Материалдар / Бәрі де денсаулыққа тіреледі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бәрі де денсаулыққа тіреледі

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір салтын ұстану арқылы, денсаулықты сақтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
294
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БӘРІ ДЕ ДЕНСАУЛЫҚҚА ТІРЕЛЕДІ.

Орындаған: БҚИТУ 1-курс студенті Атырау.Д.Ж

Жетекшісі: PhD доктор, доцент Меңдигалиева.А.С



Деннің саулығы-жүректің жайлылығы. Қазақта "Дені саудың-жаны сау","Ауырып ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде" деген керемет қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер бар. Осы орайда, әлемдегі болып жатырған індеттен құтылуымызға бірден-бір септігін тигізер, өзекті мәселені тілге тиек етпекпіз. Яғни,елді дүрбелеңге салған корона киген вирустың алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанымыз қажет. "Жарлының байлығы-денінің саулығы" демекші, қазіргі уақытта денсаулығымызды сақтап, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстану басты міндет. Қоғамда болып жатырған жұқпалы дертті былай алсақ, жалпы адам өз денсаулығына өзі жауапты.

Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін нәрселер де баршылық.Айтпасақта,бесенеден белгілі саулықты бұзып, діңкенді құртатын сол баяғы зиянды заттар.Алып таудай тұлғалы азаматтарымыз

ішімдік ішіп,шылым шегіп,есірткі қолданып,пайдасыз нәрсенің құрбаны болып жүргенін көргенде жанын ашиды.

Тағы бір басты мәселе- ет жеп,қымыз ішпесе,көңілі көншімейтін қазақтың, 10 минутта дайындалып,қарын тойдыруға жарайтын фастфудтың құрбаны болуы. Қай жерді,қай көшені қарасанда,қаптаған фастфуд өнімдері.Бургер,гамбургер,пицца,донер, шаурма-ол жастар түгелі кәрінің де сүйікті тамағына айналды.Яғни, халықтың 80% пайызы осы тағамды тұтынады.Зиян екенін білсекте,айтып,жазып жатсақ та,оны тұтунушы халықтың саны артпаса, азаяр емес. Дәріге,үйге керек дүниеге ақша құртуға аясақта,бұл фастфуд өнімдерін көзді жұмып тұрып сатып аламыз. Фастфуд,газдалған сусындар зиян деген бұл жәй ғана сөз секілді.Себебі оның ертеңгі салдарын ешкім ойлар емес.Фастфуд-семіздік,қант диабеті,асқазан, ішек қабаттарының қабынуы, және басқа да түрлі аурулардың негізігі бастаушысы .Әрине, фастфуд өнімдерін жеме,тұтынбаңыз демеймін.Бірақ, жылына бір-екі рет,мөлшермен тұтынсаныз,бұл саулығыңыз үшін де, өзіңіз үшінде пайдалы. Ал оны күнде тұтыну өте зиян.

Бұл тек ұсынушыға ғана пайдалы.Сіз оның күнкөрісін арттырасыз. Ал бірақ,сіз өнімнің ішіне не қосылғанын,сізге қаншалықты зиян келтіретінінде хабарыңыз жоқ.Жедел тағамның сырты әсем,жанды баурайтындай дәмді көрінгенімен кейбір фастфуд ұсынушылар мерзімі өтіп кеткен өнімді ұсынуда әбден мүмкін.Ал бұл сіздің денсаулығыңызға өте қауіпті.Ауырған кезіңізде фастфуд ұсынушыны кінәлай алмайсыз,себебі өнімді тұтынған өзіңіз.

Барлық адам осының зиянын білсе де, денсаулығың құртып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.Сол себепті тез әзірленетін тамаққа әуес һәм үйір болмаңыз.

Сондықтан сіздерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырымын.Өйткені салауатты өмір салтын кез-келген адам қажет етеді. Кез-келген адамның денсаулығы мықты болу керек. Себебі: күн өткен сайын адамдардың да өмір сүру ұзақтығы да қысқарып бара жатыр. Ал карантин бізге таптырмайтын мүмкіндік. Қазір барлығы үйде, онлайн форматта білім алып, жұмыс жасап жатыр. Яғни, уақыттарын тиімді пайдалану арқылы, саулықтарында түзей алады. Өздеріне режим құрып, дұрыс тамақтанып, көптеген пайдалы жеміс-жейдек, көкөніс өнімдерін тұтынып, сонымен қатар жаттығу жасап, өзінің көңіл-күйін көтеретін істермен айналасу арқылы өздерін дамытып алады.Яғни, өмір сүру дағдысын қалыптастырады." Ең бірінші байлық-денсаулық ". Ал біздің денсаулығымыз нашар болса, ешқашан да жақсы өмір сүре алмаймыз. Біздің жақсы өмір сүруіміздің кепілдігі ол-денсаулық. Сондықтан да ең бірінші денсаулыққа көңіл бөліп, салауатты өмір сүру салтын ұстанған жөн! Саулық-сақтықта. Мен бұл қағиданы 100% қолдаймын. Сізде салауатты өмір сүруді таңдаңыз!



Атырау Дана

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!