Материалдар / Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы, басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Балабақшада аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы


Тажикенова Бахытгул Балгабаевна,

Астана қаласының №69 «Еркем-ай»

балабақшасының тәрбиешісі


Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, ал беріліп отырған үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі, өсіп келе жатқан жас ұрпақ білімінің тереңдігімен өлшенеді.  Ал, қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр. Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – ол балабақша, яғни барлық білім­нің бастауы – балабақшада.

Балабақша баланың   өмірге аттаған алғашқы қадамы, басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады.  Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Балабақшада аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады. Отбасында еркелеп, өз дегенін, қалауын орындатып қоятын ерке балалар да жоқ емес. Бір үйдің кенжесі, бірі тұла бойы тұңғышы. Бірақ, балаларға бірдей тәрбие беріп, бірыңғай тәртіпке баулитын орта – тағы да балабақша. Балабақша тәрбиешісі мамандығының қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп,  дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу.  Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасынан бастап барлық туған туыстардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Әр отбасында тәлім – тәрбие алып 2 жасқа толғанда ата-аналар жүректерінің бір-бөлшегін сеніп толықтай бір күнге балабақша әкеліп тапсырады. Сол орайда ананың орнына ана бола білетін ол – балабақша тәрбиешісі.

Мұнда педагогика мамандық емес, өмір салты болып табылатын адамдар жұмыс істейді. Тәрбиешілер – тәжірибелі маман, ерекше ұйымдастырушылық қабілеті бар, сауатты да, мейірімді және қамқор адам.  Әрине, бүлдіршіндердің қандай жағдайда ойнайтыны, жаттығатыны, тамақтанатыны және ұйықтайтыны өте маңызды, бірақ одан да маңыздысы және менің ойымша, мұның бәрі қандай атмосферада болып жатқаны, былайша айтқанда, баланың психологиялық климаты қандай екендігі.

Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мем­лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Ба­ла­бақ­шада балаларға үз­діксіз білім беруде барлық жағ­дай қарастырылуы керек. Себебі қазіргі заман бала­ларының берілген ақ­парат­ты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоға­ры дамығандығын байқауға болады.

Егемен еліміздің талабына сай  мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен­шісінде. Заман өзгерген сайын­  әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, толығып жатыр. Жаңа заман баласы ­ер­­теңгі еліміздің бола­ша­ғы екені анық. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының бас­ты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терін енгізу.  Әрине  бұл орайда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына  педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да бай­ланыс­ты.

Мектепке дейінгі меке­ме балаларына  үздіксіз тәр­бие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша тәрбиешілері. Қазіргі таңда мектеп­ке дейінгі білім беру мекеме­ле­рінде тәрбиешілер­дің­  ұста­нымы ауысқан: ол­ балаларға басшы емес, білім беру қыз­метінің тең қатысушысы. Мұн­дай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айта­рлықтай шамада анық­тайды, балаларға мінезін қа­лыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ой­лау­­ды,­  дү­­ние­танымды да­мы­­туға, сыни ойлауды қалып­тас­тыруға және жеке мүм­кін­діктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік б­ере­ді. Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады.  Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады.

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата – анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс – тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады.  Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, тәрбиешіге  байланысты. Сондықтан да тәрбиеші– киелі мамандық болып саналады. Ол ертеңгі болашақты, әр түрлі мамандық иесін, болашақ отбасы егесін тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес.

Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог. Осы бүлдіршіндерімізді әр мерекелік іс-шараларға белсене қатыстыра отырып, өнерлерін көрсете отырып, балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды айқындап отырады. Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір -біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып отырады. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға болмайтынын түсінеді. Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау, сонымен бірге ұйымдастырылған оқу қызметіне қажетті ермексаз, тақтайша, қылқалам т.б дайындауға көмектесуі – ол коммуникация мен еңбекке баулудың бастауы. Осылайша біз   бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз. Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді.

  Балабақша-келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдендірер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. «Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік» - деп, Жүсіп Баласағұн  айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізуі тиіс. Балабақшаның жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білеміз. Балабақша ұжымының әрбір қызметкерлерінің міндеті – күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау. Осындай маман иелерінің кәсіби шеберлігін арттыруда олардың маңдай тері еңбектерінің жемісін көруге көмегін тигізетін әдіскер қауымының атқарар еңбегі қашанда ауқымды, маңызды, қажетті және жауапты іс болып қала бермек. 

Балабақшадағы оқу қызметтері  бес сала бойынша іске асып, балалар бойына ойын түрінде білім нәрін сусындатады. Тілін дамытып ортаға бейімдеп қарым-қатынасқа икемдейді, Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру арқылы  оң мен солын, ұзын-қысқа, үлкен-кішісін ажыратуға, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу  арқылы шығармашылығы дамып, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдейді, қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен жақынырақ танысады. Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді, сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын  ұстап  өсуі жолында да берілетін осы балабақша жұмысының еңбегі  ұшан теңіз.

Заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары қалыптасады. Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те балабақшаға барған бала мен бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде де тағысын сол сияқты көптеген құбылыстарда да айырмашылықты байқап жатамыз.

Ата-ана балаларын балабақшаға берместен бұрын «ол жерде балам не үйреніп шығады, тәрбиеші қандай болады екен?»- деген сұрақтар мазалайтыны түсінікті.  Сондықтан да бақша тек балаға бас көз болып қарайтын, осы еңбектері үшін мемлекеттен жалақы алатын адамдардың жұмыс орны деп қарамау керек. Керісінше, бақша менің балама білмегенді үйретіп, жақсыны беріп, жаманнан жирендіретін, білімді де білікті мамандардың ордасы деп білуі керек. Сонымен бірге балаларын өздерінен де асқан жауапкершілікпен бала тәрбиесіне мән беретін сенімді тұлғалардың мекені деп те баға беретіндей дәрежеге жеткізуіміз керек.

Балабақша баланы ең алдымен тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады.  Болашақ заңгерлерді – әділдікке үйрету, дәрігерлерді – жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды – нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет.

Бала тәрбиесі бесіктен басталатыны түсінікті. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне себепкер болады. Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету ұлттық қасиетіміздің дамуының бірден бір жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту. Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы ұлттық мінез-құлықтың қалыптасу жолы. Ана тілінің қадір-қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы болып өсетініне өмір тәжірибесі куә.

  Балабақшада бала еркіндікке төселеді, өмірлік тәжірибесін жинақтайды, достар табуды үйренеді, мектепке дайындалу үшін өте маңызды ұжымда мінез-құлықтың құнды коммуникативті дағдыларын алады. Біз үшін осы білімнің барлығын ала отырып, бала өзін психологиялық тұрғыдан жайлы сезінуі, балабақшаға қуанышпен баруы, тәрбиешілермен және құрдастарымен кездесуге асығуы аса маңызды.

Мұнда балалар үшін көптеген үйірмелер мен студиялар жұмыс істейді, мысалы: «Түрлі-түсті алақан», «Шығармашылық шеберханасы», хореографиялық шығармашылық тобы балаларға берері мол деп білемін. Үйірмелер мен студиялардағы сабақтар қимылдарды үйлестіруді, көрнекі қабылдауды, зейінді, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға ықпал етеді.

Балаларға қызықты, жарқын ертеңгіліктер, музыкалық ойын-сауық, спорттық мерекелер дайындалып, өткізіледі. Кез-келген топтағы әр сабақ балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып өткізіледі.

Барлық қызметкерлер балабақшадағы кез-келген баланың көңіл-күйінің қуанышты, көңілді және жағымды болуы үшін бәрін жасау қажеттігін анық түсінеді.

Баланы әлеуметтендіру – тәрбиенің ең маңызды аспектілерінің бірі. Бала балабақшадағы балалармен дос бола ала ма? Оның қанша досы бар, демек ересек өмірде де соншалықты болады. Баланың есейгендегі болмысы балалық шақтағы әлеуметтенуге байланысты! Баланы қоғамның лайықты мүшесі болуға, достар табуға және өзін дұрыс ұстауға қалай үйретуге болады?

Баламен бір болу, өзіне сенімділік ұялату – балаларды әлеуметтендірудің негізгі аспектісі. Сонымен қатар, міндетті түрде позитивті болған жөн. Сондықтан балабақшада әр түрлі балалармен қарым-қатынас жасау, нақты ережелерді сақтау, тіпті алғашқы қақтығыстар мен оларды шешуге тырысу тек ұжымда болады. Бірақ ұжымда кез-келген нәрсе болуы мүмкін ғой. Сурет үйірмесінде, ойын алаңындағы достар арасында, спорт секциясында әр түрлі жағдай орнайды.

Әлеуметтену — бұл туылғаннан басталатын және көптеген жылдарға созылатын ұзақ жол екенін ұмытпаңыз. Ол тек балалар ұжымымен шектелмейді: бала әртүрлі адамдарды таниды, олардың көпшілігі оның досы болады.

Әлеуметтік өзара әрекеттесу тәжірибесін тіпті шағын топта да алуға болады, ал қарапайым және қарым-қатынасы төмен адам балабақша мен ертеңгі мектепте де сақталады, солай коммуникациясы төмен болады, балабақшаға бармаған бала міндетті түрде жабық және тұйық болып өседі деп есептеледі

Егер психикасы қалыпты бала өзге адамдардан өзін аулақ ұстаса, алаңдамаңыз – әркімнің мінезі мен қарым-қатынас қажеттілігі әртүрлі. Дегенмен баланың бейімделуін жеңілдететін бірнеше амалдар бар:

  • оған қысым жасамаңыз. Егер кішкентай бала қаламаса, дос болу немесе біреумен ойнау – онда жаңа командаға деген жиіркеніш қалыптасады;

  • ұялшақ баланы үйде ұстамаңыз, тіпті ең ұялшақ баланың да әлеуетті достарымен кездесуге мүмкіндігі болуы керек;

  • басқа балаларды жиі қонаққа шақырыңыз: балаға әлеуеттену оңайырақ болады;

  • баланың қызығушылығы бойынша клубтар мен үйірмелерді іздеңіз. Ол жағымды іс-әрекетке құмар болған кезде ұялшақтықты жеңу оңайырақ болады;

  • досыңыздың туған күні немесе жаңа адамдармен танысу сияқты әдетте ұялатын жағдайларды алдын ала дайындаңыз және талқылаңыз;

  • баланың мінез-құлқын модельдеу – оны басқаларға мұқият болуға, қақтығыстардан шығудың жолын іздеуге үйрету екенін ұмытпаңыз;

  • кішкентайыңызға қызықты ойындар мен балалар іс-шараларының барлық түрлерін жиі ұйымдастырыңыз және оған өзіңіз де қатысыңыз.

Барлық балабақша тәрбиеленушілерінен «Балабақшаң жақсы ма, саған ұнайды ма?» деген сұраққа жауап беруін сұрасақ: «Үлкен, ол жақсы, әдемі, сүйікті, ең жақсы!» деген жауап аласыз. Бұл балабақшадағы барлық қызметкерлердің жұмысын нақты бағалау деп ойлаймын. Бұл таңқаларлық нәрсе емес, өйткені мейірімділік, қолдау және ортақ мақсатты түсіну орнаған жерде еңбек нәтижелері үнемі жоғары болады. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселесі білім беру құрылымында маңызды және іргелі болып табылатындығын түсіну, бұл педагогикалық ұжымның жұмысын шығармашылық, жаңашыл, жауапты және кәсіби етеді.

Барлық сабақтар еркін педагогиканың гуманистік идеяларына негізделген: махаббат, еркіндік, құрмет және парасаттылық жағдайында балалар өмірді игереді, әрқайсысы өзінше дамиды.

Мұғалімдер топтың күнделікті өмірін қызықты ойындармен, іс-әрекеттермен, проблемалармен және идеялармен толтырады, әр баланы мағыналы іс-әрекетке тартады, балалардың қызығушылықтары мен өмірлік белсенділіктерін жандандыруға, сондай-ақ ересектер мен құрдастарымен эмоционалды және практикалық қарым-қатынас тәжірибесін ынталандырады.

Педагогтар кәсіби біліктілігі мен дағдыларының жоғары деңгейіне ие, олар әрдайым шығармашылық ізденісте болады, аудандық және аймақтық педагогикалық шеберлік олимпиадаларына қатысады.

Балабақша-баланың екінші үйі. Біз бұл үйді жақсылыққа, жарыққа және үйлесімділікке толтыруға тырысамыз. Өйткені, біздің ұранымыз: «Біз балалық шақтың бақытты өтуіне мүмкіндік беруге тырысуымыз керек».

Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы. Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр балаға, әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетеді, біреуне ақыл жүрмейді, мінез – құлқына қарай басқа амал табу керек.Бала жүрегі кішкентай ғана күй сандық, ол кілтін тапсаң ғана ашылады.

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы деп отырмыз, мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзіміздің басты мақсат­тарымыздың  бірі екенін қуана айта аламыз.

Балабақша – баланың жүйелі түрде тәрбие-білім алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, тәрбиешіге байланысты. Сондықтан  тәрбиешілер бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай, үнемі ізденіс үстінде жүру керек.

Баланын   болашаққа қадам алып, жан-жағымен, қоршаған ортасымен танысып, ең бірінші білім, тәрбиемен сусындайтын орны – балабақша, олай болса заман талабынан қалмай, заманауи болашақ балаларды  тәрбиелейік.   «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп  ұлтжандылыққа тәрбиелейік.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!