Сабақ: қазақ
тілі
Сынып:
10
Сабақтың
тақырыбы: Бақылау
жұмысы
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
оқушылардың білім деңгейін
қадағалау
Дамытушылық: пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде
қолдана білуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік:
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын
ояту
Сабақтың
түрі: өздік
жұмыс
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу
Сабақтың
көрнекілігі:
тапсырмалар
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен амандасу, сынып даярлығын
тексеру
Жаңа
сабақ
І
нұсқа
Лексико-грамматикалық
тест
1. Бірыңғай қысаң дауыстыдан
болған сөзді көрсетіңіз.
А) Іні. В) Немере. С) Ана. Д)
Бала. Е) Шөпшек.
2.Ұяң дауыссыз дыбыстан
басталатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Айдын, шие, әдеп В) Кедей,
емен, тау С) Күн, мектеп, аула Д) Аймақ, орта,
мөлдір
Е) Бұлт, зерттеуші,
жағажай
3.Сөздің түбірі тұйық буыннан
тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Шалқарда. В) Кереге. С)
Оқушының. Д) Сумен. Е) Ұлттар.
4.Үндестік заңына бағынбайтын
сөзді белгілеңіз.
А) Қосаяқ . В) Түйеқұс. С)
Асқазан. Д) Тасбақа. Е) Атжалман.
5.Туынды зат есім жасаушы
қосымшаны көрсетіңіз.
А)Септік жалғау В)Көптік
жалғау. С)Жіктік жалғау. Д)Тәуелдік жалғау.
Е)Жұрнақ.
6.Күрделі зат есімді
табыңыз.
А) Балалар, оқушы, қыз. В)
Отбасы, саяжай, белбеу. С) Қызыл, жасыл, көк. Д) Ешкім, ештеңе,
әлдекім. Е) қыс, жаз, күз.
7.Шығыс септігіндегі сөзді
табыңыз.
А) Әншіден. В) Орындаушымен.
С) Мұғалімнің. Д) Малшыға. Е) Дәрігермін.
8.Туынды сын есімді
табыңыз.
А) Тауың. В) Таумын. С) Таулы.
Д) Тауға. Е) Таулар.
9.Күшейткіш буын арқылы
жасалған күшейтпелі шырайды табыңыз.
А) Өте әдемі. В) Ең әдемі. С)
Тым әдемі. Д) Әп-әдемі. Е) Аса әдемі.
10.Бір жылда неше мезгіл бар
екенін белгілеңіз.
А) Бір. В) Төрт. С) Он тоғыз.
Д) Үш. Е) Алты.
11.Жинақтық сан есімді
анықтаңыз.
А) Он бес. В) Бестік. С) Төрт.
Д) Үшеу. Е) Үштен екі.
12. Белгісіздік есімдігін
табыңыз.
А) Бәріміз. В) Біреу. С)
Күллі. Д) Бәрі. Е) Барша.
13.Болымды етістікті
табыңыз.
А) Ұшпады. В) Көрсетпеді. С)
Жумады. Д) Әкелмеді. Е) Сүртті.
14.Берілген сөйлемге тиісті
одағайды көрсетіңіз.
... ! Достар түгел
жиналыпты.
А) Қап. В) Бәрекелді. С) Жә.
Д) Әттеген-ай. Е) Әй.
15.Шылау сөздер қатарын
табыңыз.
А) Үй, жер, тал, тас. В) Екі,
он, үш, бес. С) Үшін, және, ғана, түгіл.
Д) Тез, тым, сонша, оңаша. Е)
Кел, тұр, жүр, кет.
16.Бастауыш пен баяндауыштан
тұратын сөйлемді белгілеңіз.
А) Күрделі В) Жақсыз С) Атаулы
Д) Жалаң Е) Жайылма
17.Қандай? Қай? сұрақтарына
жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.
А) Анықтауыш. В) Баяндауыш. С)
Толықтауыш. Д) Пысықтауыш. Е) Бастауыш
18.Сөйлемді
аяқтаңыз.
Балалар қыста шанамен ...
.
А) Сүйрейді. В) Сырғанайды. С)
Отырады. Д) Секіреді. Е) Тұрады.
19.Сабақтас құрмалас сөйлемді
табыңыз.
А) Қаздар, үйректер жылы жаққа
ұшып кетті.
В) Оған аудармашы болу қиын,
дегенмен қызмет атқарып жүр.
С) Бүгін күн бұлтты болады,
оқтын-оқтын жаңбыр жауады.
Д) Бүкіл жайлау елінен, қырдан
қонақтар келе бастады.
Е) Көрші отырсақ та, кездесе
беруге уақыт жетпейді.
20.Синоним сөздерді
көрсетіңіз.
А) Менен, жетеу. В) Көркем,
сұлу, көрікті. С) Қыс, жаз, күз, көктем.
Д) Сырмақ , шекпен, алаша. Е)
Сөк, түс, көз.
Мәтін
Шұбат
Шұбат түйе сүтінен ашытылады.
Бұл - әрі сусын, әрі тағам. Бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте
майлы келеді. Оның емдік қасиеті де мол. Шұбат - өкпе, асқазан,
ішек, жүрек ауруларына бірден-бір шипалы сусын. Қымыз ашытуға
қарағанда шұбатты ашыту оңай. Оны қымыз секілді мезгіл-мезгіл
пістіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана
шайқап-шайқап жіберсе, жетіп жатыр.
Шұбатты торсықта немесе ағаш
күбіде ашытады. Тәулік ішінде шұбат бабына келе бастайды. Торсықты
көбінесе түйенің терісінен жасайды. Сабада баптаған қымыз секілді,
торсықта ашытқан шұбаттың иісі аңқып, ерекше дәмді келеді. Шұбаттың
түсі қардай аппақ. Дәмі тіл үйріп, тынысыңды кеңейтіп, жаныңды
рақатқа бөлейді. Шұбат - ертеден келе жатқан
сусын.
1. Шұбат ненің сүтінен
ашытылатынын белгілеңіз
А) сиыр В) бие С) түйе
Д) ешкі Е)қой
2. Сөйлемді
толықтырыңыз . Түйе сүті бие сүтіне
қарағанда ...........
А) сұйық В) қымбат С)
тәтті Д) қою Е) майлы
3.Шұбат қандай
ауруларға шипа болмайтынын көрсетіңіз
А) қан В) өкпе С)
асқазан Д) ішек Е) жүрек
4.
Шұбатты ашыту қалай
екенін белгілеңіз
А) қиын В) оңай С) жеңіл Д)
жылдам Е) тез
5. Шұбатты берер алдында не
істеу керек екенін белгілеңіз
А) суыту В) шайқау С) жылыту
Д) қайнату Е) пісу
6. Шұбат пен қымызды неде
ашытатын ыдысты табыңыз
А) торсық В) кесе С) тостаған
Д) саба Е) күбі
7.
Қанша уақыт ішінде шұбат
бабына келетінің көрсетіңіз
А)бір ай В) бір тәулік С) бір
күн Д) бір жыл Е) бір сағат
8.
Торсықты ненің терісінен
жасайтынын көрсетіңіз
А) сиыр В) бие С) түйе
Д) ешкі Е)қой
9.
Сөйлемді толықтырыңыз
. Торсықта ашытқан шұбаттың
иісі аңқып, ............. келеді.
А) қышқылт В) дәмді С)
тәтті Д) қою Е) ащы
10.
Шұбаттың түсін
белгілеңіз
А) қоңыр В) сары С) аппақ Д)
сап-сары Е) ақ
Бекіту
1.Қиын сұрақтарға түсінік
беру
2.Орындау тәртібін
қайталау
Қорыту.
Бағалау.
Үйге
тапсырма Ережелерді
қайталау