БАЛАБАҚША БАЛАЛАРЫНЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Оңғар Зоя
Павлодар облысы Екібастұз қаласы №27 сәбилер бақшасы тәрбиешісі
XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан
бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты
дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды
міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке
дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен
мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы
шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен
мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып
тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын
әдісінің маңызы көп.Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген
құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп-
есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған
үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты
өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді
дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын
кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-
қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық
әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен
екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние
сырын ашады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас
зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын
дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-
әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін
анықтау, қалыптастыру.
Дидактикалық ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білім, білік, дағдыларын және түсінік беру, оларды қалыптастыру тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Дидактикалық ойынның міндеті – балалардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балабақша бүлдіршіндері үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру төмендегідей екі мақсатты көздейді:
— танымдық, яғни балаларды тану, іздену әрекетін дамыту;
— тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз құрдастарымен қарам-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негізге сүйенеді:
-
Балабақша бүлдіршіндерінің іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу.
-
Дидактикалық ойынның шартымен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
-
Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
Оқу мен тәрбие мақсатының бірлігі: заттық дидактикалық және сөздік дидактикалық.
Дидактикалық ойынның маңызы:
-
Дидактикалық ойын балалбақша бүлдіршіндерінің қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
-
Әрбір дидактикалық ойын балабақша бүлдіршіндерін ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
-
Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу және ұстамдылықты, тәртіпті қажет етеді.
Сөзімді қорытындылай келе, дидактикалық ойындар – балабақша бүлдіршіндерін өз бетінше жұмыс істей білуді дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнында, танымдық іс-әрекет сипатына ойын құрылымына сәйкес жүктемелер бар. Балалар дидактикалық ойындар арқылы ауызша сөйлеп, сөздік қорларын толықтырады. Әсіресе дидактикалық ойыншықтармен ойындар, қолдың кіші бұлшық еттерін дамытып баланың ақыл ойларының дамуына мүмкіндік береді.
Зейінді
тұрақтандыруға арналған ойындар
Мен жеңімпазбын
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен
айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы
керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, «мен
жеңімпазбын» деп айтуы керек.
Өз орныңды тап
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар.
Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша
тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын
шатастырып алмауы қадағаланады.
Дайын бол
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол
сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады
т.с.с.
Зейінді бол
Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты
көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты,
мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала
ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші
болады.
6) Шапшаңдық
дамытуға арналған ойындар
Көпір .
Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға көз байлайтын екі
орамал керек. Ойын басқарушының нұсқауымен көпір жасайтын екі
баланың көздері байланады. Олар біріне бірі қарама-қарсы тұрып,
қолдарын созып «көпір» жасайды. Олар көпір жасағанда тек
саусақтарының ұштарына тигізіп қана тұрады, қолдарымен
ұстаспайды.
ОЙЫН
ЕРЕЖЕСІ:Қалған балалар осы қақпадан бір-бірлеп өтуге тиісті.
Көпірден өткен кезде ұсталған бала өзін ұстаған ойыншымен орындарын
ауыстырады. Ойын шарты бойынша басқа ойыншылар көпірдің астынан
білдірмей өтуге тырысады. Ойын соңында көпірдің астынан көп өтіп,
қолға түспеген балалардың аттары аталады.Екі топқа бөлініп те
ойнауға болады. Ойын барысында, қай топтың балалары аз ұсталса,
солар жеңімпаз атанады. Бірақ ойын барысында екі команданың
ойыншылары көпірдің астынан кезектесіп өтулері
тиіс.
Шырмауық
Ойнаушылардын санына шек қойылмайды. Балалар өзара қол ұстасып
шеңбер бойына қатарға тұрады. Олар оңға, не солға шеңбер бойымен
айнала қозғала бастайды.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ:
Ойын басқарушы: Аш қасқырым, ап, деп айналдыру бағытын
өзгертеді
Ойынға зер
салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді,
мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не
нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан
да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп
білеміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз