Бала жүрегіне білім нұрын
себу мақсатында мектепке келдім.
Әр оқушы бір тұлға. Олардың
әрқайсысының өз ерекшеліктері, өз қабілеттері, өз ойлары бар.Мен
баланың жас кезінен-ақ әрқашан сау да, әрі бақытты болып өсуін,
өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып
өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін , не үшін өмір сүріп , не үшін
талпынатынын пайымдай білсін.
Мен де барлық ұстаздар секілді
мұғалім болуға бала кезімнен қызығатынмын. Ол кезде мен үшін
«мұғалім» ұғымы мен үшін ең қадірлі де қастерлі еді. Өйткені
мұғалімдерді пір тұтатынбыз. Оқу орнын аяқтап келіп мектепте жұмыс
істеп жүргеніме өзімді қуанышты сезіндім.Өйткені алдымда отырған әр
оқушы елімнің болашағы деп сезінемін және осы уақыттан бастап мен
өзіме үлкен міндет алғанымды түсіндім. Ол міндет-ерекше білімді
қажет ететін шәкірт бойына өңегелі тәрбие, сапалы білім беру еді.
Сол әр ерекшелігі бар оқушының жүрегіне жолды қалай табам деген
сұрақ келеді және тәрбие мен білімді дұрыс жеткізе алдым ба ? деген
ой мені көп мазалайды.
Мұғалім –болашақтың білім
нәрінің себушісі. Бүгінгі қоғамда мұғалім беделін көтеру басты
мақсаттардың бірі болып отыр. Қазіргі кейбір ата-аналар
көзқарасымен қарасақ, мұғалім ақша жинаушы, сабағын дұрыс
оқытпайтын , баласы тентек болып бір нәрсе бүлдірсе де соған
мұғалімді кіналайтын болып алдық. Осындай жат қылықтарды мектеп
өмірінен алыстатуымыз керек. Сонда ғана мұғалім беделін көтере
аламыз.
Мұғалім болып жұмыс істегеннен
бері түсінгенім мұғалім ол оқытушы ғана емес ол -жол сілтуші. Әр
оқушы өз мұғаліміне еліктейді. Сондықтан барынша өзінің жақсы
қасиеттерін оқушы бойына ұялата білу керек. Мектеп қай кезде, қай
жерде болмасын қасиетті орын және онда санаға ізгілік нұрын себетін
ұстазы бар екенін қадірлеп сыйлап жүру керек екені айдай анық. Мен
оқытуда ерекше білім қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс
жасағандықтан олардың ата-аналарымен үнемі тығыз байланыста
боламын, сондықтан ата-аналарынан «Сіз мейірімдісіз» деген сөзді
естігенде қуанып, олар мен үшін шырақ оның жалыны менің
сүйіспеншілікпен берген рухани білімім деп білемін! Мен оқушыларды
үйретіп қана қоймай өзім де, көп нәрсені үйренемін. Оқушыларым,
ата-аналарым маған төзімді, қайырымды болуды, өзімді де, өзгені де
түсіне білуді үйретті. Бұл әр мұғалім үшін қаншалықты маңызды
екенін жеткізу қиын. Ерекшелігі бар балаларды оқыту және өз жемісін
көру- мұғалімнің жұмыс бақытының жартысы ғана, ал балаларды оқыту
және өзін оқыту , кез келген сұрақтың жауабын табу үнемі ізденсіте
болу, өз жұмысының нағыз бақыты деп айтуға болады. Оқытудың жаңаша
әдіс-тәсілдері сабақта кең қолдану бүгінгі күннің басты талабы
болып отыр, сол үшін әр мұғалімнің ұстанымы мықты болуы керек. Үйде
оқытатын мұғалім әр алдында отырған оқушы бір тұлға екенін түсініп,
бойындағы бар жақсылығын, білімін сусындатса , өнегелі ұрпақ өсіп
шығатына сенімдімін. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі
бүгіні жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың
қолында »деген сөздері ойға оралады, яғни елдің болашағы ұстаздар
қауымының қолында деген сөз. Әрбір баланың бойына сүйіспеншілікпен
білім нәрі мен тәрбие беру арқылы біз саналы ұрпақ тәрбиелейміз.
Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін. Балалардың әрқайсысының
бойында өзіне тән ерекшеліктері болады. Жақсы мұғалім-ол кез келген
баланың қабілетінің кілтін таба біледі. Бала шырақ секілді. Мұғалім
сол шырақты жағушы. Ұстаз болу ең қиында, жауапкершілігі көп жұмыс.
Соған қарамастан балаларға жақсы білім және тәрбие беруге
тырысамын. Ғалымдар судың қасиеттерін зерттегенде , оған жылы
сөздер айтқанда кристалдары өзгеріп әдемі болғанын ал жағымсыз
сөздер айтқанда кристалдарының бұзылғандығын дәлелдеген. Оның
жанында кеудесінде жаны бар аппақ таза жүректі балаларға тек
ізгілікпен , сүйіспеншілікпен , жақсылықты , адамгершілігі мол- жас
ұрпақты тәрбиелеу өз қолымызда.