Қазақстан Республикасы білім
министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды университеті
6В03201-білім
бағдарламасы
«Журналистика және тілші
ісі»
Талапкер: Ермек
Фариза
Шығарма тақырыбы: «Азат елдің
аңсары»
2021
жыл
Азат елдің
аңсары...
Егемендік... Тәуелсіздік...
Бостандық... Азат ел... Сан түрлі түбірден, әр түрлі әріптен
құралған алуан сөздер... Бірақ, мағынасы бір. Жазуға да, айтуға да
ат үсті көрінетін дегенмен , салмағы басым « Азаттық» сөзінің
артында, түп тамырында кітап бетіне сыймайтын зіл тарих жатыр. Иә,
ақпарат пен «IT»-дің аурасында ауа жұтып жүрген бүгінгі жас буынға
бұл сөзді қызыл таңдай, ұзын тілмен айта салу , «16- желтоқсан»
дейтін айтулы датада өлең шумақтарын оқып, әлеуметтік парақшаларына
« Егемендік –еңселі болсын!» деген тақырыпта нүктелетіп «история,
сторис» салып құрғақ құрмет көрсету әсте жеңіл... Жо-жоқ, бұл
дегенім көпке топырақ шашу емес. Дегенмен мына сауалға жауап беріп
көрейікші: Расымен, «Азат елдің аңсары не? Қалауы қандай?»,
«Азаттық үшін жан кешкен ата-бабамыздың бізге табыстаған аманатына
қиянат жасалып жатқан жоқ па?» Сұрақ көп, жауап
жоқ!
«Тілі жоғалған ұлттың өзі де
жоғалады» Бұл нақыл сөз арқылы қай мәселенің сай-сүйегі сырқырап,
ішек-қарыны ақтарылытаның ішіңіз де сезіп отырған болар. Жоғарыдағы
сауалға оралайық. Азат елдің аңсары ең алдымен – ана тілі. Бодау
шақта тәуелді болдық әке қанымен, ана сүтімен дарыған туған
тілімізді «Ана тілім» деп айтуға да , сөйлеуге де мүмкіндік орасан
болмады. Ал ,қазір ше? Егемен елдің ана тілі неге шұбар? Өз
қазағымыз неге қазақша ойлай алмайды? Иә, шаңы талай көтеріліп
«бұрқ» еткен бірақ, шешімі табылмаған көп нүктелі сауал. Елдің
болашағы – жастар. Өте жақсы түсінік. Жастар қандай білімді, қай
тілде меңгеріп жатыр? Біреуді алаңдатса, біреуін алаңдатпайтын
сұрақ. Атауы бүркеленіп «аралас мектеп» деп аталып жүрген орыс
мектебі қазақ баласына қандай ілім құйып жатыр? Өз тіліңде
оқымаған, орта құрмаған қазақ баласы ертең Отанына қалайша қызмет
етпек? Әлде жоғарыда отырған ағаларының жолын қуып «қызыл креслода»
жаңтайып ұйықтап, ана тіліңде бір ауыз мәміле жасай алмай күлкіге
қала ма? 30 жылдық «Егемендігі» бар елдің осылай өз тілінің
жетімсіреп жүруі менің жүрегімді ауыртады. Жоқ ағайын! Азат елдің
аңсары – еш шыңжырсыз туған тілің көкке қыран құстай бодаусыз,
байлаусыз самғату. Сол үшін нағыз «Тәуелсіз ел» боламыз десек торда
бұғалып жатқан « Қазақ тілімізді» көтерейік
көкке!
« Ел боламын десең бесігіңді
түзе» дейміз дұрысы дұрыс-ақ! Ең алдымен осы сөзді «мінбер»
тағыңдағы ел ағаларынан бастасақ жөн
болар.
Біз «қазақ» жалпы қандай
елміз? Жетім мен жесірің жылатпаған дархан халықпыз. Ал қазір ше?
Көгілдір экрандағы әрбір екінші жаңалық баспанаға зәру отбасың я
болмаса қабырғасы қираған сапасы сың көтермейтін ғимарат пен оқу
орның көреміз. Одан қалды ата-бабаларымыздың біз үшін, болашақ
ұрпақ үшін аманат етіп кеткен – дархан, кең байтақ даласындағы
салынбай жатқан сапасыз жолына наразы халықтың назың естиміз,
көреміз... Әттең –ай деймін... Өз ауамызбен өсіп, құнарың жұтқан өз
өңімімізді өң бойымызға өндіру де бір мұң болды. Азат елдің
аңсағаны әсте осы ма? Көрші ауылдан (мемлекеттен) келген
көршілестеріміз келерде кетіктің сыртын бүтіндеп, жуындының үсітіне
жылтыр құямыз. Бір уақыт дүниеге бәрі алданар дегенмен, артық
желінген нан, халық көз жасы – сорақысы. Ең сапасыз дүние – сапасыз
білім. Сапасыз білімді сіңіріп, елге сапалы қызмет етемін дей ме?
Мысқыл күлкі... Жан ауруы тән ауруына айналған қара халықтың ем
іздеп барғанда да алатын емі- сылдыр су. Не айтқым келгені белгілі
болып тұрған шығар. .. Бұның бәрі қайдан шығады? Бұның бәрі ұлттық
құндылықты, ұлттық дәстүрді, ғұрыпты ұлықтамаудың нәтижесі
.
Сөз басында тілге тиек еткен
болашақтың - діңгегі жас буын Абай, Ахмет, Әлімхандарды «Тик-ток»
торының ішінде мазақ қылып жүрсе ненің ұлттық құндылығы, ненің
ғұрпы? Алдыңғы ардақ ұстаздарымыздың болашаққа берген сыйына
тартқан жауап осы ма? Ағайын, азат елдің аңсары – оның өз елінің
төрінде жас құлынша еркін , тәуелсіз , еңсесін тік, бойың бекем
ұстауында. Шығыстың цивилизациясына ілесеміз деп, канализациясына
түсіп кетпейік. Алтын сандықтың үстінде – жалаңбұт отырудан
сақтайтын Алла абырой берсің! Көз жетпес, қол жетпес кең байтақ,
«Азат» еліміздің аңсарын орындар босқа құлаш созбайтын , рухы бекем
өреңдеріміздің легі толыса берсің дегім
келеді!