Балалықтың бал шағы
Балалық шақ десе, менің де көз алдыма балғын, тәтті, ерке кездерім оралады. Шіркін, сол балалықтың бал-күндері қандай керемет еді! Уайымсыз, қамсыз, тек қуаныш пен шаттыққа толы сәттер. Әр күн өз алдына бір қызық, әлемнің әр бұрышы таңғажайып еді. Сол кездердегі еркіндік пен ойыңдағының бәрін істей алатындай сезім, қиялға ерік беріп, шынайы өмір мен арманның арасы жақын болатын.
Балалық шақ!Төртінші сыныпта оқитын болуым керек. Өз басым әжемнің жекеменшік қызы едім. Бір күні әжем екеуміз жазғы күннің шуақты күнінде табиғат аясына серуендеуге шықтық. Осындай тамаша күні, Жайық өзеніне де жеттік. Балалық шақта көп нәрсені байқап көргіміз келіп, көкке ұшардай сезім баулыйтыны анық.
Жайықтың суына қолымды батырып, шалқая малынғым келді. Сөйтіп, жайлап баспалдақтан түстім. Судың мөлдірлігінен өзімді көріп мәз болып тұрғаным сол еді, аяқтарым тайып кетіп, суға гүрс етіп түсіп кеттім. Жайықтың салқын суы денемді қарып өткендей болды. Сол сәтте өмірімнің ең қиын әрі ұзақ секундтары болғандай болды. Бірақ кенет, әжемнің дауысы құлағыма шалынып, бір күш бергендей болды. Әжем сасқанынан айналасындағы адамдардан көмек сұрай бастады.Сол жердегі адамдар дереу жетіп,мені аман-есен судан шығарып алды. Жағаға шығып, ауыр дем алып, ентігімді басуға тырыстым.Бойымда үлкен үрей пайда болып, жүрегім дүрсілдеп, аузыма тығылып тұрды. Әжемнің көзіне тіке қарап тұрып, қорқып, бірақ іштей жымия: "Анашымға айтпашы" деген алғашқы сөздерім шықты. Сол сәтте әжемнің жүзінде алаңдаушылық пен мейірім араласқан күлкі пайда болды. Ол менің абдырағанымды түсініп, маған жұбанышпен қарады. Мен үшін ең үлкен уайым – анамның бұл жағдайды біліп,мені уайымдап қалуы еді.Бала көңілім тек анамның таяғын жеп қалмау,оның ашуланғанын көрмеу еді.Әжем менің қолымды ұстап, жылы сөздермен сабырлы түрде: "Қорықпа, айтпаймын. Бірақ келесі жолы абай бол," – деп, мені құшағына алды. Оның қамқорлығы мен даналығы сол сәтте мені тыныштандырды.
Жайықтың суы,әжемнің жылы құшағы,өмірдің қызығы мен қорқынышы бірге ұшырасып, ерекше естелік болып қалып қойды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балалықтың бал шағы
Балалықтың бал шағы
Балалық шақ десе, менің де көз алдыма балғын, тәтті, ерке кездерім оралады. Шіркін, сол балалықтың бал-күндері қандай керемет еді! Уайымсыз, қамсыз, тек қуаныш пен шаттыққа толы сәттер. Әр күн өз алдына бір қызық, әлемнің әр бұрышы таңғажайып еді. Сол кездердегі еркіндік пен ойыңдағының бәрін істей алатындай сезім, қиялға ерік беріп, шынайы өмір мен арманның арасы жақын болатын.
Балалық шақ!Төртінші сыныпта оқитын болуым керек. Өз басым әжемнің жекеменшік қызы едім. Бір күні әжем екеуміз жазғы күннің шуақты күнінде табиғат аясына серуендеуге шықтық. Осындай тамаша күні, Жайық өзеніне де жеттік. Балалық шақта көп нәрсені байқап көргіміз келіп, көкке ұшардай сезім баулыйтыны анық.
Жайықтың суына қолымды батырып, шалқая малынғым келді. Сөйтіп, жайлап баспалдақтан түстім. Судың мөлдірлігінен өзімді көріп мәз болып тұрғаным сол еді, аяқтарым тайып кетіп, суға гүрс етіп түсіп кеттім. Жайықтың салқын суы денемді қарып өткендей болды. Сол сәтте өмірімнің ең қиын әрі ұзақ секундтары болғандай болды. Бірақ кенет, әжемнің дауысы құлағыма шалынып, бір күш бергендей болды. Әжем сасқанынан айналасындағы адамдардан көмек сұрай бастады.Сол жердегі адамдар дереу жетіп,мені аман-есен судан шығарып алды. Жағаға шығып, ауыр дем алып, ентігімді басуға тырыстым.Бойымда үлкен үрей пайда болып, жүрегім дүрсілдеп, аузыма тығылып тұрды. Әжемнің көзіне тіке қарап тұрып, қорқып, бірақ іштей жымия: "Анашымға айтпашы" деген алғашқы сөздерім шықты. Сол сәтте әжемнің жүзінде алаңдаушылық пен мейірім араласқан күлкі пайда болды. Ол менің абдырағанымды түсініп, маған жұбанышпен қарады. Мен үшін ең үлкен уайым – анамның бұл жағдайды біліп,мені уайымдап қалуы еді.Бала көңілім тек анамның таяғын жеп қалмау,оның ашуланғанын көрмеу еді.Әжем менің қолымды ұстап, жылы сөздермен сабырлы түрде: "Қорықпа, айтпаймын. Бірақ келесі жолы абай бол," – деп, мені құшағына алды. Оның қамқорлығы мен даналығы сол сәтте мені тыныштандырды.
Жайықтың суы,әжемнің жылы құшағы,өмірдің қызығы мен қорқынышы бірге ұшырасып, ерекше естелік болып қалып қойды.
шағым қалдыра аласыз


