«Баланың тілін дамытуда ертегі қойылымдарының алатын орны»
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Президент Іс Басқармасы Медицина орталығы
«Қарлығаш» балабақшасы РМК тәрбиеші
Тақырыбы: «Баланың тілін дамытуда ертегі
қойылымдарының алатын орны»
Мақсты: Ертегі қойылымдары арқылы
балалардың сөйлеу қаблетін, шығармашылығын
дамыту.
Міндеттері: Ертегілерді іріктеу, жинақтау,
әдіс-тәсілдерін анықтау, жоспарлау.
-Ертегі қойылымдары арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамытудың
тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау және тәжрибелік тұрғыдан
негіздеу.
-Балаларға арналған көркем әдеби шығармаларды талдау, ата-аналармен
сұхбаттасу, сауалнама жүргізу, дамыту ойын іс-әрекеттерін жинақтау
мақсатында жоспар құру.
«Туған елім-тірлігімнің
айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!»-деп ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз,
жырлағандай тіл қай елде болсада қастерлі құдіретті!
Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ұлттың әрі жаны, әрі
ары.Ол атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра.
Бала біздің болашағымыз десек, осы балалардың болашақта өз
орындарын таба алатын берік кірпіш болып қалануы балабақшадан
басталатынын естен шығармауымыз керек.
Бүгінгі күнде мектепке дейінгі балалардың өз ана тілінде еркін
түсініп, сөйлеуі маңызды мәселеге айналып келеді.
Қәзіргі таңда тілі кеш шығып жатқан, сөйлемейтін балалар саны
көбейіп барады......
Баланың тілінің ерте жастан дамуына, дүниеге келе салысымен көңіл
бөлген жөн.Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту іс-әрекетінде
балаларың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге
үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде тілдік
қарым-қатынаста қолдана бәлуге мән берілген.
Психологтардың пайымдауы бойынша адам бойындағы барлық сапалы
қасиеттер оған тіл арқылы дамиды десе, «Тіл қаруы сөз, сөз қаруы
ой». Тіл, оймен әрекет бірлігі болмаған жерден тәтиже күту мүмкін
емес.
Ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармаларының
бірі-ғажайып ертегілер
Ертегілер балалардың тілдерін дамытудың басты құралы болуымен
қатар, баланы ұлттық рухта тәрбиелеуде маңызы зор.
Ертегі халықтың арманын, қиялын білдіреді.Сонымен қатар, балаларды
қызықтыратын ерекше бір жағында адам бейнелері барлық жағынан әбден
көрінеді.
Ертегіні сүймейтін, оны қызықтап тыңдамайтын, көгілдір экраннан
тамашалап қарамайтын бала жоқ.Бірақ осы ертегілерді тыңдаған балаға
әсер қалдырып, жақсы тәрбие беретін жақтарын таңдай білу
керек.Ертегі қойылымдары арқылы бүлдіршіндердің қоршаған ортаға көз
қарасы, өзара қарым-қатынастары, мінез-құлықтары
қалыптасады.Әсіресе әділдікке, шындыққа, достыққа, адамгершілікке,
еңбек сүйгіштікке ертегі қойылымдар көрсетудің бала тәрбиесіне
пайдасы мол
Ертегілер қиял-ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс-салт, күлдіргі
ертегілер болып бөлінеді.
Ертегі қойылымдарының
міндеттері мен әдістері:
-Балаларды ертегі қойылымдар
түрлерімен таныстыру;
-Жас ерекшеліктеріне байланысты шығармашылық түрлерімен саты
бойынша меңгерту;
-Балалардың бойында әртістік қасиеттерін дамыту;
-Интонация, дыбыстарды дұрыс айтуларына жұмыс жасау;
-Ұжымдық іс-әрекет, өзара әрекеттесу;
-Болып жатқан іс-әрекетті балалардың бойынан оятып, жанашырлық,
аяушылық сезімдерін қалыптастыру;
Баланың тілін дамытуда ертегі қойылымдарының орны ерекше.
Оны күнделікті жасап жүрген жұмыстарымызбен, тәжрибелерімізбен
айтып өтуімізге болады.Тобымызда байқағанымыз, оқу іс-әрекеттерінен
тыс, балалар тыңдаған ертегілерін еске түсіріп, рөл-рөлге бөлініп,
ертегі кейіпкерлерінің бетпердесін қолданып, еркін ойнап жатады.
Мұндай жұмысыңның нәтижесін көргенде әрине қуанасың!
Күнделікті әр оқу іс-әрекетімізді ертегі қойылымдар, ертегі
кейіпкерлерінің қатысуымен ұштастырып отырамыз.Аптасына бір рет
тобымызда «Ертегіде қонақта» атты бір ертегі қойылымы жоспарлы
түрде жүргізіліп отырылады.Ол аптаның аяғы күні, балалар сол күнді
асыға күтіп, ертегі қойылымдарын сахналауға асығады.
Ертегі қойылымдарын бастамас бұрын, рөл-рөлге бөлінетін кейіпкерлер
іріктелінеді.Кейіпкердің рөлі әр баланың жеке қабілетін ескере
отырып және мінез-құлықтарына байланысты бөлінеді.
Мектепке дейінгі балаларда еліктеу қабілеті басым келеді, қәзіргі
уақытта, олар ертегі кейіпкерлерінің сөздерін қызыға айтып,
қимыл-қозғалысын келтіре отырып ойнай беретін дәрежеге жетті.
Кейде бір баланың сөзін екінші балада қойылым үстінде жаттап,
бірін-бірі ауыстырып отыратын жағдайларда болады.
Ертегіні айтып келе жатып, шиелініскен жеріне келгенде, балаларға
мүмкіндік беру керек....
«Енді өздерің айтыңдаршы, әрі қарай не болғанын?»-деп ертегіні
өздеріне айтқызу керек.
Бұл кезде балалар жарысып ойларынан неше түрлі ертегілер құрап
береді.Сонымен бірге ертегіні сахналау, ертегі кейіпкерлерінің
сөзін нақышына келтіріп орындау да баланың тілін дамытады.
Бала жағымсыз кейіпкерлердің ірекетінен кейін бой тартып,
жақсылыққа құмар артады.
Қойылым кезінде бір-біріне жандары ашып көмектесуге тырысып, нағыз
кейіпкерлерге айналады.Осы кезден баланың бойында жақсы қасиеттер
ашылады.
Ертегі қойылымдарда ең басты маңызды рөлді тәрбиеші ойнайды.
Ол тек кез келген шығарманы мәнерлеп оқу немесе жаттап айтып беру
ғана емес, сонымен қатар әр кейіпкер рөліне айналып кетуге дайын
болу, яғни актерлік шеберлігінің негіздері мен режиссура дағдыларын
меңгеру қажет.
Балабақшаларда ертегі қойылымдары көптеген міндеттерін шешуге
кқмектеседі.
«Денсаулық» білім саласы бойынша:
-Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына
ертегі кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын, жүріс тұрысын
қолданады;
-Негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар
тапсырмалары орындалады;
-Эстафеталық ойындар сайысын өткізу
ұйымдастырылады;
«Қатынас» білім беру саласы бойынша:
-Ертегілердің мазмұнына қарай, тұрмыс-салт, хайуанаттар,
қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады;
-Сюжетті суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беріледі
жіне ертегі мазмұнын құрастырады;
-Кейіпкерлендірілетін ертегінің мазмұнын және мәтінін толық
меңгереді;
«Таным» білім беру саласы бойынша:
-Ертегінің кейіпкерлерінің дене көлемдерін салыстырып,
«үлкен-кіші», «жуан-жіңішке», «биік-аласа» деген ұғымдарды
меңгереді;
-Ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды;
-Әр түрлі геометриялық денелер бойынша ертегі кейіпкерлерін
құрастырады;
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша:
-Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен
сурет салу арқылы бейнелеп көрсетеді;
-Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау
арқылы театырланған көрініс дайындайды;
-Музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің к-ңіл-күйін,
қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы
қайталайды;
«Әлеумет» білім саласы бойынша:
-Ертегі мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиеленеді;
-Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп,
жақсы мен жаман іс әрекеттерді ажыратады;
Балалар көбінесе адал, мейірімді кейіпкерлерге ұқсағысы келеді.
Ертегі қойылымдарда балалардың атрибут, декорация дайындауға
қатысулары, олардың талғамдарын дамытады, тамаша сезімдерге
тәрбиелейді.
Ертегі қойылымдары көптеген проблемаларды шешуге мүмкіндік береді,
баланың бойындағы ұялшақтық, жасықтықтан, өз-өзіне сенбеушіліктен
арылтып, жан-жақты дамытады.
Қорыта айтқанда баланың тілін дамытуда ертегі қойылымдарының алатын
орны ерекше........
Біздің балаларымыз ұлы әртіс болмаса да, бірінші қойылымдарын мәңгі
есте сақтайды, балалық кезде салынған ізгілік ізі міндетті түрде өз
орнын табады деген ойдамыз!
Пайданылған әдебиеттер
тізімі:
-
«Жастық шақ театры»- журнал 2000ж
-
«Отбасы мен балабақша» №4 2017ж
-
«Бала тәрбиесі» №6 2010ж
-
«Бала мен балабақша» журналы 2015ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баланың тілін дамытуда ертегі қойылымдарының алатын орны

шағым қалдыра аласыз