Бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
Бала отбасының көз қуанышы. Өйткені қазақта сөз бар: «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген. Сондықтан да, халқымыз баланы ерекше қадірлеген. Біреу бақытты байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, қызмет пен мансаптан іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы: «Адам ұрпағымен мың жасайды».Бүгінгі ұрпақ ол – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз – қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты, жарасымды тұлға тәрбиелеп өсіру. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі.Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажырата білуі, өзін қоршаған ортасына, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты болады.Қазір баланың сана сезімін улайтын айғақтар телеарнадағы түрлі бағдарламалар. Бұлардың бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да, қазіргі таңда балаларға кітап оқытып, кітаптың берер тәрбиелік мәні өте зор екенін ұғындыру керек. Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп өсіру қажет. Жат қылықтан аулақ болуға, тәртіпті адам барлық жерде, үйде, мектепте, қоғамдық орындарда, өзін –өзі дұрыс ұстауын санасына құйып отыру қажет.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі — психологиялық-педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланғаны сияқты, ата-аналарға көмек ретінде «Өзін-өзі тану» пәнінің формаларын пайдалана отырып ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес түрін өткізгенде интерактивті тақтаны, яғни ақпараттық технологияны пайдалану ата-ана қызығушылығын арттырып қана қоймай, жеке танып-білуге, байланысты нығайтуға қосар үлесі зор.Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты. Мектептің, отбасының, жалпы халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты, казіргі заманың талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, олардың өмірде өз орындарын таба білуге даярлау болып табылады.Өмірге келген балаға қазақ тәрбиесінде бесіктің орны бөлек.Сәби кезінен бесікке жатқан бала бесіктен түрлі жыр-дастанды, тәрбиелік маңызы бар ертегі, өлеңдерді естиді.Халық арасында ауыздан ауызға көшіп ел арасында таралып кеткен бесік жырында діни өлеңдер, үлгілі өнеге бар. Бесік жырының мақсаты баланы тыныштандыра отырып, баланың санасына ұлттық тәрбиенің, діннің нәрін сіңіру.Осы тұста қазақ халқы баланы бес жасқа дейін патшаңдай көріп, мейірімді болу керектігін үгіттеген. Бес жастан он үшке дейін жұмсауды бұйырып, он үштен кейін өзіңмен теңдей досша сырласа біл деп насихат айтқан.Ұрпақ көші дұрыс перзент болсын десек, перзент болмысын түзетуді құрсақтан бастаған жөн. Дана халқымыз «Жасында бағу көрмеген, өскенде қарауға көнбес», - деп бекер айтпаған. Ұрпағын өмірінің қазнасы санаған қариялар тәңірге «Құдай бала бер бала берсен сана бер», -деп те бекер айтпаған. Яғни жалпыға тән адамгершілік қасаеттер – мейірбандық, сыйластық, өзара түсіністікке ұмытылдыру, жаксыны өнерге тарту, үлкенге құрмет, кішіге изет көрсете білуді, бүгінгі жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу, отбасы мен мектептің басты мақсаты болып табылады.
Қорыта келе, «Тәрбие тал бесіктен»-дейді атамыз қазақ. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді»деген сөз ата –ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. Егемен еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Ал тәрбиенің басты ұясы отбасы –мемлекеттің негізгі буыны. Сондықтан да бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, жауапкершілікпен қарайық дегім келеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бала тәрбиесі-ұлт тәрбиесі

шағым қалдыра аласыз