Материалдар / Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани-мәдениет саласындағы білімін кеңейте отырып, өз өмірі мен кәсіби іс- әрекетінде ұлттық бала тәрбиесі тәжірибесін қолдануға баулу. Ұлттық рухының кемелдене түсіп, туған халқына қызмет ету бағытындағы парызыдылық қасиетінің қалыптасуына бағдар беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Маусым 2018
2700
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар

 Тәрбие сағатының мақсаты: 

Рухани-мәдениет саласындағы білімін кеңейте отырып, өз  өмірі  мен  кәсіби іс- әрекетінде  ұлттық бала тәрбиесі тәжірибесін қолдануға баулу.

 Ұлттық рухының кемелдене түсіп, туған халқына қызмет ету бағытындағы  парызыдылық қасиетінің  қалыптасуына    бағдар беру.

Тәрбие сағатының түрі : өнеге сабағы

Жабдықталуы: мультимедиялық құрылым, үнтаспа, көрме  материалдары

Көрнекілігі: бейне материалдар, сахналық көрністер, слайдтар

Әдіс – тәсілдері: әдеби – музыкалық монтаж, бейне әдіс, сұрақ – жауап, сахналық көрініс.

 Қолданылған әдебиеттер:

 Жоспары:

1-бөлім:  «Бабалар аманатына адалдық – ұрпақ парызы»

2-бөлім:  «Тәрбие тамыры – ұлттық құндылықтарда»

3-бөлім: «Түйін сөз»

 Тәрбие сағатының  барысы:

Кіріспе сөз:

Оқытушы:  Құрметті қонақтар, білім алушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы түсініп, жүректерімізге жеткізе отырып, ұлттық таным мен тәрбиеге баулу болып табылады.

Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен  ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері ғасырдан бері жинақталып келе жатқан алтын қазығымыз. Сол тәжірибе, танымның, ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері. Ал біздер мен сіздер осы құндылықтардың заңды жалғастырушысы мен қорғаушыларымыз. Ұлтымыздың мақтанышына айналған ұлттық құндылықтарымыз ұлттығымыздың негізі. Ендеше, сіздерді ұлттық құндылықтарымызды тануға шақырамын.

 

1-бөлім. «Бабалар аманатына адалдық – ұрпақ парызы»

Оқушы: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық қасиет пен ділімізді танытатын мына бір сөздері «ұлтым» деген, «қазағым» деген әрқайсымыз үшін қашанда өнеге-үлгі:

Оқушы:  «Менің атам да, анам да – қазақ. Менің жаным, жүрегім – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқандай намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын ба. Қайта тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың  ұлы болмай тұрып, адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.»

Оқушы: «Құдай қазаққа қырын қарамаған, пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. Садағаң кетейін, айналайын халқым, сенің мүддең жолында бойдағы қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін.» 

Оқушы:  М.Шаханов «Төрт ана»

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

ТУҒАН  ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,

ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі өнеге айдыны,

ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және ТУҒАН ТАРИХЫ,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Төрт анадан сенім таба алмаған

Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

 

/ күй ойнайды/

Оқушы:

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты  сөнген  жалғанда  жан  барсың  ба?
Ойланбай – ақ  кел   дағы от ал менен.

Түтінтүтет,
Өс, өрбі, көгере   бер,
Немерелер    көбейсін, шөберелер.
Жадыңда   ұста :
Жақсылық  күтпегейсің!
От емес, оқ  сұрасаң   менен   егер!

Үш   бірдей   бақытым бар алақанда,
(Мені  мұндай   бақытты   жаратар  ма?!)
Үш  күн  нұрын  төгеді   аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!



Оқушы:

Ана тілім

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек – ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,

Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.

Туған анамды ұмытқаным емес пе,

Туған тілім,

Егер сені ұмытсам.

Ана тілім,

Алтын ұям, құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жырың, сенің әнің айтарым,

Санам сөніп, байланғанша тіл – жағым!

(Сахнаға батыр, абыз киімдер киінген ұлдар)

Оқушы: Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр алқап көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бері ірге тепкен ата қонысы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең далаға біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ұлттық тарих- ұлттығымыздың куәсі.

Оқушы:

Мен қазақпын, қыран елмін, азатпын.

Пейіліммен кеңмін,

Иесімін кең байтақ жердің.

Мен қазақпын, ғажаппын

Еркіндік үшін дүниеге келдім,

Көк тәңірдің иесі едім.

Асан қайғы болып жаһанды кездім,

Кұрманғазының күйіне ендім,

Абылай ханның соңынан ердім,

Қабанбай қас батырым едің,

Абайдай алып данамын,

Махамбеттей өрім дарамын,

Наурызбаймын найзамын

Райымбекпін айламын

Жәнібектің жігерімін

Жауымды жеңдім, тойладым.

 

Оқушы:

Мен қазақпын, ғажаппын,

Әйтеке, Төренің тілдерін білемін,

Қазыбек бидің жүрегіндемін,

Әл Фарабидің мұратындамын,

Қажымұқанның қуатындамын.

Тұрармен мен түрмеде жаттым,

Шоқан болып жұлдыздай ақтым.

Қасым қайсар ақыным едің,

Мұқағали жыр әнім едің.

Шәмшінің мен әнімін,

Үміттің де таңымын.

Береке мен бақ қонған,

Ұрпағымын ұлы елдің.

 

Оқушы:

 Мен қазақпын, қазақпын,

Тарихым менің тоналғанда,

Суалдым мен Аралдай.

Тәуелсіздік таңы атқанда,

Қуандым мен баладай.

Ақан Серінің құлагерімін,

Қожа Ахметтің мұрагерімін.

Ойран болған Отырардың,

Өлмейтұғын куәгерімін.

Батырмын мен Оспанмын,

Бауыржанмын дастанмын.

Арманның бәрі менікі,

Астындағы айлы аспанның.



Ән.  «Туған жер».

/ Төрт ана орындарынан тұрады/

1 ана: – Тілді құрметтеу-елді құрметтеу екенін жадыңда ұста, жас ұрпақ! 

2 ана: – Қазақ тарихы – ата-балалар қанымен, төгілген терімен жазылған көне тарих. Ей, жас ұрпақ, тарихыңды таны, сол арқылы елдігіңді таны!

3 ана: –  Жас ұрпақ! Туған жерің – түп қазығың, тамырың екенін біл! Еліңе адал қызмет ететін ұл мен қыз болыңдар!

4 ана: – Ей, жас ұрпақ! Тәрбие, өнеге негізі салт-дәстүрді танып, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырар адал перзент болыңдар!

(Күй ойнап тұрады)

Хормен: Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!

Қорытынды.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!