«Балабақша болашақ ұрпақтың
бастауы».
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» — деп ұлы
жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс
тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың
салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып
өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз.
Жас ұрпақтың негізі бұрын мектепте қаланады десек, енді оның
балабақша қабырғасында қаланатынына көзіміз әлде қашан жетті.
Балабақша «Білім туралы» Қазақстан Республикасы заңының, Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары бойынша өз мақсат, міндеттерін орындап
келеді.Балабақша–балаға тәрбие негіздерін
қалыптастыратын тұңғыш мектеп.
Баланың екінші үйі. Бала – ұрпақ, бала – қуаныш, бала –
болашағымыз. Балабақшадағы тәрбие мен білім балалардың мінезін,
кабілетін ерте дамытады.
«Тәрбиеші – балаларға ересек әлемге есік ашатын
сиқыршы тәріздес. Тәрбиешінің білімі мен біліктілігіне
тәрбие алушы
балалардың болашағы тәуелді», деген екен бір сөзінде.
Педагог К.Гельвеций
Еліміздің болашағы жас
ұрпақты тәрбиелеу - мектепке дейінгі мекемелерден бастау
алады.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру баланың ғана емес
еліміздің болашағын қалайтынын естен шығармауымыз керек.
Тәрбие саласын бүгінгі күн
талабына сай ұйымдастыруды өз міндетім деп біліп, әр күнді
балалармен қызықты өткізу үшін, түрлі жаңа заманауи технологиялар
мен әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысамын.Қазіргі таңда бәсекеге
қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісі белгілі бір салада білімді болуды,
тез өзгеріп отыратын өмірде нәтижелі жұмыс істеуді талап
етеді.
Тәрбиешінің жеке басының
үлгісі- жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені
балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себеппен де
ол үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген
сөзі мәнді, ойлы әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі
керек. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жамандыда тез
қабылдайды. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек,
Біздің басты қызметіміз баланы тәрбиелеу. Бала тәрбиесі-бұл жалпы тәрбиенің ең басты
бөлігі.
Менің тәрбиеші
ретіндегі негізгі мақсатым
- балаларға жақсы көңіл
- күй
сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс
барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл
балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу
іс -әрекеттеріне деген тұрақты зейінін
қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай
туғызады. Тәрбиеші болу барлық мамандықтың иесі болумен
тең.
Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы
негіздерін қалыптастыра алатын, адамгершілік жоғары, мәдениетті,
ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің,
техниканың даму жайын жақсы білетін, оның түсіндіре алатын адам
болуы керек. Тәрбиеші балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін
білу керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс.Себебі, баланың өмірінің
жартысы оларға білім ғана беріп қоймай, әлеуметтік және балалық
шақтан алған әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер
етеді, жеке басы баланың жеке тұлға болып қалыптасуына
көмектеседі.
«Ана-бауырындағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ»-деп ата-ана мен
баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалы өте
орынды айтылған. Өйткені отбасындағы ең басты тұлға ата-ана. Сол үшін ата-аналармен қатар тәрбиешінің
жұмысы әр балаға қолайлы жағдай жасау, тәрбие мәселесінде еркіндік
беру. Демек, бала нәзік, ал бала тәрбиесі одан да нәзік. Ол
жан-жақты ойлауды, жанашырлықты, ізденімпаздықты қажет етеді. Бала
тәрбиесі жас шыбық тәрізді, қалай исең, солай қарай иіледі. «Адамды
адам ғана тәрбиелей алады»-деген қағида кімге болса да басшы болуы
тиіс.
Өз қара басым бала тәрбиелеуде өзімді ұстамды,
төзімді болуға тәрбиеледім. Өйткені әр балаға жеке тұлға ретінде
қарау керек. Балалармен балаша ойнап, бала сияқты ойланып, психолог
болу қажет. Тәрбие жұмыстарында, оқу үдерісінде баланың
көңіл-күйіне, жан дүниесін түсінуге әрекет жасау
керек.
Тәрбиеші өзін жинақты, тіл байлығы күшті,
мәдениетті тұлға ретінде көрсете білсе, бала да шағын орталықта
жақсы тәлім-тәрбие алады. Шағын орталықтағы бала-ойын баласы. Сол
үшін тәрбиеші балаға үйретер санамақтарды, ойындарды, тақпақтарды,
ертегілерді жатқа білуі қажет. Неғұрлым балаға зейін қойып, оның
мәселесін тыңдасаң, соғырлым бала саған жақын болады. Балаларды
жаман, жақсы деп бөлуге болмайды. Әр баланың көрінбейтін бір өнері
болады, тек соны тәрбиеші уақытында көріп, сыртқа көрсете білуі
керек. Тәрбиеші деген сөз-алдымен баланы тәрбиелейтін адам, сосын
білім беретін ұстаз. Мен бұл жағдайды былай көрсеткім
келеді.
Ел
есінде бір жыл қалғың
келсе - ас бер, он жыл
қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі
қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана
халқымыз.Баланың ой-өрісін дамытуға,олардың қиялына қанат бітіріп,
тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі
орасан.Сондықтан да Сөзіміз - түзу, Еңсеміз - биік, Рухымыз - мықты
болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай
білейік.
Ұрпағымыздың
тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен
шығармайық.
Тәрбиешінің басты міндеті- талабы
таудай, дарынды жеке тұлға қалыптастырып,
жетілдіре білу. Баланың дүниетанымын, білімін қалыптастыруда
балабақша көрнекті орын алады.
Жас бүлдіршінді оқыта отырып, дара
қасиеттерін танып – білуге мүмкіндігі барын түсінген тәрбиеші
өзінің жас ұрпақ бағбаны болатындығын сезінеді. Сондықтан,
ұрпақ болашағы – тәрбиешіге байланысты
болмақ.
«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде,
оларға жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре
білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған,
Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын
азамат өсіре аламыз»
Тәрбиеші
мамандығын таңдап, Еліміздің болашақ ұрпақтарын
тәрбиелейтініме қуанамын.
Автор: Мырзалиева Айбану
Кунтугановна.
№ 263 орта мектеп жанындағы
«Балдәуренә шағын орталығы.