Бала тұлғасының қалыптасуындағы наразылық әсері
Баланың тұлға ретінде қалыптасуы отбасында бастала- ды. Жанұяда бала алғаш рет өзін қоршаған болмыспен әрекеттесе бастайды, өзінің оған деген қарым-қаты- насын құра бастайды. Бала қарым-қатынас жасайтын алғашқы адамдар – ата-анасы. Көптеген ата-ана баласы кенеттен тамақ ішуден, киім киюден бас тартқан, дөрекілік танытқан, әлденені сатып алуды талап еткен немесе қандай да бір себепсіз аяқ астынан тұйық, ашушаң болып кеткен жағдайларға тап болады. Баланың мұндай күйі тез тарқап немесе біраз уақыт бойы сақталады. Мұның себеп- тері неде және мұндай мінез-құлыққа қалай қарау керек?
1 жас дағдарысы
1 ЖАНәрестелік кезең мен ерте балалық шақ арасындағы өт- пелі кезең, әдетте, 1 жас дағдарысы деп аталады. Әрбір даму дағдарысы сынды бұл да дербестікке ұмтылумен, қарсы әрекетке аффективтік (қызба) әрекеттің (аффект – аса күшті қысқа мерзімді ашу-ызаға толы өтпелі сезім, мысалы, долылық, шаттық, қорқыныш және т.б.) пайда болуымен байланысты. Баланың аффективтік бұлқыны- сы, әдетте, ересектер оның қалауын, сөздерін, ым-иша- ратын түсінбегенде немесе түсініп, бірақ қалағанын істе- мегенде орын алады. 1 жаста бала үй ішінде өз бетінше жүре бастайды, ол үшін тыйым салынған және қауіпті заттар қатары кеңейеді. Кезекті «болмайды» деп тыйым салынғанда кейбір балалар айғайлайды, жерге құлай кетеді, аяқ-қолымен еденді ұрғылайды. Көбінесе балада күшті аффективтік қызбалықтың пайда болуы отбасын- дағы белгілі бір тәрбиелеу мәнеріне байланысты бола- ды: шамадан тыс қысым жасап, тым болмаса болмашы дербестік көріністерін тұншықтыру, немесе ересектердің қоятын талаптарының бейберекеттігі, бүгін болады, ертең болмайды, әжесі жанында болса, ал әкесі жанында болса - мүлдем болмайды.
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Баламен «жаңа» қарым-қатынас құрып көріңіз. Оған біршама дербестік (яғни, әрекеттеріне орынды шектерде көбірек ерік беріңіз), барлығына бірдей тыйым сала бермеңіз. Туыс ересектердің шыдамдылығы мен табандылығы дағдарысты жеңілдетеді, балаға қиналыстан, азапты эмоционалдық кері әрекеттерден құтылуға көмектеседі. Қыңыр мінез көрсетіп тұрған баланың көңілін оған қызықты істерге аударыңыз.
3 жас дағдарысы
Үш жасқа толарда «мен» есімдігі пайда болады. Балада тек «мен» ғана емес, «мен жақсымын», «мен өте жақсымын», «мен тек қана жақсымын» деген түсінік қалыптасады. «Мен өзім» дей отырып, бала осы дүниеде әрекет етуге, оны өзгертуге ұмтылады. 3 жас дағдарысы – ерте және мектепалды балалық шақ арасындағы шекара – бала өміріндегі ең қиын сәттердің бірі. Бұл баланың өзінің «мен» деген түсінігін өзге адамдардың әлемінен бөліп қарау дағдарысы. Бала ересектерден бөліне отырып, олармен жаңа, бұрынғыдан да тереңірек қарым-қатынас орнатуға тырысады.Баланың дербестігі мен белсенділігі арта түседі, бұл ата-анадан және туған-туыстардан уақытылы өзгеруді талап етеді.
ЗЕРТТЕУШІЛЕР 3 ЖАС ДАҒДАРЫСЫНЫҢ 7 БЕЛГІСІН КЕЛЕСІДЕЙ СИПАТТАЙДЫ:
1. Негативизм
(теріске шығару). Бала ересек адамның талабына немесе өтінішіне теріс жауап қайтарады. Ол қандай да бір әрекетті тек белгілі бір ересек адам ұсынғаны үшін ғана жасамайды. Әрекеттің бас себебі – керісінше жасау.
2. Қыңырлық.
Бұл өзі қалағандықтан емес, ересектерге өзі айтқандықтан өз дегенін істетуге тырысатын және оның пікірімен санасуды талап ететін баланың әрекеті. Қыңырлық – дегеніне жеткісі келетін баланың қайсарлығы емес. Қыңыр бала өзі соншалық қаламайтын немесе мүлдем қаламайтын немесе қалауынан баяғыда айныған әрекетін жүзеге асыруды талап етеді.
3. Қырсықтық.
Қырсықтық белгілі бір ересекке емес, ерте балалық шақта орнаған қарым-қатынастар жүйесіне, отбасында қабылданған тәрбие-тәртіп ережелеріне қарсы бағытталған. Бала өз қалауын қалай да жүзеге асырғысы келеді, әрі басқа ұсыныстарға және басқалардың әрекетіне еш көңілі толмайды. «Қойшы!» - мұндай жағдайлардағы ең көп таралған жауап. Негативиз
4. Дербестікке ұмтылыс үрдісі айқын көрініс береді: бала бәрін өзі жасағысы және өзі шешкісі келеді. Дағдарыс кезінде дербестікке асыра ұмтылу бірбеткейлікке алып келеді, ал ол көбінесе бала мүмкіндіктеріне сай келе бермейді, әрі ересектермен қосымша қақтығыстар тудырады.
5. Наразылық-бүлік.
Кейбір балалар ата-анасымен ұдайы жанжалдасады, ол барлық ересектерге соғыс ашқандай әсер қалдырады. Жалғыз балалы отбасында деспотизм (озбырлық) көрініс беруі мүмкін. Бала айналасындағы ересектерге қатал билік жүргізеді, не жейтінін, нені жемейтінін, анасы үйден кете ала ма, жоқ па, т.с.с. бұйырады.
6. Отбасында бірнеше бала болса, деспотизм (озбырлық) орнына қызғаныш туындайды: дәл сол билік ету үрдісі жас озбырдың пікірінше отбасында ешбір дерлік құқығы жоқ басқа балаларға қатысты қызғаныш, төзбестік көрсету түрінде орын алады.
7. Құнсыздану.
Бала үшін бұрын үйреншікті, қызықты, қымбат болғанның барлығы құнынан айырылады. 3 жасар бала балағат сөз айта бастауы мүмкін (бұрынғы мінез-құлық ережелері құнсызданады), уақытылы ұсынылмаған сүйікті ойыншығын лақтырып жіберуі немесе сындырып тастауы мүмкін және т.с.с.
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Баланың дербестікке ұмтылысын қолпаштау, бастамашылдығына қолдау көрсету қажет. Атқарған әрбір ісі үшін (еден жуса, ойнап болғаннан кейін ойыншықтарын немесе ыдыс жуса, т.с.с.) – егер тіпті сізге артынан қайта жасау, қайта жуу қажет болса да - міндетті түрде мақтап отыру керек!
Егер ұл бала шеге қаққысы келіп, қолына балға алса – ниеті үшін мақтау айтып, міндетті түрде шеге қағатын орын тауып беріңіз. Шегені жаңа жиһазыңызға қағып тастағанша күтпеңіз! Тіпті үлгермей қалған жағдайда, тоқтаңыз, бір сәтке ойланыңызшы, балаға дауыс көтерудің қажеті бар ма?! Жиһаз мәңгілік емес, ал бала үшін, сізбен салыстырғанда, ол жиһаздың ешбір құндылығы жоқ. Бала үшін басты құндылық – сіз және сіздің махаббатыңыз, тіпті сізбен дауласса да!
7 ЖАС ДАҒДАРЫСЫ
Бала қашан мектепке барғанына қарамастан, 6 немесе 7 жаста, ол даму-жетілу барысында кезекті дағдарысты басынан кешіреді. Бала қоғамдық қарым-қатынастар әлеміндегі өз орнын түсіне бастайды. Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік орынның – ересектер жоғары бағалайтын оқу жұмысын атқаруға қатысты оқушы орнының мәнін ашады. Құндылықтарды қайта бағалау орын алады. Оқуға қатыстының барлығы (бірінші кезекте, бағалар) құнды бола түседі, ал ойынға байланыстылардың маңызы төмендейді. Бала мінез-құлқында балалыққа тән қасиеттерін жоғалта бастайды.
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Әрдайым баланың жанында болыңыз, баланың балабақшада, сыныпта не болғаны туралы айтқан әңгімесін мұқият тыңдаңыз. Қандай да бір күрделі жағдайдан шығар жолды бірге табуға тырысыңыздар. Талпынысы, тапқырлығы, шыдамдылығы үшін мақтаңыз. Үй тапсырмасын орындауға көмектесіңіз. Баланың жетістіктеріне және сәтсіздіктеріне шын жүректен қызығушылық танытыңыз.
БАЛАЛАРДЫҢ НАРАЗЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Баланың психикалық дамуы басқа адамдармен ұдайы араласуынсыз мүмкін емес. Алайда, өкінішке орай, кейде айналадағылардың балаға дұрыс қарамауы оның жан тыныштығының бұзылуына себепші боулы мүмкін. Егер бала өзін ренжітті немесе мүдделеріне нұқсан келтірілді деп санаса, ол жауап ретінде жылауы, есікті тарс жабуы, ойыншықты сындыруы, сөйлеспей қоюы және т.с.с. әрекеттерге баруы мүмкін. Мұндай әрекеттер барлық балаларға тән, өтпелі болып келеді, баланың жалпы денсаулығы мен мінез-құлқына әсер етпейді, мінезтанушылық деген атқа ие. Бірақ, осындай әрекеттер жиілеп кетсе ше, үйде де, балабақшада да қайталанса ше, баланың ұйқысы мен тәбетін бұзса ше, оның басқа балалардан тұратын ортаға бейімделуіне әсер етсе ше?Тұрақты түрде қайталана берсе, тұлғаның қалыптасуына зақым келтіруі мүмкін әрекеттерді ең жиі қайталанатын түрлерін тани білу маңызды.Айтарлықтай жиі таралған кері әрекет түрі болыпнаразылық табылады. Ол физикалық жазалауға, қорлауға, ата-анасының ажырасуына, отбасында өгей әкенің немесе екінші баланың пайда болуына, отбасындағы ұрыс-керіске, мұғалімнің дөрекілігіне және т.б. жауап ретінде туады.Кейде наразылық белсенді сипатқа ие. Балалар ашушаң, дөрекі болып кетеді, бәрін керісінше жасайды. Егер ата- ана басқа балаларын көбірек жақсы көретінін айтса, бала інісінің немесе қарындасының заттарын және ойыншықтарын сындыруы және бүлдіруі мүмкін. Айта кететін жайт, егер бастапқыда баланың аушы тек оны ренжіткен адамға ғана бағытталса, кейін ол басқа адамдарды қамтуы да әбден мүмкін.
Белсенділігі төмен наразылық әрекеттері де кездеседі, мұндай жағдайларда балалар өз мүдделері үшін белсенді күрестен қашқақтайды. Көбінесе жазалаудан зәбір көретін үйден, үнемі ұрыс еститін балабақшадан немесе мектептен қашады, ата-ана қолынан тамақ ішуден бас тартады, кейде өзін-өзі зақымдауға әрекеттенеді. Кіші сыныптарда мұғалімнің дөрекілігіне балалар кейде мектепте сөйлеуден қалады, ал далада, үйде жап-жақсы сөйлейді.Балалар жетімдер үйіне, интернаттарға орналастырылғанда, оқуда сәтсіздікке ұшырағанда немесе денесінде кемістігі болса, талап етуден/талап қоюдан біржолата бас тартады. Мұндай әрекеттердің аты да өзіне сай: бас тарту әрекеті. Балалар селқос, ынжық, жабырқау күйге түседі.
Кейде олар өзінің шынайы немесе жалған кемістігінің орнын толтыруға талпынады. Осылайша, ұялшақ, жасқаншақ балалар ұяңдығын жасыру үшін қиқарланып, дөрекілік көрсетеді. Дене бітімі әлсіз балалар қиялында өздерін бір тобырдың басшысы, өжет және мықты етіп көреді. Мұндай құбылыстар орын толтыру және асыра (гипер) орын толтыру әрекеттері деп аталады.Еліктеу әрекеті айналадағыларға еліктеу түрінде орын алады. Бала мұраты жағымды кейіпкерге ұқсау болса, өте жақсы. Бірақ, кейде еліктеу үшін әлеуметке қарсы мінез-құлыққа ие жеткіншек таңдалады – сол кезде бала балағат сөз айту, шылым шегу, маскүнемдік, жыныстық азғындық, ұрлық сияқты теріс әдеттерге басады.Ата-ана балалардың жауап ретінде жасайтын әрекеттері өздерін азапқа салуы мүмкін екенін алдын-ала болжай отырып, бала жанына жара салмай әрекет ету жоспарын жасап алғаны жөн. Жағдай ушыққан күнде де, әрекет жасамас бұрын, алдымен себебін анықтап көруге тырысу керек. Әдетте, тәрбиелік шаралар жеткілікті болады.
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Жауап ретінде жасалатын әрекеттер патологиялық (ауытқушылық) сипатқа ұласпауы үшін, оған қоса, «мінез сырқатына» айналып кетпеуі үшін, ата-ана олардың бар-жоғын білуі керек, олардың бала бойында қаншалықты орныққанын бақылап, тәрбиелік жұмыста ескеруі тиіс, себебі, педагогикалық шаралармен олардың ұнамсыз өрбуінің алдын алуға болады:
-өсіп-жетілуінің әртүрлі кезеңдерінде баланың дербестікке ұмтылысын ескеру керек, оны «ересек» мәселелерді шешу рәсіміне қатыстыру керек, онымен ақылдасу керек, өзі және өз жақындары, өзі баратын ортадағы ұжымның істері және т.с.с. үшін арта беретін жеке жауапкершілікке үйрете беру керек;
- ұл немесе қыз баланың достарын шеттетуге болмайды, керісінше, олардың арасындағы қарым-қатынас қандай сипатта екенін білу үшін оларды жақын тарту керек, олардың ара-қатынасына қажетті бағытта ықпал ету керек: ұнамсыз «идеалдарды» бірте-бірте беделінен айырып, орнына өзге мінез-құлық «бейнесін» ұсыну керек;
-бала, ең алдымен отбасында білім алатынын ескере отырып, бәлкім, балаларымызды келешекте қандай етіп көрігіміз келсе, сондай болуға тырысқан жөн шығар. Мүмкін бізге кедергі келтіретін немесе қажеті жоқ әдеттерден немесе қасиеттерден арылу керек шығар. Бірақ осының барлығын білдірмей, тынымсыз еңбектеніп, еппен, сыпайы жасау қажет. Ата-ана тарапынан үзілді-кесілді әрекеттер тек төтенше жағдайларда ғана орынды. Педагогикалық шаралар нәтиже бермесе, балалар психологымен, дәрігер-психотерапевтпен немесе психиатрмен кеңескен пайдалы болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз