермен іс-әрекеттерге қатты берілу;
- сөйлеу тілін меңгеру мүмкіндігінің сақталғанымен, сөйлеу тілінің болмауы (мутизм) немесе сөйлеу тілінің адамдармен қатынаста пайдаланбауы;
- басқа салаларда танымдық қабілетінің жақсы болуы;
Бұл бұзылыстар ерте, 2,5 жасқа дейін байқалады деп мәлімдейді доктор Л. Каннер.
Қазіргі күнге дейін аутизм проблемасы бойынша әр түрлі елдерде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бала аутизмінің шығу тегі мен ерекшеліктері туралы әр түрлі ғылыми болжамдар мен пікірлер айтылады.
Соңғы ақпараттарға сүйенсек әлем бойынша бұл
дертке шалдыққандар саны 65 миллионнан асады делінген. Ал соның
ішінде біздің елде осы диагноз бойынша тіркелгендер саны мыңнан
асады екен. Дерек көздерінде соңғы он бір жыл ішінде аутизмге
шалдыққан балалар саны 20 есеге өскен, ол дегеніміз дүниеге келген
әрбір елуінші сәби осы аурумен туылады дегенді меңзейді. Ал аутизм
қыз балаларға қарағанда көбіне ер балаларда жиі кездеседі екен.
Біздің елімізде кейінгі жылдары иппотерапия əдісі кеңінен
қолданылып жүр. Əсіресе тірекқимыл аппараты зақымданған балаларды
емдеу мақсатында қолданылып жақсы нəтижелерге қол
жетуде. Иппотерапия балалардың ойлау, есте сақтау, зейін қабілеттерін
дамытады. Ат үстінде отыру адамнан үнемі зейінін шоғырландыруды,
жинақылықты, дəлдікті, өзінің əрбір қимылын бағу мен басқаруды,
жоспарлауды талап етеді. Бұл, əрине, өз кезегінде психикалық
үдерістерді белсенділендіреді.
Арт-терапия да
заманауи педагогикада кеңінен қолданысқа ие болған əдістердің
бірі.
Арт-терапия ең алдымен ұсақ қол моторикасы мен қиялды, қол мен саусақ координациясын, шығармашылық қабілеттерді дамытады. Өнер арқылы балалар өз ойлары мен сезімдерін жеткізуге, өзара қарым-қатынас жасауға үйренеді, өзара сенім атмосферасы туындайды. Аутизмдегі ең негізгі белгі – вербальдық жəне əлеуметтік коммуникация қиындығы. Олар тілдік қарым-қатынас жасаудан мүлдем бас тартуы мүмкін. Сондықтан олар өз сезімі мен ойын сурет, бейне, түстер арқылы жеткізе
алады.
«Аутист балалар техникамен тез
тіл табысады, өздерін сенімдірек сезінеді, əрі өзінің іс-əрекеті
мен сөзі үшін өзгелерден қысылмайды т.б. Мысалы, Speech
Buddy,Speech Communicator бағдарламалары сөйлеу тілін дамытуға
арналған, Therapy Images бағдарламасы визуальды стимуляцияға
арналған, Autism Emotion –эмоцияларды тануға үйретеді. Əртүрлі
зияткерлік тапсырмалардан тұратын бағдарламалар да толып жатыр.
Сондай-ақ ересектерге арналған Able – əлеуметтік дағдыларды
жетілдіреді.
АВА туралы және оның аутизм үшін неге жиі қолданылатынын біліңіз. Бүгінгі таңдағы аутизмі бар балаларды түзетудегі тиімді әдістердің бірі ол – ABA (Applied behavior analysis), мінез – құлық терапиясы немесе мінез – құлықты қолданбалы талдау (анализ) әдісін атауға болады.
Томатис терапия әдісі
Томатис терапия — арнайы аудио-вокалдық жаттығы әдісі. Мақсаты- мидың есту арқылы алған ақпаратты қабылдап, өңдеу мүмкіндіктерін арттыру. Бұл әдіс негізінде жаттығулардың арқасында сөзді қабылдау және түсіну процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. PECS — карточкалар арқылы баламен қатынасқа түсу жүйесі. Бұл бағдарлама-баланың негізгі қарым-қатынас дағдыларын тездетіп қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Аутизм синдромы бар балалар өзге балалар сияқты қарым-қатынасқа түсіп, әрекеттесе алмайды сондықтан, жоғарыда айтылған әдістерді қолдана отырып ерекше балаларға әлеуметтік ортаға бейімделіп, қарым-қатынасқа түсуге көмектесуге міндеттіміз. Әрине ол үлкен шыдамдылық, төзімділік және еңбекті қажет етеді. Бүгінгі таңда ол біздің барша қоғамның алдындағы жауаптыда өзекті мәселелердің бірі.АВА – терапия - бұл – мінез – құлық технологиялары мен оқыту әдістеріне негізделген қарқынды оқыту бағдарламасы. АВА ғылыми тұрғыда адамның мінез – құлқын өзгерту үшін, мінез – құлыққа қоршаған орта факторларының әсерін зерттей отырып, осы факторлармен әрекет етеді.Аутизмі бар балалармен жұмыс істеуде АВА әдісін алғаш болып 1963 жылы Лос - Анджелестегі Калифорния университетінің докторы Ивар Ловаас пен оның әріптестері қолданған болатын. Кез – келген мінез – құлық өзімен кейбір салдарларды алады, егер балаға мінез – құлық ұнаса, ол бұл мінез – құлықты қайталайды, ұнамаса қайталамайды, осы әрекеттер негізге алынды.
Son – Rise
бағдарламасы.
Бұл 35 жыл бұрын ұлдары Раунның (Raun) аутизм диагнозына жауап
ретінде ата – аналары Барри Нейла Кауфман мен Samahria Lyte
Кауфманның шығарған бағдарламасы болатын. Son – Rise
бағдарламасының авторы Барри Нейла Кауфман болып табылады.
Аутизмнен толық сауыққан Раун Кауфман қазір Американың аутизмді
емдеу орталығында ғаламдық білім беру директоры. Son – Rise
бағдарламасы әлемнің 78 елінде шамамен 25000 балалар мен
ересектерді емдеуге көмектескен. Бұл бағдарлама баланың өзіндік
сарынына сүйенеді. Ересек баланың аутистік әлемін бұзбай оның
қайталаушы және дәстүрлі әрекеттеріне жаңа түсініктер мен саналылық
бере отырып, оның әлеміне қосылады. Сенсорлық интеграция мен
стимуляция әдісі(СИС, заттық терапия). Денедегі барлық жүйке
жүйелерінен миға түсетін сигналдар байланысы мәселесімен
айналысады.
Холдинг – терапия».
Соңғы уақыттарда аутист балаларды түзету жұмыстарында Батыста
«холдинг - терапия» (ағылшын тілінен «hold» - ұстау) деген атпен
танылған әдісті қолданамыз. Әдіс эмоционалды бұзылыстарды түзетуде
қолданылады. Бірақ алғаш ерте жастағы балалар аутизмінен зардап
шегетін балаларға жасалып, қолданылды. Бұл әдістің авторы дәрігер
Марта Велш. Холдинг емінде ана баланы өзіне жақын тартады, оны
құшақтайды және бетпе бет қатты ұстап тұрады. Аутизмі бар
балалармен әңгімелесу кезінде бала өзін жалғыз, сыныптастарымен
қалыптаспаған достық қарым-қатынастарын сезінгені
ангықталады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз