БАЛАБАҚШАДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Шектыбаева Куралай Мукатаевна
“Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің №13 “Құралай” құрама үлгідегі бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
Дана халқымыз, данышпан халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесін өте маңызды екенін түсіне отыра, балаға жан-жақты рухани жан-дүниесі таза болсын деп адамдыққа үйреткен. Жас бала жас шыбық секілді, қалай исең солай майысады, қалай айтсаң солай көнеді.
Балаға дүниенің қызығы сол – ойын, барлығын ойынға айналдыру. Сондықтан балаға тәрбие бергенде ойын мен тәрбиені ұштастырып, баланы ойната тұра, оның бойына рухани, адами құндылықтарды сіңіру ата-ананың да, ұстаздардың да, бір сөзбен айтқанда жөн сілтеушілердің міндеті. Халық даналығы да соны меңзейді.
Бала мен жеткіншекті ойнатып қана қоймай, бойына ұқыптылық, адамгершілік, татулық, намысшылдық, ептілік, шапшаңдық және т.б. секілді адами қасиеттерді сіңіретін негізгі құрал – ұлттық ойындар.
Ойын бала өмірінде ерекше орынға ие.Ұлттық ойындарды балалардың жәй көңіл көтеруіне ғана қажет нәрсе деп қарауға болмайды,олар баланың мінез-құлқын қалыптастыратын құралдар болып табылады.
Ойын барысында балалар бойында ержүректік, батылдық, ептілік, шапшаңдық сияқты қасиеттермен бірге жүріс-тұрысы мен мінез құлқының ерекшеліктері де қалыптасады.
Қазақ халқының аса көрнекті жазушы М.Жұмабаевтың айтуынша,ұлттық ойындардың ең басты тәрбиелік маңызы оларды халық мәдениетінің көзі,ойлау қабілетінің, тілінің және дене шынықтыру мәдениетінің негізгі элементі болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
«Тартыс» ойыны. Ойын көгалды алаңда, спорт залда ойналады. Спорт залда өтетін болса, еденге кілем төселеді. Ойынға 4-30 адам қатынасады. Ойынға тек ер балалар қатынаса алады.
Ойыншылар тепе-тең екі топқа бөлінеді, екі-екіден жұптасып түрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір-біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін-бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір-бірімен орын ауыстырады. Ойын жастардың дене, білек күшін сомдауға, төзімділікке үйретеді.
«Көкпар» ойыны.Ойынның шарты: Алаңның ортасына үлкен қазандық қойылады, шеңбер (отау) сызылады. Шеңбердің дәл ортасына көкпар қойылады. Жарыс басталар кезде командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 - 15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты - орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының «отауына» жеткізу. Көкпар отауға жеткізілгеннен кейін алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда көкпарды өз отауына көп жеткізсе, сол команда жеңіске жетеді.
«Ордағы қасқыр» ойыны. Алаң ортасында ұзындығы 10 м және иені 1 м бейнеленген қасқыр шұңқырын сызады. Ойынға қатысушылардың үштен бір бөлігі шұңқырда тығылып қасқырларды бейнелейді. Қалғандары алаңның бір жағында жиналады. Бұлар “қозылар” мен “лақтар”. Жүргізушінің белгісі бойынша олар қасқыр шұңқырын секіріп, алаңның басқа жағына өтеді. Осы уақытта “қасқырлар”, “қозылар” мен “лақтарды” ұстап алуға тырысады. Ойын шарты бойынша “қасқырларға” шұңқыр сызығынан шығуға болмайды. Ал “қозылар” мен “лақтар” бұл сызықты баспау керек, сонымен қатар шұңқырды әрине басуға болмайды. Егер басып кетсе, ұсталынған болып саналады. “Қасқырлар” мен “қозылар, лақтар” саны теңелсе, ойын тоқтатылады және шұңқырға, ойнаушылардың басқа үштен бір бөлігі тығылады, сосың “қасқыр” рөлін ақырғы той ойнатады.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз