Балалар бақшасындағы гимнастиканың ерекшелігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалар бақшасындағы гимнастиканың ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Гимнастиканың айрықша ерекшілігі болып қарапайым және күрделі жаттығуларының әр түрлілігі, заттармен, затсыз, құралдармен орындалатын табиғи және жасанды қимылдардың ұштасуы; организимге жан – жақты жалпылама әсер етумен қатар , бұлшық еттің белгілі бір немесе басқа топтарына жергілікті әсер ету мүмкіндігі; организимге түсетін физиологиялық салмақты шартты туралы жазылған.Балалар бақшасындағы гимнастиканың ерекшелігі – балаларды қалай дұрыс қимылдауға үйрету туралы,мектеп жасына дейіңгі балалар денеге түсетін ауырлықтан тез шаршайды, бірақ олардың жұмысқа қабілеттілігі біршама тез қалпына келеді. Сондықтан денеге түсетін салмақ шамалы үзілістермен, бұлшық еттердің босаңсуларымен жиі алмасып отыратын ,қандай жаттығулар тиімді, жасау керек туралы жазылып тұр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалар бақшасындағы гимнастиканың ерекшелігі

Гимнастиканың айрықша ерекшілігі болып қарапайым және күрделі жаттығуларының әр түрлілігі, заттармен, затсыз, құралдармен орындалатын табиғи және жасанды қимылдардың ұштасуы; организимге жан – жақты жалпылама әсер етумен қатар , бұлшық еттің белгілі бір немесе басқа топтарына жергілікті әсер ету мүмкіндігі; организимге түсетін физиологиялық салмақты шартты түрде дәлдеп реттеу мүмкіндігі болып табылады. Осының арқасында гимнастика коррогиралаушы және емдік маңыз алады. Балалар бақшаларында негізгі гимнастика және оның кең тараған түрі – гигиеналық гимнастика пайдаланылады. Негізгі гимнастика денсаулықты нығайтуға , организмді жетілдіру мен шынықтыруға, жұмыс қабілетін арттыруға бағытталған. Оның аса маңызды міндеті тұлға мен табанның бұзылуына жол бермеу болып табылады. Өмірлік қажетті қимыл дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіруге, негізгі қозғалыстың сапасын жетілдіруге негізгі қозғалыстың сапасын жетілдіруге гимнастиканың негізгі құралдары арқылы, сонымен қатар жинақталған дағдылардыпрактикалық қызметте: тұрмыста, ойында,сабақтарда қолдана білу арқылы қол жеткізуге болады.

Балалар бақшасындағы гимнастиканың ерекшелігі – балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай біліу, қимылды айқын,дәл,тәрбиеші ұсынған екпінді, ырғақта, бағытта орындауы, әр баланың, қимылы бүкіл коллективтің қозғалысымен үйлесуі пісіп-жетіледі. Гимнастиканың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен манызы бар.

Балалар бақшаларындағы гимнастиканың мазмұны негізгі қозғалыстар, жалпы жетілдіруші жаттығу, сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру, би жаттығуын құрайды.

Қозғалыс сипатына қарай жаттығу динамикалық және статистикалық болып бөлінеді. Динамикалыққа кеңістікте орын ауыстырымен байланысты жаттығу жатады. Динамикалықжаттығуларда бұлшық еттің жиырылуы мен босаңсуы жиі алмасып отырады. Бұл, әсересі балаалрдың қозғалту аппаратын дамыту үшін қолайлы. Статистикалық жаттығулар бұлшық ет топтарының бір қалыпта жиырылып ұзақ тұруына негізделген , ол қан айналымын , тыныс аппаратының қызметін ауырлатады. Мектеп жасына дейінгілерге ептілікті, қозғалысты үйлестіре, қызметтің өзгермелі жағдайларына тез және оңтайлы бейімделе білуін жетілдіретінжаттығулар аса қолайлы. Гимнастика негізінен ірі бұлшық еттер тобының белсенді қызметіне негізделген( секеңдеулер, секірулер, өрмелеулер, жүрелеп отырулар,еңкеюлер және т.б.) қимылдарға құрылады. Дегенмен балаларға дененің жекек бөліктеріне, бұлшық еттердің жеке топтарына, буындарға әсер ететің,мәселен, табандардың бұлшық еттері н ( аяқтың ұшымен жүру, аяқтың табандарымен жіпті тарту немесе жинау және т.б,) қатайтатын жаттығулар ұсынылады.

Мектеп жасына дейіңгі балалар денеге түсетін ауырлықтан тез шаршайды, бірақ олардың жұмысқа қабілеттілігі біршама тез қалпына келеді. Сондықтан денеге түсетінсалиақ шамалы үзілістермен, бұлшық еттердің босаңсуларымен жиі алмасып отыратын жаттығулартиімді.

3-жастан 7- жасқа дейінгі балалар негізінен өздері күнделікті өмірде кезіктіретін ( жүру, лақтыру, отырып – тұру және т.б.) қимыл қозғалыстарды өзі де әлдеқайда жетілмеген: олар дәл емес, жеткіліксіз үйлестірілген, олардың жылдамдығы шамалы. Мектеп жасына дейінгілер үшін баланың қозғалысын сан және сапа жағынан бірте- бірте жетілдіру тән.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2018
1434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі