Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем әдебиеттердегі баланың, яғни кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігін таныту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы


Жұмыстың өзектілігі. Қазақ әдебиетіндегі тілдік, тақырыптық ерекшелігі-мен дараланып тұратын көркем шығармалардың бірі – балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті халықтың дәстүрлі бала тәрбиесінің негізінде туып қалыптасқан, ауқымы кең көркем шығармалар шоғырынан тұрады. Мазмұны ғибратты, тілі көркем, жеңіл жатталатын, ғасырлар бойына халық даналы-ғына, тәжірибесіне суарылған Қазақ балалар әдебиеті балалардың мінез-құлқын, көркемдік талғамын танытатын, шығарманың қуат көзін ашатын асыл мұра. Ол өзінің бала табиғатына лайықтылығымен, жүйелілігімен, сазды әуенімен, өнегелі мазмұнымен, нәрлі тілімен балалардың рухани азығына айналған тәрбие қайнары болып табылады.

Балалар әдебиеті – әдебиетіміздің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды.

Балалар әдебиетінде оптимизм басым. Сары уайым, қайғы шер атымен кез-деспейді. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы болғандықтан, олар егеменді ел құрылысына қажырлы күш жұмсайды. Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі оларды осындай ер жүрек, өз отанының патриоты, ардагері болуға жетелейтін, өнеге беретін батыр, адал адамдардың образын жасау.

Қазақстан ақын –жазушыларының балаларға арнап жазған шығармалары-ның көркемдік ерекшеліктерін анықтау, жүйелеу, шығармашылық шеберлігін айқындау, қазақ балалар әдебиеті тарихындағы өзіндік орнын анықтау – зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің негізгі мақсаты: Көркем әдебиеттердегі баланың, яғни кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар. Осы орайда, жекелеген ақын-жазушылардың тілдік тұлғасын қарастырған зерттеу еңбектері болғанымен белгілі бір кезеңге тән балалар тақырыбына жазылған шығармалардағы кейіпкердің тілдік ерекшелігін, ой-танымы мен болмыс-бітімін салыстыра отырып, жас ерекшелік психологиясына сай бала танымын этностың танымдық дүниесімен тығыз байланыстыра зерттеу осы кезге дейін қазақ тіл біліміндегі лингвистикада арнайы қарастырылмағаны белгілі. Осыған байланысты таным – мәдениет – тіл үштігінің принциптері негізінде, балалар шығармаларындағы кейіпкерлердің танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы ғылыми талдау қай кезде болса өзекті мәселе болып табылады.
Бұл мәселелерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:
— балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілінде көрініс табатын ономастикалық атауларды анықтап жүйелеу, инвентарлау;
— шығармадағы кейіпкерлердің лақап есімдерінің қолдану жиілігін айқындау;
— көркем шығармалардағы баланың тілдік тұлғасының қалыптасуына ықпал ететін есімдерді көрсету;
— жоғарыда көрсетілген ономастикалық кеңістік есімдер негізінде , Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларының этнотанымдық жүйесін айқындау;
— балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің тілдік құралдарды – фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, диалект сөздер, өзге де көріктеуіш тәсілдерді қолдану аясында кейіпкердің тілдік тұлғасын анықтау;
— Бердібек Соқпақбаев пен Сайын Мұратбековтың шығармаларындағы кейіпкердің сөйлеу мәдениетіне тілдік тұлға тұрғысынан сипаттама беру;
— балалар тақырыбына арналған шығармалар тілінің бала танымының психолингвистикалық ерекшелігін айқындаудағы мәнін ашу.
Ғылыми жобаның маңыздылығы: Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар, талдау жасалған тілдік деректер қазақ тіл білімі мен әдебиетін өз деңгейінде толықтыруға үлес қосып, этнолингвистикалық бағытта арнаулы талдау жүргізуге септігін тигізеді. Сондай жолдары Бердібек Соқпақбаев пен Сайын Мұратбековтың шығармаларын танып, ұғынуға және әдебиет пен тіл ғылымдарының дамуына үлес қосады.

Ғылыми жобаның нәтижелілігі: Зерттеу жұмысының нысаны ретінде тіл біліміндегі психолингвистикалық зерттеудің жаңа бағыттарында анықталған танымға сәйкес балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

баланың дүниетанымдық ерекшелігін анықтау мақсатында кейіпкердің тіліне психолингвистикалық тұрғыда талдау жасалды;
— көркем шығармадағы баланың сөйлеу мәдениетін анықтау мақсатында жұмыста алғаш рет синэргетика термині қолданылып, бала санасына әсер етуші энергетикалық қуаты бар сөздер анықталды.
— Бердібек Соқпақбаев пен Сайын Мұратбековтың балаларға арналған шығармаларындағы тілдік бірліктердің семантикасы ұлттың мәдени болмысы мен ойлау жүйесі, қоршаған дүниені қабылдаудағы ұлттық менталдық танымға байланысты қалыптасады;
— баланың ғалам бейнесі жас ерекшелігіне, танымдық тәжірибесіне, психофизиологиялық қасиеттеріне байланысты ересек адамның ғалам бейнесінен өзгеше болып келетінін зерттеу нысаны айқын көрсетеді;
— баланың тілдік тұлғасы ұлттық құндылықтар жүйесін белсенді қабылдайтын өсу, қалыптасу процесіндегі тілдік тұлға;
— жасөспірімдердің танымдық деңгейі, қоршаған дүниені қабылдау, лексикалық қордың ортақтығына байланысты балалардың ұжымдық тілдік тұлғасы қалыптасады;
— шығармадағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, теңеулер, диалект сөздер, авторлық қолданыстар, ұғымдық мәні тектес концептуалдық өрістер өзіндік жүйе құрайды;
— концептілік құрылымдар арқылы бала ұғымындағы символдық таңбалар лингвомәдени мазмұнға ие болады;

Кіріспе

Балалар әдебиеті шығармаларының ықпалы, тәрбиелік күші жағымды кейіпкерлер образын жасау проблемасына байланысты шешіледі. Жақсыны үлгі етіп көрсету, ардагер адамдардың отаны, халқы алдындағы қызметін суреттеу, солардың типтік образдарын жасап білу жас өспірімдердің еліктеуіне, солардай болуына талпынуына жол ашады.

«Өнер алды қызыл тіл» деп Абай атамыз айтқандай, балалар әдебиетіндегі басты проблемалардың бір түрі – осы тіл. Балалар жазушысы әдеби тілге шешен болумен қатар, оған өте ұқыпты қарауға тиіс. Балаларға арналған шығармалардың тілі, ең алдымен, өзінің ана тілін жетік білуге, сөздік қорын байытуға, жүйелі түрде қисынды сөйлеуге, әсіресе, ана тілін сүйе білуге баулитын көркем құрал болуға тиісті. Әрбір сөз өз орнында өз қызметін атқара тұрып, баланың уылжыған жас жанына қозғау салып, сұлу суреттерімен эстетикалық күшті күшті әсер ететіндей болуы керек.

Балаларға арналған өлеңдер ойнақы, жинақты, тілі баланың өз ойындай мөлдір де тұнық, қызықты да қарапайым болуы шарт.

Балалар әдебиеті – адам психологиясының, дүниетанымы мен қабылдау ерекшелігінің ең нәзік тұсын бейнелейтін сала. Жазушы адам мінезінің толып жатқан қыр-сырын, оның сыртқы бейнесін, ішкі жан дүниесін әртүрлі тілдік тәсілдерді қолдану арқылы бейнелейді. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихи дамуының, дүниетанымы мен мәдени байлығының көрінісі. Жер бетіндегі әрбір этностың бір-біріне ұқсамайтын мәдениеті мен өзіне тән ерекшеліктері болатыны тарихи заңдылық. Мұндай құбылыс сол тілдік ұжымдағы ортаның қарым-қатынасынан, олардың сөйлеу мәдениеті мен өмір сүру дағдысынан анық байқалатынын аңғаруға әбден болады. Бұл ерекшеліктер сол кезеңге тән қоғамдық сананың тілінде  жақсы сақталады да, сол этностың рухани, мәдени құндылықтарының негізін көрсетеді.

Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы - мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал - мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ - бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой - қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді. 
Бала тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор. 
Жазба әдебиет сияқты, ауыз әдебиетінің де өз тыңдаушысы, оқушысы бар. Ертегі шығарушылар оларды да ескереді. Ертегіні кімге айтады, не үшін айтады, ертегінің мақсаты не? Ертегі шығарушылар мұны да аңғарған. Мысалы, «Қотыр торғай», «Өзі бір қарыс, сақалы қырық қарыс», «Құйыршық» ертегілері құрылысы, сюжеті, тілі жағынан басқа ертегілерден мүлде ерекше. Бұлар балалардың ой-санасы, дүниетану дәрежесіне лайықталып шығарылған ертегілер. Халық ертегілеріндегі фантастика 
балалардың ойына қозғау салады, ақыл-ой қызметінің дамуына жәрдемдеседі. Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитыны, ықыласпен тыңдайтыны оның көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Қазақ балалар фольклорындағы «Тазша баланың өтірігі», «Айлакер тазшаның өтірігі», «Тоқсанбай мен тоғыз жасар бала», «Екі суайт» және т.б. ертегілердің қай-қайсысы болсын балаларды тапқырлыққа, алғырлыққа баулиды. Қиыннан қиыстыра айта білетін шешендік өнерге жетілдіреді. Аталған ертегілер балалардағы логикалық ойдың даму процесін жеделдетуге көмектеседі. Қазақ ертегілеріндегі тазшалар сырт-пішіні жағынан елеусіз болып көрінсе де, ақыл-айласы бәрінен де асып түседі. Алдынан ажал тосып тұрса да, сабыр сақтайтыны, жол тауып құтылып кете беретіні балаларды сүйсіндіреді, ойға қалдырады. Халық ертегісіндегі өтірік өлеңдер балаларды неше алуан жәндіктердің атымен, олардың тіршілігімен таныстырады. Сирек қолданылатын көне атауларды еске түсіреді. Күлдіргі ертегілер «Ши бұт, қағанақ бас, қыл тамақ», «Қаңбақ шал», «Байбай шал», «Айлалы шал», «Ұр, тоқпақ», «Тазшаның қырық ертегісі» т.б. көбінесе ықшам да қысқа келеді. Сол себепті ертегі баланың есінде сақталуына, жатталуына икемделіп тұрады. 

Балалар әдебиетінің негізін қалаушы

Қазақ даласының танымал ағартушысы, қазақ халқының бірінші педагогы -Ыбырай Алтынсарин. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этникалық, эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырды.
Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында кең көлемде оқытылады. Мектеп оқулықтарына енгізілген.

Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.
Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше. 
Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов болды. 
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың 
ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты. Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.

Надандықтың белгісі-
Еш ақылға жарымас… 
Жөн білмеген адамға 
Қыдыр ата дарымас… 
Әңгімелерінің идеясы, еңбекті сүю, қадірлеу, жақсы мінез- құлыққа бағыттау, халқын сүю махаббат- мейірім перзенттік парыз, т.б.

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ хрестоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылады..Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге,бойға сіңіруге шақырды. «Кел, балалар,оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
Ал «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты 
жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді. Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған «Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлығын бейнелейді. Мысалы: 
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен, 
Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен. 
Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем, 
Телмірме бір адамға мұңдықпенен. 
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз 
Азған елдің ішінен 
Алыс- алыс қашыңыздар 
Зияндасты кісіден. 
Жақсыны көзден салмаңыздар, 
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар…

Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды.Оның » Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан хакім», т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.
«Бай баласы мен жарлы баласы» — Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді 
салыстыра отырып, олардың адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды.
Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзінің «ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» деген ғылыми – зерттеу еңбегінде педагог- жазушыға: ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын- жазушы Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор »- деп баға береді. 
Өтебай Тұрманжанов – ақындардың дәстүрін жалғастырушы.

Алдыңғы буын ағалардың жолын қуып, поэзия жанрында қазақ балалар әдебиетінің негізін қалап келе жатқан Өтебай Тұрманжанов атамыз.

Өтебай Тұрманжанов – Ыбырай Алтынсарин, Спандияр Көбеев, Сәбит Дөнентаев секілді ағартушы ақындардың дәстүрін жалғастырушы. Ақын өз ұстаз ағалары сияқты балаларды өнер-білім үйренуге шақырады

Өтебай Тұрманжановтың бүлдіршіндерге арнаған өлең-жырларынан сәбиге тән бала тілін, оқушыға тән асқақ сезімді, романтизмді, лиризмді оңай аңғарамыз. «Ән салайық» айналып өлеңінде: 
Балалар-ау, балалар! 
Бойларыңа қарап ал. 
Беттеріңді жуып ал, 
Белдеріңді буып ал. 
Бастарыңды құрап ал, 
Тізбектеліп тұра қал. 
Жұрт тыңдасын тамсанып, 
Би билейік, ән салып- деп балаларды көңіл көтеруге шақырады.

Бұл ретте ақын өлеңдері І.Жансүгіровтің «Ой, балалар, балалар» деп басталатын «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдерін еске түсіреді. Өтебай ақын «Балқаш көлге барайық»- деп аталатын тағы бір өлеңінде балаларға:
Балалар-ау, балалар! 
Қатар басып, барабар 
«Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған» 
Балқаш көлге барайық-деп тілек білдіреді.

Өтебай Тұрманжановтың дидактикалық өлеңдері құрғақ ақыл айтумен шектелмейді. Ойын суретке жалғайды. Кейде белгілі бір оқиға, көріністі суреттей бастап, ойын ақылмен түйеді. Осының бәрі табиғи өріліп, өзара әдемі жымдасып жатыр. Ақынның ақыл айтқан қай өлеңі болсын, қимыл-қозғалысқа, бояуға толы динамикалы өлең болып келеді.

Қарапайым апорт алмасын суреттеген ақын «Тәтті алма» өлеңінде мынадай ой айтады:
Бір апортқа нысапты 
Екі бала тояды. 
Тату қылып тәтті алма
Табыстырып қояды.

Бұл өлеңде «өле жегенше, бөле же!» деген ой бар. «Көбелектерді сыйладым» өлеңінде лирикалық кейіпкер аулаға гүл егіп, көріктендіреді. Гүлді көріп көбелек ұшып келеді. Осы сәтті ақын былай суреттейді:
Гүл өсіріп, қуантып, 
Көбелектерді сыйладым. 
Жаз сұлуын мұңайтып, 
Сыйламауға қимадым.

Ақын балалар шығармаларын бала тілімен бойлап,қиялмен қиыстырып,терең зерттей отырып жазды.

Мұхтар Әуезовтің “Көксерек” философиялық әңгімесі, Өтебай Тұрманжановтың “Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос” мысал-поэмасы, Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі қазақ балалар әдебиетінің табысына айналды. Қазақ ақын-жазушылары аталған шығармаларымен әлемдік балалар әдебиетінің образдық галлереясын жаңалады, жанрлық байлығын толықтырды дей аламыз. Балалар өмірін бейнелеген Бердібек Соқпақбаев, Сәуірбек Бақбергенов, Нәсіреддин Серәлиев, Оразбек Сәрсенбаев, Мұхтар Мағауин, Баубек Бұлқышев, Сайын Мұратбеков, Бауыржан Момышұлы, Дулат Исабеков секілді аға буын шығармаларынан Отан соғысы жылдарындағы балалар тағдырын табамыз.

Жасөспірімдерді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады.

Қазақ балалар әдебиетінің бәйтерегі

Соқпақбаев қазақ балалар әдебиетінде ерекше қолтаңба қалдырған тұлға. Бердібек Соқпақбаев повестері жанрлық бөлініске салғанда, балалар әдебиеті саласына жатады. Шынында да, бұларда балалар мен жасөспірімдерді қызықтырарлық, ойын байытарлық, өмірмен таныстырарлық сипаттар мол. Сонымен қатар жазушының шығармалары ересектерге де ұнамды, әсерлі. Адам өмірі маңызды, маңызсыз деген кезеңдерге бөлінбейді. Балалық шақтың да, егделіктің де өз міндеті, қызығы мен ойшылығы бар. Оларды білу, өмір құбылыстарының көркемдік шындығын тану үлкенге де, кішіге де бірдей керек. Әрине, балалар әдебиетінің өзіндік өрнектері, тақырыптық өрісі, тіршілік сауалдарын қамту деңгейі болатыны да белгілі. Бердібек Соқпақбаев - міне, осы жағдайларды терең ұғынып, дарыны мен жалынын жарқырата ашқан, балалар әдебиетінің үлкен ұстасы.

Шығарма оқиғаларын көбінесе өзіне таныс, көңіліне түйген жайлардан алу, әңгімені екінің бірінде-ақ бірінші жақтан, «өз атынан» баяндап отыру, шындықты бүгіп қалмай немесе аттап өтпей, табиғи қалпында беруге ұмтылу Бердібек Соқпақбаев повестерінде салдарлы растық рең береді. Қандай эпизод, ситуацияның да «нағыз өмірде» болғандығына оқушы қалтқысыз сенеді. Міне, мұндай көркемдік шындық талабынан шығу үлкен шеберлікті керек етеді. Жазушының қазақ, орыс әдебиеттерінің жақсы үлгілерінен тағылым ала білгендігі, бейнелеу құралдары" мен бояуларының байлығы танылады. Мәселен, ол «Менің атым - Қожа» деген повесте оқушы назарын әлсіретпейтіндей композициялық тәсіл тапқан. Аталған туындылардың тіл кестесі де көрікті, икемді, «бесаспап» екенін көреміз. Жазушы адам портретін де, тілдік мінездеуді де, табиғат суретін де, монологтарды да қажет мөлшерде жұмсай біледі. Мәселен, тау бөктеріне орналасқан ауыл табиғатының бір мезеті былай суреттелген: «Ауылдың солтүстік-батыс жағы қырат жота. Жауын-шашын көбінесе сол тұстан келеді. Аспан жаркырап тұрғанның өзінде теріскейден бір жел тұрса болғаны, жентектелген сұр бұлттар иек артпадан жөңкіліп шыға-шыға келіп, сатырлатып құйып отетін дағдысы бар. Ауа райының сол шалдуар мінезі оқыстан тағы біліне бастады. Аю тұлғалас қап-қара бір бұлт Өмекені тура асып, екпіндеп келеді. Соңында тіркес-тіркес тағы да бұлттар көрінеді». «...Торы ат - жануар желісті мал. Делбені сілкіңкіреп қойған сайын бауыры жазыла түсіп, жел қайықтай есіп-есіп жөнеледі. Артқы аяқтарының тұяқтары алдыңғы аяқтарының тұяқтарынан асып түсіп, адымы есік пен төрдей жерді бір-ақ қамтиды. Тұяқтардан ұшқан шыны қар қашабаның тосқауыл тұсына тас лақтырғандай тарсылдап соғылады. Қамыс құлақтарын қайшылап қойып, кекіл-жалы алдан тұрған боранмен жалаудай желбіреп, ауыздықты қарш-қарш шайнап аршындай жүйткігенде, атының осыншалық өнері барлығына Тоқмолда іштей масаттанды. Жеңіл қашаба қатқақ жолдың бетіне бірде тиіп, бірде тимей, қалқып келе жатқандай әсер алады». Бұл келтірген мысалдар қаламгердің сөздік қорының қалындығын аңғартса керек. Қазақтың әдеби тілінің дамып көркеюіне Бердібек Соқпақбаевтың да үлес қосып келе жатқаны белгілі. Аталмыш жазушының шығармаларындағы кейіпкерлер мен олардың лақап аттары, жер-су атауларының мәні ұлттық таным мен болмысқа, психологиялық танымға негізделген.
Жазушы шығармаларындағы жалқы есімдер қаламгердің өскен ортасы мен дүниетанымы тұрғысынан ұлттық болмысқа негізделген. Мысалы, Бердібек Соқпақбаев Қостөбе топониміне қатысты қызықты мәліметтер келтіре келіп, оны Текес гидронимімен тығыз байланыста алып қарайды. Мысалы. Қазақстан картасынан Алматыны көзіңізді жұмып тұрып тауып алатыныңызға мен дауласпаймын. Астанаға дәл барып тірелген саусағыңызды енді тау сілемімен шығысқа қарай сырғытыңыз. Тоқтаңыз! Мен әңгіме етіп отырған үркердей шағын ауыл Қостөбе, міне, осы арада, шекараның дәл түбінде, менің Қостөбем, менің Текесім! (Б.С.).Бұл атаулар топографиялық мекен-жайы нақты, Қазақстанның топонимдік кеңістігінде кездесетін реалды нысандар.
Жалпы, балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілінде жалқы есімдердің қолданылуында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Себебі, балалар әдебиетінің негізгі кейіпкері де, оқырманы да – бала. Сол үшін автор әрбір жалқы есімдерді қолдануда оған байланысты мәдени ақпараттарды – аңыз-әңгімелер, тарихи оқиғалар, қоршаған ортаға тән белгілерді балаға ұғынықты, қабылдауға ыңғайлы етіп қолданады.
Көркем әдебиеттерде кездесетін кісі есімдерінің ендігі бір түрі – лақап аттар. Алдын-ала анықталмай, таңдау нәтижесінде пайда болған есімдердің қатарына осы лақап аттарды жатқызуға болатын тәрізді.
Көркем әдебиеттегі балалар тақырыбына жазылған шығармаларда кейіпкерге лақап есім қоюдың өзіндік ерекшелігі де бар. Ол шығармадағы кейіпкерлердің жас ерекшелігі, іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, келбетіне байланысты лақап есімдерді дәл тауып қоюы.
Балалар әдебиетіндегі Бердібек Соқпақбаевтың кейіпкерлеріне тән лақап аттардың ішінде адамның сыртқы келбетіне орай берілген лақап аттарды байқауға болады. Мысалы, «Менің атым Қожа» әңгімесіндегі: Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа. Оқушылар екеумізді шатастырып алмас үшін өңімізге қарап, мені Қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды (Б.С.) т.б. мысалдардан балалар өз арасында жанама ат қоюдың өзіндік себептерін дәл таба қоятынын байқаймыз. Болмаса, шығармадағы Қожаның шын аты – Қожаберген. Оған әлеуметтік ортасы сыртқы келбетіне орай лақап ат бергенде оның азан шақырып қойған есімінің мазмұны мен құрылымын сәтті пайдаланған. Мұндай құбылыс балалар әдебиетіндегі лақап есімдердің табиғатына да тән. Себебі лақап аттардың өзі кейіпкердің әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты. Лақап есімдерді жайдан-жай қоя салмайды. Ол жоғарыда айтып өткеніміздей, адамның мінез-құлқы, кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, тіпті мамандығына байланысты берілуі мүмкін.

Көркем тіл кестесі: эпитет (теңеу).

Қаламгер шығармаларында қолданысқа көп түскен көріктеу құралдарының бірі – теңеу. Шығармада кейіпкерлер бейнесін жасауда теңеудің алатын орны ерекше. Теңеу – көнеден келе жатқан сөз сомдау тәсілдерінің бірі. Сөзге шешен қазақтар ауызекі сөйлеу барысында да теңеуді жиі қолданған. Қаламгер еңбектерінде кейіпкер бейнесін сомдауда теңеудің де алатын орны ерекше.

Мәселен, Сүзетін бұқаша басын бауырына алып, бұған тұздай көк көзінің астынан кірпік қақпай қадала қарап, жақындай берді. Сүзетін бұқаша, тұздай тәріздес жазушы қолданысындағы теңеу түрлерін алуға болады. Негізінен, жазушы шығармаларындағы кездесетін теңеулерді кейіпкер бейнесін беру ерекшелігіне қарай, суреттеу қызметіне қарай тағы да екі топқа бөлеміз. Олар: адамның жеке мүшесіне қатысты және көңіл-күйіне қатысты теңеулер деп бөлінеді. Мәселен, «Іші тартылып қалған жарау аттың кеудесіне ұқсас, тынысы мол кең кеудесіне онша көп үйлесе қоймайтын шошақтау келген кішкене басы 61 сомдап соққан жұмыр темірге орната салған секілді», «Тоят іздеген бүркіттей», «бытыр еткізе түсіретін бүркітке ұқсап», «мойын емес, темір дерсің», «сурет секілді», «үлкен обаға ұқсап» т.б. Теңеулерден кейіпкердің сыртқы бейнесін анықтасақ, «итше ырылдасып қайтемін», «қызғыштай қорыған», «ысқырған жылан секілді», «тышқанның арыстанға шапқаны секілді», «көктемде бұрқырап аққан Сарысу секілді алып кетеді, ағызып кетеді. Шілденің аңызағы секілді қуартып кетеді, күйдіріп кетеді» . Бұл келтірілген теңеулер кейіпкердің мінез ерекшелігін көрсетіп, ішкі сезімін-көңіл күйін сездіреді. Жазушы қолданысындағы теңеулер өзгеше өрнектер тудырып, шынайы суреттер жасайды. Халық арасында ерте кезден қалыптасып, құлаққа сіңімді болып кеткен бұл теңеулердің де өзіндік ерекшеліктері бар. Ал автор көбіне-көп теңеулерді ыңғайлап алған. Мәселен, «Итше ырылдамаймын, немесе тышқанның арыстанға шапқаны секілді» деген теңеулер – авторлық теңеулер.

Сайын Мұратбеков пен Бердібек Соқпақбаевтың үндестігі

Қазақ әдебиетінде бір-бірімен үндесіп келетін ақын-жазушылар қатары көп. Олардың шығармаларындағы кейіпкерлер, сюжеттер ұштасып жатады. Бұл бірін-бірі қайталау емес, керісінше сол дәуірдегі әлеуметтік мәселені көтере отырып суреттеу. Тек үндесе отырып, әр кезеңдегі мәселені әрқилы жеткізу.  Сайын Мұратбеков пен Бердікбек Соқпақбаевтың болмыстары да, шығармалары да үндесіп келеді. Себебі екеуінің ортақ тақырыбы ауыл көрінісі, ауыл ішіндегі балалар әдебиеті, балалар тілі. Енді екі жазушыға салыстырмалы түрде оралып көрсек ұқсастық пен ерекшелігі жайында: Б.Соқпақбаев – ұлттық әдебиетімізге соғыстан кейінгі жылдары келіп қосылған, өзіне тән келбеті мен даралығы бар талантты жазушы. Жалпы қазақ әдебиетінде осы уақыт кезеңі үлкен проза тілінің қалыптасуына алып келді. Мәселен нақ осы кезеңде, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, С.Шаймерденов, Б.Соқпақбаев, С.Мұратбеков, З.Қабдолов сынды бірутар азаматтар ағалы-інілі буын ретінде үлкен еңбектерді қалыптастыра бастады.  Тұтастай айтсақ, Б.Соқпақбаев қаламынан қазақ әдебиетіне аз мұра қалған жоқ. Әсіресе, қаламгердің суреткерлік қолтаңбасын айқындаған, жазушылық талабы мен талғамын танықтан озық туындылары – «Жекпе-жек», «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» повестері болды. Енді қараңыз, Сайын Мұратбековтің де тақырыптары осы төңіректе. Себебі, ауыл жастары мен ауыл балаларының тілін бала күннен жақсы естіп өскен, солайынан есейген қос жазушының жазары, қалам тартар тақырыптары сәйкес. Қожа мен Аянды алып қараңыз, немесе Қожа мен Қанатайды да алып қарасаңыз болады.  Б.Соқпақбаев, С.Мұратбеков – қазақ балалар әдебиетінде ерекше қолтаңба қалдырған тұлғалар. Аталмыш жазушылардың шығармаларындағы кейіпкерлер мен олардың лақап аттары, жер-су атауларының мәні ұлттық таным мен болмысқа, психологиялық танымға негізделген. Балаларға арналған әңгімелері мен повестерінде дүниені танудағы жас ерекшелік психологиясы мен танымның когнитивтік санадағы көрінісі айрықша рең беріп тұрады. Мысалы: «Менің атым – Қожа» шығармасының тілдік жүйесі Қожаның психологиялық қабылдауы мен оның когнитивтік санасындағы дүниетанымы деңгейінде құрылған. Шығарманың басты кейіпкері Қожаберген өз есіміне деген танымдық көзқарасты психологиялық тұрғыдан былай көрсетеді: Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. т.б. Бұл жерде Қожаның пікірін пайымдау үшін алдымен оның таным деңгейін түсіне білу қажет. Мұндағы ең басты әсер етуші фактор қоршаған орта, қоғамдық сана. Егер индивид өзінің жеке ойы мен қабылдауын әлеуметтік сананың пікірімен байланыстыра алмаса, онда мұндай логикалық құрылым болмаған болар еді. Ұлттың болмысына қатысты мұндай құбылыс «Ортаншы ұл» шығармасында былай суреттеледі: Тақыр бас бала тақылдап біраз сөйледі. Алмастың ұққаны: Өлместің шын аты Өлкебай екен. Көршісіндегі бір келіншек қайынағасының атын атамау үшін, оны ойнап жүрген балалардың көзінше ылғи «Өлмес» дей беріпті. Бұл сөз бірте-бірте балалардың құлағына сіңіп, ақыры олар оны «Өлмес» деп атай бастапты. Мұндағы бір көрініс, қазақ халқындағы отбасына келіп түскен келіндердің жаңа түскен үйдегі адамдардың атын атамай, астарлап жеткізудің әсерінен болғанын байқатса, халқымыздығы ырым-тыйым сөздердің әсері де болғанын көрсетеді. Сонымен бірге, «Қала және қыз бала» әңімесінде де адамға ат қоюдағы ырымға сену құбылысы анық байқалады. Мысалы: Елубір деген бала ылғи мені сыртымнан бағып жүреді дедім ғой. Өзі аппақ шөлмектей жүдеу, артқы партада отырады. Әке-шешесі ұзақ жылдар перзент көрмей, елу бір жасында осы бала дүниеге келіпті. Елубір деп сол себептен атапты. Мұның өзі адамзаттың, оның ішінде қазақ халқы, қай кезеңде өмір сүрсе де ұлттық таным мен ойлаудың ежелгі дәстүрлі тәжірибесіне сүйенетінін байқатады. Жалпы, жалқы есімдер өз бойында белгілі бір кезеңге, тіпті тұтас бір елдің тарихына қатысты ақпараттарды жинақтай отырып, көркем мәтіндегі қолданыста ерекше маңызды рөл атқаруы мүмкін.  Б.Соқпақбаев шығармаларындағы тағы бір жиі кездесетін атаулар – ру атаулары. Бұл атаулардың барлығы да қаламгердің дүниетанымы мен өскен ортасымен тығыз байланысты. Автор бұл атауларға қатысты көркем мәтінді образды түрде бере отырып, кейбір ру аттарына қатысты этимологиялық этюдтерді сәтті ашып көрсетеді. Мысалы: Беснайзалар ежелден жауынгер, ұры ел болған. Рудың Беснайза атануы да тегін емес. Бір үйдің шаңырағынан сорайған бес найзаның ұшы шығып тұрыпты, содан Беснайза атаныпты деген сөз бар. Осы берілген мысалда Беснайза руына қатысты мәдени ақпараттарды жазушы шеберлікпен бере білген. Сондай-ақ: Қостөбеде, негізінен, Құрмандар тұрады. Құрманның «Киікбай», «Найза» деп аталынатын екі руы. Біз Найзамыз, Дұрысы Беснайза. Беснайза екіге бөлінеді: Байқазақ, Жолыш. Біз – Жолышпыз. Барлығы Алаштың балалары ғой т.б. деген сөйлемдер арқылы Қостөбедегі этникалық құрамды нақты көрсетіп кетеді.

Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі». «Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан жарғақ тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық, ақсақ қара бала бір кетпейді», деп басталады «Жусан иісі» атты повесі. «Жусан иісі» әңгімесін оқыған сайын, әуелі есімізге жусанның иісі оралады. Жусанның иісі ауылда өскен, ауылдың қара топырағын иіскеп өскен әр баланың есіне оралады. Шығарма сюжеті Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғаларға негізделеді

Енді Сайынның прозасына, оның тіліне оралайық:  − Кекілін қара-ей, өзінің, жаман әліне қарамай,- деп қағытып өтті Есікбай. Біз күлкіміз келмесе де оның сөзіне қошамет білдіріп сықылықтай күлдік. Жаңа келген бала қызараңдап теріс айналып кетті.  − Ә… Мен білдім,- деді Садық мақтана дауыстап. Онан соң әлгі баланың алдын орай өтіп: – Ей, бала, сендер кеше көшіп келдіңдер ғой,ә? Қоңыр сиырларың бар ғой, ә? – деді.  − Иә деді томсырайып тұрған бала оның сөзіне күлімсіреп,− Қоңыр сиырымыз бар.  − Атың кім?  − Аян.  Біз, бәріміз, тегіс ұмытып қалмайық дегендей: «Аян, Аян»… деп күбірлесе қайталап қойдық.  − Жүр, жолдас боламыз,- деді Садық оның аппақ білегінен қап-қара қолымен ұстай алып. Аян оның қолына қарады да қызараңдап тұрып, ақырындап білегін босатты.  − Сендер жақ суық екен. Суға түспей қалай шыдайсыңдар?- деді.  − Түсеміз. Анау арада тоспа бар. Жүр, түсейік. Суы во!..- деп Садық ауылдың жоғарғы жағындағы шұңқыр-тоспаны жерге сыйғызбай мақтай жөнелді.  Аян бізге қосылып солай қарай жүрді.  Ауылға жаңа бір баланың келуі біз үшін нағыз мереке болатын. Әрқайсымыз оның көзіне түсіп қалуға тырысушы едік. Сондықтан бірімізден-біріміз артық көрінбек боп, әй кеп мақтанатынбыз.  − Мен судың астында алпысқа дейін санап жата аламын,- … деп бөсті Садық.  − Менің де мынандай ақ көйлегім бар. Үлкен сандықта жатыр, апам кигізбейді,- деді көп үндемейтін Қосым тырнауық та.  Қосым төбелескенде ылғи баж етіп кеп бетті тырнайтын, сондықтан тырнауық дейтінбіз, өзінен көп балалар қорқатын. Оған тек Есікбай ғана тік келуші еді. Қазір де ол:  − Ой, кетші ары, тырнауық мысық. Сенің үйіңде алтын барын да білеміз,- деп ентелеп келе жатқан Қосымды көкірегінен итеріп жіберді.  Есікбай – сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін.  Қараңыз, Сайын Мұратбеков пен Бердібек Соқпақбаев шығармаларындағы жас жеткіншектердің образдары өте нәзік әрі рухты берілген. Диалогтарының өзінде тілдік айшықтар қолданылған. Мәселен:  С.Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасындағы Аянның бейнесі. Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін, шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.

Және де тентек Есікбайды қалай суреттейді. «Есікбай – сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін». Осы жердегі «сидаң бойлы», қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын» дейтін тіркестер сөз айшықтарының ішіндегі құбылту болып табылады. Түптеп келгенде қазақ тілінде «шілбиген» арық дегенді білдіріп, «сидаң» дейтін сөз тым ұзын дегенді білдірсе, қара қайыс деп отырған кәдімгі жылқы малына қолданылатын қайысты айтып отыр. «Қайыс белбеу» дейтін де сөз бар. 

Қорытынды

Максим Горькийдің 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында жарыққа шыққан “Тағы да сауаттылық туралы”, “Балалар әдебиеті туралы”, “Балаларға-әдебиет”, “Тақырыптар туралы”, “Балалар кітаптары мен ойындары туралы жазбалар” мақалаларында да болашақ балалар жазушыларын тәрбиелеу мәселесі басты орынға қойылды. Саттар Ерубаев мақаласының нысанасы да осыған саяды: “… нақтылы міндеттемелер алыңыздар, балалар көркем әдебиетін жасауда өздеріңізді жауапты деп санаңыздар. Өздерінің тілегендерінен қызғылықты, түсінікті кітап, әңгіме, өлеңдер жазып беріңдер, балалар өміріне жақын келіңдер. Балалар өмірінің өзгешелігімен танысыңыздар, балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер”. Ендеше, қандай тақырыпта жазылмасын, балалар шығармаларының басты кейіпкері баланың өзі болуға тиіс. Балалар әдебиетінің осынау басты ерекшелігін Саттар ақын-жазушыларға “…балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер” деу арқылы аңғартып өтеді. Сөйтіп, С.Ерубаевтың аталған мақаласынан балалар әдебиетін ересектер әдебиетінен дараландырып тұратын сипаттарға сол тұстағы қазақ қаламгерлерінің назарын аудармақ болған мақсатын байқағандаймыз. Жасөспірімді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.


















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі жалқы есімдер.
2.Б.Соқпақбаев шығармаларындағы көріктеуіш тәсілдер Қазақ және орыс тілдері шет тілдік кеңестікте: оқытудың қазіргі технологиялары .
3. “Балалар әдебиетінің тілдік тұлғасы” (Б.Соқпақбаев шығармалары негізінде)
4. Балалар әдебиеті тілінің зерттелу тарихы// Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының Хабарлары. — Алматы, 2007, №2, 32-36 бб.
6. Балалар әдебиеті тіліндегі ортақ концептуалдық құрылым // Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері: І.Кеңесбаев, М.Балақаев

7.Абдуллина З.Ә. Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы: Филол. ғыл. канд. дисс. –А, 2008. - 118 б

8.   Абдуллина З.Ә. Балалар әдебиетінің тілдік тұлғасы (Б.Соқпақбаев шығармалары негізінде). // Республикалық конференция, ҚазҰАУ Мемлекеттік тілде маман даярлау «Жаңа мақсат, жаңа жүйе». - Алматы, 2006.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.12.2024
185
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі