Материалдар / «Бала тілін дамытудағы ата-ананың рөлі»

«Бала тілін дамытудағы ата-ананың рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ата-аналарымен тілдік қатынасын дамыту. Қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б. Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Алпамыс батыр» бөбекжай бақшасы МКҚК













«Бала тілін дамытудағы ата-ананың рөлі»





Педагог-психолог: Г.Абдуханова













2023-2024 Оқу жылы

Балалардың тілін дамытудағы ата-аналардың рөлі.

Балалардың ата-аналарымен тілдік қатынасын дамыту. Қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б. Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру. Балаларды (1 жас 2 ай – 1 жас 4 ай) былдырды белсенді қолданып, былдыр сөздерді айта білуге ынталандыру. Жиі еститін дыбыстар мен сөздерге еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық, өкіну және т.б. дауыс сазын білдіретін дыбыстар мен сөздерді айту. Сөздік қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру.

1 жас 6 айға қарай таныс заттарды (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету. Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл не?», «Не істеді?» сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, болмайды, рұқсат сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу. Балалардың ынталық және жауап беру тілін дамыту. 1 жас 6 айға қарай екі сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге ынталандыру. Ересектердің сөйлеген сөздеріне еліктеу арқылы жеке сөздер мен тіркестерді жаңғырта білуді, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту. Сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету, заттар мен іс-әрекеттерді білдіретін жаңа сөздерді енгізу, былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді біртіндеп тілдік формамен ауыстыру, пассив сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және тілектерін білдіруге қажетті сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, ары жылжы), кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу және т.б.) дұрыс атай білуді қалыптастыру. Балаларды кейбір есім сөздерді (мен, біз, сен, маған), үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) және қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету. Зат есімнің көпше түрін, септікті, етістіктің бұйрық райын, етістіктің өткен шағын осы және келер шақтармен бірге қолдануды қалыптастыру.

Жыл аяғына қарай баланың белсенді сөздік қоры 300 сөзге дейін жетеді. Заттарды ерекше белгілеріне қарай жалпылап қана қоймай, оларды атай білуді (қуыршақтар, доптар, машиналар және т.б.) үйрету. Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету. 1 жас 6 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін заттар мен әрекеттерді жеке сөздермен және екі сөзден тұратын сөйлемдермен айтуға ынталандыру. 1 жас 10 айдан бастап сын есімдер мен үстеулерді қолданып 3-4 сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге үйрету. Тілді қоршаған ортамен қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Диалогты тілді дамытуға әсер ететін қарым-қатынас жағдаяттарын құру, баланы түрлі себептермен ересектерге және балаларға өтінішін білдіруге ынталандыру, сұрақтар қоя білу, өз тілектерін, өтініштерін білдіре алуға, көрген-білгені жайлы бірнеше сөзбен айта білуін қалыптастыру.

Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз түріндегі талаптарын орындау. Таныс заттар жөнінде қойылған сұрақтарға сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап бере білуге үйрету («Бұл не?» – «Бұл қуыршақ»; «Арбада не бар?» – «Қуыршақ»; «Көрпе неге керек?» – «Қуыршаққа»; «Әнуар енді не істейді?» – «Ұйықтайды (серуендейді, тамақ жейді, ойнайды)»). Өз өтінішін сөзбен және қысқа сөйлеммен білдіруге, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізе білуге (шақыру, көмегін ұсыну, тәрбиешіге беру үшін баланың күтушіден керек затты сұрауы және т.б.) үйрету. Сөйлеу тілінің дұрыс үлгісін бере отырып, балалардың ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес сөйлем құруын бақылау, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік туғызу. Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуге үйретуді жалғастыру. Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар: — бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде), кейбір жануарлар мен олардың қимылдарын,ойыншықтарды; — заттардың белгілері, күйі, орналасқан орнын; — айналадағы адамдардың жасы мен жынысына сәйкес дене жай-күйі, мезгілдік және сандық қарым-қатынастарды атауды; — ересектерді мұқият тыңдау, топта өзін-өзі ұстау немесе басқа балалармен қарым-қатынасы туралы нұсқауларын орындауды; — екі-үш қимылдан тұратын жеңіл тапсырмаларды орындауды; — сюжетті суреттер бойынша үлкендердің шағын әңгімелерін түсінуді; — ересектердің сөздеріне еліктеп, кейбір еңбек әрекеттерін дұрыс атап, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты ретке келтіріп және тілектерін білдіруге байланысты сөздерді қолдануды; — кейбір есімдіктер (мен, біз, сен, маған) мен үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) қолдануды; — 300-ге дейін сөзді; -заттарды айрықша белгілеріне қарай жалпылап, атауды; — ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды; — таныс заттар туралы сұрақтарға бір сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап беруді; — өз өтінішін сөзбен немесе сөз тіркестерімен білдіруді, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізуді; — дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуі тиіс.

3-4 жасар балалар үшін 1. Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту. 2. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану. 3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру. 4. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру. 5. Мектепке дейінгі кіші жастағы баланың қызығушылығын халық ауыз әдебиетіне баулу. 6. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту. Байланыстырып сөйлеу Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету.Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау. Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру. — барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуды; — сөздерді көпше және жекеше түрге қоюды; септік жалғауын қолданып сөз бен сөздің арасын байланыстыруды; — біріңғай мүшелі сөйлемдерді қолдануды; — сұрақтарға жауап беруді; — тәрбиешінің ойыншық жайлы және сурет бойынша құрастырған нұсқасына сәйкес әңгімені қайталауды; — өздеріне таныс әдеби шығармалардан және ертегілерден үзінділерді драмалауға қатыса білуі тиіс. Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.















«Алпамыс батыр» бөбекжай бақшасы МКҚК













«Біз қандай ата-анамыз?»





Педагог-психолог: Г.Абдуханова













2023-2024 Оқу жылы

Бұрынғылар баланы «Алланың аманаты, халқымның азаматы, елім мен тегімнің абыройы, шаңырағымның иесі, ғұмырымның жалғасы, ақыреттік азығым — артымдағы іздеушім, дұға бағыштар жанашырым» деп, үлкен жауапкершілікпен, бұлтақсыз сенім, қатаң талаппен тəрбиелеген. «Жақсы ұрпақ — артта қалған із, жаман ұрпақ — жараға сепкен тұз» деп түсінген. Тəрбие өте жүйелі түрде жүргізілген. Тұңғыш немеренің «кенже бала» болатын дəстүрді айтпаған күннің өзінде, келесі немерелердің бəрі дерлік ата-əженің алдынан өткен. Жастықмастықтың буында жүрген, өздері əлі балалық-шалалықтарынан арылмаған əрі тұрмыс түзеу, дүние түгендеуге көңілдері көбірек ауып тұрған жас жұбайлардың естері жиылып, ентікпелері басылғанша, ұрпақ тəрбиесі үлкендердің мойнында болған. Шын мəнінде, бұл өте дұрыс шешім еді. Бала тəрбиесімен айналысуға құлқы да, уақыты да, тəжірибесі де жоқ жастардан гөрі өмірден көргені мен түйгені мол, абыройы артық, айтары бар ата-əженің алақаны бала үшін қай жағынан да артық екені даусыз. Атасымен ілесіп жүріп, ақсақалдардың əңгімесін аузы ашылып тыңдаған, əжесінің тізесінде отырып, аңыз-ертегілерді құлаққа құйған, үлкендердің жүріс-тұрыс, бітім-болмысына еліктеп өскен өркен көркем болып ержетер еді. Өйткені жауапкершілігі жоғары, намысы нар, «Өнегелі қарты жоқ елдің өнерлі жасы да жоқ» екенін жақсы білген қариялар немерелеріне нан табуды ғана емес, əуелі ар табуды, құлқынның құлы емес, Құдайдың құлы, халықтың ұлы болуды үйретуші еді.

Қазір, өкінішке қарай, ата-əжелер мектебі жойылып барады, əсіресе қалалық жерлерде. Үш буынның өкілдері: ата-əже, əке-шеше жəне балалар — бір шаңырақтың астында ғұмыр кешкен дəстүрлі отбасылар азайып кетті. Тұрмысқа нарық еніп, батыстық өмір салты үлгі болғалы көпшілік ата-ананың негізгі мақсаты «елден қалмау» сылтауымен тұрмысты түзеу, дүние жарыс, мақтан марафоны болса, ал тəрбиенің түрі ақша беріп, күнделік тексеруден аса алмай қалды. Қаржыландыру тəрбие беруді ауыстырды. Тəлімгер тəрбиешінің рөлін теледидар мен ғаламтор, кітаптың орнын компьютерсмартфон мен «саржағал» газет-журнал басты. Ал олар арқылы жеткіншектің санасына қандай у мен қоқыстың құйылып жатқанын бəріміз білеміз. Теледидардың гипноздық əсеріне сана-сезімі жетілмеген жеткіншек, жақсы-жаманды айыра білмейтін бала түгіл, санасында «сүзгісі», «рухани иммунитеті» бар біздер — үлкендер де арбалып, алжаса бастағанымызды мойындайық. Көгілдір экранның алдында көсіліп жатып, көбік сериалдардағы келеңсіз, ессіз, ұятсыз көріністерді келін-кепшік, балашағамен бірге көре беруді «демократия» деп, стакан түйістіріп, тост айтуды «мəдениет» деп, əйтеуір ақша тауып киіндіріп, ақысын беріп оқуға түсіріп, ақша беріп сессиясын жауып, пара беріп жұмысқа тұрғызуды, сол арқылы өз күшіне, ақыл-парасатына емес, «ақша» деген пұтқа сенетін бозөкпе, бос белбеуді сомдап шығуды «əкелік қамқорлық» деп, «Жас күніңде, базарыңның барында ойна да күл, жүріп қал, күліп қал, бірақ байқай ғой» деп, жүкті болмаудың жолын үйретіп, қиянатқа баулуды «аналық ақыл», «ағалық кеңес» деп кеңкелестеніп кеттік-ау, шамасы. «Бояушы, бояушы десе, сақалын бояптының» кері осы болар…

Біз дене тəрбиесінен бөлек сана-сезім, рух тəрбиесінің бар екенін, адамды Адам ғып тұрған ішкі мазмұн екенін естен шығарып алғандаймыз. Бізге «баланың көйлегі көк, қарны тоқ болса болды, өзі-ақ адам болып кетеді» деген тұманды түсінік тəн. Ал аталарымыз «Ғалым болу оңай, Адам болу қиын» деп түйіп қойыпты…

Бабалардан мұра болған хақ дін Ислам қағидаты бойынша атаананың балалары алдында мынадай міндеттері бар екенін қайталап қою артық болмас:

1. Балдырғанның болашақ анасын немесе əкесін дұрыс тандау;

2. Шақалақтың адал бітіп, дұрыс жетіліп, дүниеге таза келуіне жағдай жасау;

3. Сəбиге жақсы ат қою;

4. Имани тəрбие беру;

5. Үйлендіру.

Бала ата-анасының айтқанымен емес, көріп өскен өнегесімен өсетінін ескерсек, көп күшті өзімізге салуымыз керек екені өзінен өзі шығады. Иə, тəрбиелеу үшін тəрбиешінің өзі тəрбиелі болуы керек. Түптеп келгенде, əр ата-ана — өз баласына идеал, яғни балапаны үшін сұңқар, құлыны үшін тұлпар болуы керек. Асыра айтсақ, өз ұл-қызына рухани ұстаз да бола білуі керек…

Ең қатты құнттайтын мəселе: «Ата-ана баласына өнегелі тəрбиеден артық ештеңе де калдыра алмайды» деген мағынадағы хадистің қадіріне жетіп, амал қылу. Біздің қателігіміздің де, қасіретіміздің де тамыры танымның таяздығында, «қасиет», «кие» деген қастерлі ұғымдардан ажырап, «реалист» боламыз деп жүріп, көкіректегі көзден айырылып қалғанымызда, өзіміздің рухани жұтаңдығымызда.

 









«Алпамыс батыр» бөбекжай бақшасы МКҚК













«Мен және Біз»





Педагог-психолог: Г.Абдуханова













2023-2024 Оқу жылы

Адам болып дүниеге келген соң «Мен» деген жеке тұлғалық қасиетті, мінезді қалыптастырасыз. Өйткені сіз біреусіз және қайталанбайсыз. Ес білгенше сіздің «Меніңіз» сізбен бірге болады. Тіпті өміріңіздің соңына дейін «Менсіз». Бірақ «Менге» қарсы ұғым бар ол «Біз». Екеуінің айырмасы қандай, пайдасы қайсы, зияны қайсы?


«Мен» – бұл ең алдымен өзімшілдік 



Мен» деген сөздің түбірі арқылы «Менмендік», «Мендік» дейтін түрлі жеке бас паңдығын көрсететін сөздер шығады. Бұлар тек сөз емес, жеке қасиет ретінде де белгілі бір күшке ие. Өзіңізден басқа ешкімді көрмейсіз. О бастан солай. Сіз өзіңізді ғана биік әрі тұлға деп санайсыз. Өзгелерге бағынбайсыз, өзгені дұрыс деп танымайсыз. 

«Мен» – сенімділік 

«Мен» болудың да жақсы жағы бар. Ол адамның өзіне деген сенімділігі. «Мен» деп сөз бастайтын адам істі де тындырады. Жаугершілік заманда, сөз дауында «Мен» деп қол бастайтын, сөз бастайтын батырлар мен шешендер санаулы болған. Себебі «Мен» сөзінің жауапкершілігі ауыр. 

«Мен» – жалғыздық 

Өзіңізбен-өзіңіз қалған жақсы. Бірақ ұзаққа созылған жалғыздық «Мен» дейтін категорияға келеді. Яғни жалғыз қаласыз. Айналаңыздағы «Мендерге» қарап өзіңізді ғана көре бастайсыз. Оларды мойындаудан бас тартасыз. Тіпті махаббат хикаясын да ұмытасыз. Өйткені іштегі «Мен» сіздің бақытты біреумен бөлісуіңізге кедергі болады. 

Қоғам болған соң, адамзат баласы болғаннан кейін «Мен» деп өмір сүру – ақымақтық. Себебі айналаңыздағы адамдар бір-бірі үшін жаралған. Бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Тек оны сезіне білу керек. Ал оны сезіндіретін сөз – 
«Біз». 



«Біз» – отбасы 

«Мен» деген сөзді «Біз» деп алмастырып көріңіз. Сіз жалғыз емес екеніңізді сезінесіз. Тіпті қарапайым сөзді іштей қайталап айтсаңыз да, сыртқа шығарсаңыз да бұл сөзден жылулық күтесіз. Өйткені «Біз» дегеніңіз – отбасыңыз. 

«Біз үлкен күш 

Жалғыздың шаңы да, үні де шықпайды. Бұл қазақ танымында бар дүние. Сондықтан «Көппен көрген ұлы той» дейді. «Біздің» күші «Меніңізді» оп-оңай жеңеді. Ол жерде қаншама ой, қаншама күш жатыр. 

«Біз» – махаббатты сақтаушы 

«Мен» деп қашанғы өмір сүресіз. Сізге серік керек. Ол достық махаббат, сүйіктіңізге деген махаббат арқылы орындалады. Ал «Біз» нағыз махаббатты сақтаушы күш. Себебі қандай іс жасасаңыз да «Біз» деп жасасаңыз, екеу болып арманға ұмтылсаңыздар одан асқан бақыт жоқ. 



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі