Материалдар / БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада бастауыш мектеп оқушыларын жаңа технология негізінде оқыту түрлері баяндалған.Оқу үдерісіндегі оқушының танымдық және шығармашылық әрекетін жүзеге асыру үшін білім сапасын арттыруға, оқу уақытын тиімді пайдаланудағы жаңа технологиялардың маңыздылығы қарастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2022
239
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ

Шабетова Сымбат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі


Аннотация: Мақалада бастауыш мектеп оқушыларын жаңа технология негізінде оқыту түрлері баяндалған.Оқу үдерісіндегі оқушының танымдық және шығармашылық әрекетін жүзеге асыру үшін білім сапасын арттыруға, оқу уақытын тиімді пайдаланудағы жаңа технологиялардың маңыздылығы қарастырылған.

Тірек-сөздер: Жаңа технология, ақпараттық-коммуникациялық технология, жобалау технологиясы, ойын технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы.


Аннотация: В статье описаны виды обучения младших школьников на основе новых технологий.Значение новых технологий в повышении качества образования, эффективное использование учебного времени для реализации познавательной и творческой деятельности учащихся в процессе обучения.

Ключевые слова: Новые технологии, информационно-коммуникационные технологии, технологии проектирования, игровые технологии, технологии проблемного обучения.


Қазіргі уақыттағы білім беру саласында түбегейлі өзгерістер орын алуда. Екінші буын стандарттары мұғалімнің мектеп оқушыларының жалпы оқу іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған, оқушының таңдауы жағдайында және мұғалімнің жеке-бағдарланған технологияларды пайдалану кезінде оқушының белсенділігінің артқаны айқындалған.Технология-бұл белгіленген параметрлері бар өнімдерді алуға мүмкіндік беретін шикізатты түрлендіру әдістері мен процестерінің жиынтығы және реттілігі.Бұл әдіс-тәсілдер,қадамдар жүйесі олардың бірізділігі оқушы тұлғасын тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.

Мұғалімдердің алдында білім, білік, дағдыларды жинақтауға бағытталған дәстүрлі білім беруді баланың жеке тұлғасын дамыту үдерісіне айналдыру мәселесі тұрды.Оқу үдерісінде оқушының танымдық және шығармашылық әрекетін жүзеге асыру үшін білім сапасын арттыруға, оқу уақытын тиімді пайдалануға және уақытты қысқарту арқылы оқушылардың репродуктивті белсенділігінің үлесін азайтуға мүмкіндік беретін заманауи білім беру технологиялары сынып сабақ жүйесінде қолданылады.Заманауи білім беру технологиялары жас және білім деңгейіне қарамастан білім беру процесінің даралануына, қашықтығы мен вариативтілігіне, мектеп оқушыларының ұтқырлығына бағытталған.

Ақпараттық-коммуникациялық технология - бұл үлкен маңызға ие технология түрі.Өйткені бастауыш мектеп оқушылары ақпаратқа ие болуды, оны пайдалана білуіді,оның ішінен шешім қабылдау үшін қажет нәрсені таңдай білуді, ақпараттың барлық түрімен жұмыс істеуді меңгереді.

жобалық қызметтің технологиясы.

Жобалау технологиясы – оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, өз білімін өз бетінше құрастыруға, ақпараттық кеңістікте шарлауға, сыни және шығармашылық ойлауды дамытуға негізделген тұлғаға бағытталған технологиялардың бірі. Бұл технологияның өзектілігі әсіресе білім беру процесінің нәтижесі білімнің белгілі бір көлемі емес, алған білімін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу болып табылады.Жобалау технологиясы мақсаты:

  • Оқушылардың танымдық белсенділігін белсендіру.

  • Мектепті, балаларды және ата-аналарды бірлескен іс-шараларға біріктіру.

  • Баланың жеке басын дамыту.

Ойын технологиясы - педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.Дидактикалық ойындардың нәтижелі болуы, біріншіден, олардың жүйелі түрде қолданылуына, екіншіден, ойын бағдарламасының әдеттегі дидактикалық жаттығулармен ұштастыра мақсатқа сай болуына байланысты.

Ойын технологиясы оқу-тәрбие процесінің белгілі бір бөлігін қамтитын және жалпы мазмұнымен, сюжетімен, сипатымен біріктірілген тұтас білім ретінде құрылады. Сонымен бірге ойын сюжеті білім берудің негізгі мазмұнымен қатар дамып, оқу-тәрбие процесін белсендіруге, бірқатар тәрбиелік элементтерді бойына сіңіруге көмектеседі. Жеке ойындар мен элементтерден ойын технологияларын құрастыру – әрбір бастауыш сынып мұғалімінің мәселесі.

Проблемалық оқыту – мұғалім басшылығымен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

Оқу әрекетінің жоғары мотивациясы оқу процесінің жан-жақтылығымен де байланысты. Оқу-тәрбие үрдісіне оқушылардың іс-әрекетінің әр алуан түрлерін енгізу арқылы студенттер тұлғасының әр түрлі аспектілерінің дамуы байқалады.

4. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістерін, жүйе субъектілерінің өзара әрекеттесу сипатын, ең соңында олардың ойлауы мен деңгейін айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік беретін заманауи педагогикалық технологияларды оқып-үйренуге және меңгеруге көбірек көңіл бөлу қажет.


ПАЙДАНАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.
2. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.
3. Педагогика.
Педагогические теории, системы, технологии. Под ред. С.А.Смирнова. 3-е изд. - М.: Академия, 1999.
4. Хуторской А.В. Современная дидактика. - Спб: Питер, 2001.
5. Педагогика. - Алматы, 2003.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!