Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Балалы үй базар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға және тәрбиешілерге қажетті мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда обылысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы.

168 орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі Шакенова Айгүл Саруарбекова

Балалы үй базар.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында ».

Н.Ә.Назарбаев

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала мектепке дейінгі шағын орталықтарда жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне шағын орталықтың маңызы зор екені белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты халыққа жолдауы жарияланғаны белгілі. Жолдауда басым берілген басты бағыттың бірі де осы ұрпақ тәрбиесіне арналады. Ұлттық тәрбие кәусарынан нәр алған әрбір тәрбиешілер тәрбиеленушілердің бойына қайырымдылық пен сүйіспеншілікті , адамгершілік пен ізгілікті қалыптастырып , жүйелі жұмыс жүргізу барысында, ата-аналармен тіл табысу арқылы , нәтижелерге қол жеткізуге өзіндік үлес қосуға тырысады.

Міне, осындай өзі шағын , өзі жаңадан ашылғанына не бары аз ғана уақыт еншісінде біздің ауылдың мақтанышы , қазіргі таңда ауыл балаларының көз қуанышына айналып отырған № 184 «Айгөлек» шағын орталығын атап өткім келіп отыр.

Шағын орталық тәрбиешілері және көмекші тәрбиеші бүлдіршіндерге жүрек жылуын, аялы алақанын , мейірімі мен шұғылалы шуағын аямайтын жандар. Тәрбиеленуші сәбилермен бірге шаттанып, бірге ойнап, олардың осы ортаға тез бейімделуіне көп септігін тигізеді. Тәрбиешілер балаларды жас ерекшеліктеріне сай, мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерге арналған стандартты басшылыққа ала отырып, балаларды күнделікті арнайы дайындалған күн тәртібіне сүйене отырып, күнделікті білім беру үдерісін жүзеге асырып отырады.

Шағын орталықтың әрбір күнін қызықты да тартымды , мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты – бала тағдырына жауапты екенін сезіну. Бала тәрбиесі бір қарағанда елеусіздеу көрінуі мүмкін. Әйтсе де, оның жауапкершілігі ұшан-теңіз. Сондықтан да тәрбиешіге жұмыс барысында әр балаға қарым-қатынас жасауды педагогикалық тәжірибе мен шеберлік аса қажет.

Болашақ ұрпақ тәрбиесі – ата-бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Себебі артта қалған із қандай болса, ұрпағымыздың болашағы да сондай болмақ.

Өмірге енді ғана қадам басқан бүлдіршіндерге жан тәрбиесі өте қажет, ол баланың болашағына, оның тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Бала тәрбиесі бесіктен басталады. Бала дүниеге келісімен көп көңіл аударып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі » дегендей оның бойындағы өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.

«Балаға білім беру үшін , ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ертеңгі күні бір апатқа әкеп соғады »,- деген ойшыл, энциклопедист , ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби.

Тәрбиеші ең алдымен өзі тәрбиелі, білікті де ұстамды, парасатты болуы қажет. Олай болса, бүгінгі тәрбиеленуші ұрпақ еліміздің ертеңгі тұтқасы десек, егеменді еліміздің болашағын тәрбиелеуде баршамыз тыңғылықты еңбек етуіміз қажет.

Пайдаланған әдебиеттер; 1.Бастауыш білім беру журналы 2011жыл.

2.Қазақстан әйелдері журналы 2010жыл.

3.Мектепке дейінгі оқыту әдістері.2011жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
584
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12