Материалдар / Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту

Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары, ақпарат ағындығының қарқындылығы білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды да жетілдіріп отыр. Бірақ қандай заман, қандай реформа болсын, білім беру саласында басты тұлға мұғалім қала бермек.
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

«№31 Береке жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагог логопед

Айтжанова Айсулу Илесбековна



Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту


Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары, ақпарат ағындығының қарқындылығы білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды да жетілдіріп отыр. Бірақ қандай заман, қандай реформа болсын, білім беру саласында басты тұлға мұғалім қала бермек. Білім ошақтарының, педагогтың алдындағы басты мақсаты-жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатқа жету жолында білім беру жүйесінің үштағаны-«Нені оқыту?», «Қалай оқыту?», «Не үшін оқыту?» деген сұрақтарға әр педагог өзінше жол іздеп, өзіндік ізденіс бағытын айқындайды. Бұл талаптарды жүзеге асыру, көбінесе балалардың тілді қаншалық меңгергеніне байланысты. Өйткені бала білім алудың барша іскерлік дағдыларын ана тілі арқылы бойына сіңіреді.

Жоғарыда айтылған ізденіс бағыттарын іске асыру жолдары, ең бірініші, оқытудың негізгі формасы – ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ойын арқылы жүзеге асады. Себебі баланың өмірге қадам басардағы алғашқы әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәні ерекше.Ойын бала тілін дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.Қай бала болмасын ойынмен өседі.Өйткені бала ойын үстінде еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудын баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.Сөйлеу тілі баланың үш жасынан бастап қалыптасады.

Заманауи жаңа технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектеп мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Осыған орай мектеп мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.

Оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

  • Қолдануға тиімді технологиялар:

  • Дамыта оқыту технологиясы;

  • Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ);

  • Ойын технологиясы;

  • Мнемотехника технологиясы.

Дамыта оқыту технологиясы – баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б. қасиеттерді дамыту.

Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды-есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, «оқытудың компьютерлік технологиясы» термині пайда болды. Қазіргі заман талабына сай енгізіліп жатқан жаңа бағдарламалар, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы балаға тәрбие мен алғашқы білім беру негізі – балабақшадан басталады. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар педагогтардың біліктілігін көтеруге, олардың оқу үрдісін жүйелі, қызықты етіп өткізуге, балалардың ойлау, есте сақтау, тыңдау қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізіп отыр. Ақпараттық технологиялар бойынша тәрбиешілердің жасалған электрондық оқу кешендері, құралдары жинақтары бар. «Қызықты грамматика», «Кел балалар ойнайық», «Ойнайықта, ойлайық» осы құралдарды пайдаланамыз. Мысалы, қызықты грамматикада ертегілер тыңдаймыз. Есіне сақтамаған балаға қайтадан көрсетуге болады.

Мнемотехника – тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасындағы балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер – көрнекіліктер, дидактикалық ойындар, суреттер, буындық кестелер, тірек-сызба, үлгілер, т.б.

Луллий шеңбері – баланың тілін дамыту әрқашанда өзекті мәселе болып табылады. Сөздік қорын байытады. Дыбыс, сөз, буын, сөйлем құрудың структасын үйретеді.

Қорыта айтқанда, балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге мұғалім, тәрбиеші, логопед мамандардың мектепте берілер тәрбиенің ықпалы зор.

Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасындағы балалардың ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу мұғалім, тәрбиеші, логопед мамандардың алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт-бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. «Orleu-tv.kz» халықаралық pdf журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077. 25.06.2021 ж № D00012

  2. Краузе Е.Н. «Логопедия»

  3. «Отбасы және балабақша» №11, 2002.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі