Материалдар / Баламалы ойындар құрастыру

Баламалы ойындар құрастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін бағалау және талдай білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
396
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп

Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Т. Б.А. Мұғалімнің мтудент практиканты Баймырзаев.Роллан.Мейрамбекұлы.

Сынып

9 «А»

9 «Ә»

9 «Б»

9 «В»

9 «Г»

Күні






Қатысушылар саны:






Қатыспағандар саны:






Бөлім

6-бөлім. Команда құру ойындары

Сабақ тақырыбы

Баламалы ойындар құрастыру

Оқу мақсаттары

9.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін бағалау және талдай білу

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушылар жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсінеді және өзгермелі жағдайға жауап қайтара біледі, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді түсінеді.

Көбі: Білім алушылар жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсінеді және бағалайды өзгермелі жағдайға жауап қайтара біледі, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді түсінеді.

Кейбірі: Білім алушылар жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсінеді және бағалайды өзгермелі жағдайға жауап қайтара біледі, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді түсінеді және талдай біледі.

Бағалау критерийі

Жарыс кезіндегі әрекеттерге төрелік жасайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Команда құру ойындары аясында, өздерінің дағдылары мен түсініктерін суреттейді, талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды:

шабуыл

қорғаныс

өзара әрекеттестік, жарыс

кеңістікте бағытталу

командалық жұмыс

тактика, стратегиялар

доппен қозғалу

жүгіру, жылдамдықты өзгерту, бағыт

дриблинг

доп беру, допты жалғау

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Команда қандай тактикаларды қолдана алады? Командаңыз үздік жұмыс жасау үшін сіз не істей аласыз?

- Сабақта денсаулыққа тікелей қауіп төнудің алдын алу үшін сіз қандай әрекет жасайсыз?

- Командалық әрекетте өзара әрекеттесуді команда көшбасшысы жеткілікті дәрежеде ойластыра алды ма?

- Берілген ойында төрешілік, ойын ережесі бұзылмады ма?

- Қорғаныс-ойыншыға қарсы ойнаудың қандай амалы үздік?

- Неліктен назарды бір мезгілде бір ойыншыға ғана аударған жақсы немесе әр қарсыласты белгіліп отыру қажет пе?

- Әдеттегі баскетболдан стритбол ойыны немен өзгешеленеді?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Баскетбол ойыны

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Баскетбол доптары, себет, секундомер, ысқырғыш.

http://www.gomelscouts.com/uderzhi-napadayushhego.html

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%82%D1%80%D0%B8%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB


Сабақтың ортасы

25 минут

(Т, ҚБ) «Шабуылшыға тосқауыл бол». Сынып екі командаға бөлінеді. Бір команда айып алаңының ішіне орналасады (қорғаушылар), ал екінші команда айып алаңының сыртында

болады (шабуылшылар). Шабуылшы айып алаңы сызығы бойымен еркін қозғалады. Оның мақсаты – келесідей техникалық элементтерді орындай отырып қалқанға тез өту: екі адымнан соң тоқтау, адымдау, денемен финттер. Оған кедергі болатын қорғаушы шабуылшы мен қалқан арадағы жағдайды сақтап қалуға тырысады. Ойын мұғалімнің белгісімен басталады. Одан соң командалар рөлдерімен ауысады.

Қателіктерге аз мөлшерде жол берген команда жеңімпаз болып саналады.

Ойын мұғалімнің белгісімен басталуын бақылауда ұстаңыз. Берілген тапсырма орын ауыстыру техникасын бекіту, ойын жағдайында тактикалық әрекетті оқытуға бағытталғандығын оқушылардың есіне

салыңыз.

Шабуылдаушы мен қорғаушы арасындағы қақтығыстарда екі жақтан да дөрекі ереже бұзушылықтың болмауын қадағалаңыз (итеру, соққы жасау).

Берілген тапсырманы орындаудағы шабуылшы мен қорғаушы рөлдерін талдаңыз.

(С, Т, ҚБ) Оқушылар 3 адамнан тұратын 2 командаға бөлінеді. Ойын алаңның бір бөлігінде ұйымдастырылады. Бұл бір себетпен ойналатын баскетбол. Баскетболдан өзгешіліктері: 1) 3 секундтық аймақ болмайды; 2) команда құрамы 2-3 адам; 3) доп себетке салынған сайын ойынды себетке салушы команда бастайды; 4) стритболда дөрекі ойындар болады, алайда көше ойыны сондай болуы керек деп саналады; 5) егер баскетболда салынған доп үшін 2 ұпай берілсе, стритболда 1 ұпай беріледі; 6)

айып добын лақтыру сызығы әдеттегі баскетбол алаңындағыдай қашықтықта болады. Сонымен қатар, 3 ұпайлы доп тасталудың орындалуы стритболда тек 2 ұпай ғана беріледі.

Оқушылар берілген ойын барысында қауіпсіздік ережесіне назар аударулары қажет.

Стритбол – 3ке 3 ойыны. Команда 4 ойыншыдан құралады (3 алаң және 1 қосалқы ойыншы). Оқушылар допты ойынға қосушы команданы алдын ала анықтайды.

Сұраңыз: Стритбол ойыны әдеттегі баскетболдан несімен өзгешеленеді?

Оқушылар, стритбол ойыны мен төрелік ережесін бағалайды және талдайды.

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ