Басқару жүйесіндегі тұлға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Басқару жүйесіндегі тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқару жүйесіндегі тұлғаның жіктелуі де өз алдына үлкен тақырып. Тұлғаның жіктелуінің 6 түрі бар. Осыған байланысты Э.Шпрангер әр тұлға белгілі бір қасиеттеріне байланысты 6 топтың біріне кіреді деп есептейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Басқару жүйесіндегі тұлға

Университеттердегі базалық оқу бағдарламасы жан-жақты зертеліп, заманауи ғылыми ізденістерге сүйене отырып жасалады. Біздің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқу бағдарламасы халықаралық талаптарға сай екені баршаңызға аян.

Филология факультетінің магистранттарына оқытылып жатқан басқару психологиясы пәні үлкен өмірге қадам басып, еңбекке араласа бастаған жастарға өте керекті пән. Біз басқару психологиясында адамның қоғамдағы рөлін, тұлғалық қасиеттерін, жұмыс барысындағы түрлі ситуацияларда оңай шешім табудың жолдарын бүге-шүгесіне дейін талқылап, зерттейміз.

Басқару психологиясы пәні арқылы үйренгеніміз бойынша айтсақ, бiлiм бeру қызмeтiндe, eң aлдымeн бiлiмін жетілдіру пәндeрi бoйыншa сaпa мeнeджмeнт жүйeciнe өткiзу тexнoлoгияcы жүзeгe acaды. Яғни, бaсшылaрдың CМЖ-ны eндiру турaлы шeшiм қaбылдaулaры маңызды. Oл үшiн осы мәceлeге қатысты мәлiмeттeр жинaлып, cұрыптaлaды. SWOT aнaлиз жacaлады. Тұтынушылaр мeн қызығушылaр aнықтaлaды.

Кeлeci екінші кeзeңдe cтрaтeгиялық мaқcaт aнықтaлaды. Oл өз кeзeгiндe пeрcoнaлды бacқaру, бiлiм бeру прoцeciн бacқaру, рecурcтaрды бacқaру, мaркeтинг, ұйым құрылымы, өзгeрicтeр aрқылы бacқaру, құжaттaр aрқылы бacқaру тeтiктeрiнeн тұрaды.

Үшiншi кeзeктe мiндeттeрдi құру жәнe жүзeгe acыру жүрeдi. Coңғы кeзeң – нәтижeнi бaқылaу.

Кeз кeлгeн өндiрicтe, coнымeн қaтaр жоғары оқу орындарында, мектепте бacқaрушылaр өндiрicкe қaндaй көңiл бөлce, aдaмғa дa дәл coндaй көңiл бөлeдi. Өз кезегінде бұл оң нәтиже беріп келеді.

Басқару психологиясынан сабақ беретін мұғаліміміз Жубаназарова Назира ханымның кәсіби біліктілігі мен сабақ өту методикасы студенттердің сапалы білім алуына көп септігін тигізіп жатыр. Басқару психологиясы пәнін классик жазушы Сәбит Мұқановша айтсақ, «Өмір мектебі» деуге болады...

Жаңа оқу жылынан бергі бірнеше айдың ішінде басқару психологиясына қатысты көптеген тың мағлұматтарға қанық болдық. Маған, әсіресе, «Басқару жүйесіндегі тұлға» тақырыбындағы лекция ерекше әсер қалдырды. Лекция барысында «тұлға» түсінігі көп жақты екеніне көз жеткіздік. Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді.

Тұлға түсінігіне «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері жақын. А.Бодалеваның пайымдауынша біздің тұлғалық белгілеріміз басқа адамдарға қатынас жасаудың негізінде көрінеді.

Бұл жерде негізгі мінез қатарына белсенділік, яғни, өз қызметтеріміздің аумағын үлкейтуге тырысу, бағыттылық – себепердің, қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, сендірудің және әлеуметтік топтардың ортақ әрекеттеріне қатысу сияқты белгілер кіреді.

Басқару жүйесіндегі тұлғаның жіктелуі де өз алдына үлкен тақырып. Тұлғаның жіктелуінің 6 түрі бар. Осыған байланысты Э.Шпрангер әр тұлға белгілі бір қасиеттеріне байланысты 6 топтың біріне кіреді деп есептейді.

1. Теориялық адам. Теориялық адам мәселелерге, байланыс орнатуға және түсіндіруге мүмкіндік беретін сұрақтарға қатты қызығушылық танытады.

2. Экономикалық адам. Экономиқалық адам міндетті түрде өндіріспен байланысты адам емес. Жалпы алғанда эконмикалық адам дегеніміз бірінші орынға пайдалылықты қоятын адам.

3. Эстетикалық адам. Өнер туындысы эстетикалық әсерленуші жанда ғана пайда болады, ішкі дүниеде ғана өнер туындысы пайда болып, ішкі дүние ырғағынан әуен пайда болады.

4. Әлеуметтік адам. Әлеуметтік тәртіпке басқалардың өміріне араласу мен өзін бөтен сезіну сипатты. Басқа адам үшін өз өмірінен бас тарту әрекеті өмірінде басты қағидаға айналуы нәтижесінде әлеуметтік атына ие болған өмір сүрудің ерекше формасы махаббатқа байланысты. Ол өмір сүрудегі негізгі басты сезім болып қалуы мүмкін. Ол белгілі бір нәрселерге бағытталып өзінің бірінші қажеттілігін жоғалтпайды.

5. Саяси адам. Шпрангер саясатқа қатысы болмаса да басты құндылығы билік болып саналатын адамдарды саяси адамдар деп есептейді. Біреулер басшылыққа ұмтылып, басшы болғанда ғана өздерін жақсы сезінеді, ал кейбіреулері өзін басқаратын адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өмір сүрудің бұл түрі тұрмыс пен басқаға еліктеуден туады. Физикалық және жан дүниелік жаратылыстан басқа салт-дәстүрге берік адамдар да саяси адамдар қатарына жатады.

6. Діни адам. Діни адам дегеніміз рухани құрылымын толығымен құндылықтардың ең биігін сезінуге арнаған адам.

Басқару психологиясы пәнін оқу барысында болашақ өмірімізге қажетті практикаларды үйреніп жатырмыз. Тұлғаның жіктелуін білудің өзі өзіңді тануға үлкен септігін тигізеді. Қорыта келе айтарымыз, бұл пән әрбір адамның тұлғалық қасиеттерін танып, тұлға ретінде кемелдене түсуіне әсер ететін өте керекті пән. Осы курс аяқталғанша басқару психологиясы мен лидерлікке қатысты мол білім алатынымызға сенімдімін.



Жубаназарова Н.С.

Психология ғылымдарының кандидаты, профессор


Маратова А.Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2023
269
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі